Тобық туралы ой маржандары

  

     


1. Өмір дүние сияқты дөңгелек емес, ол екі айналып келмейді.
2.Арам өмірден адал өлім артық! Ол – қасиетті өлім!
3.Өмірден жабысып айырылмайтындар тек қорқақтар ғана! Өмір үшін олар бәрін сатады. Жалғыз адамның өмірінен де жоғары нәрселер бар шығар дүниеде! Өмір сүрсең, соны ұмытпа!
4.Ақылдының алды ашық.
5.Ақыл дейтіннің өзі тау басына шығаратын баспалдақ сияқты нәрсе екен ғой.
6.Ой деген жай оты.
7.Адамда өмір қысқа, айуанда ақыл қысқа. Жаратқан ием де жандылардың ішіндегі ең асылы – адамға таудай ақыл беріп, орташа ғана өмір сыйлаған.
8.Адам екі  қырлы алмас сияқты.
9.Асылы еменді шыбық қылатын, шортанды шабақ қылатын да заман- ау.
10.Жақсының жақсылығы – дұрыс жолға түсуден. Жаман жаман болмайын демейді, жол таңдай алмай сорлайды.
11.Ер жігіт өзін ойламайды, елін ойлайды.
12Өлім- өлген адамға қиын емес, арттағы адамға қиын. Өлуші бір рет өледі, сенің шешең өз өліміне жеткенше мың рет өледі, әйелің он өледі.
13.Адам өмір сүріп, дені сау жүргенде өмірі өлмейтін сияқты көрінеді.
14.Тәуекелге бел байламаған адам өмірі ештеңе істей алмайды.
15.Бақыт бір орнында тұрмайды, ол ылғи алға жүріп отырса ғана бақыт баолып қала алады.
16.Ұзақ уақыт жақсы бола алған адам – бақыт иесі.
17.Ата жаумен шайқаста өлген де бақыт. Жер басып,айдың, күннің, өз аулыңның шуағында жүрген де бақыт. Бақытсыздық – жалғыздық.
18.Өмір деген бір ағын су.
19.Табиғат аясында жан – жануар, орман, көл, даланы сүйіп өскен адамнан пасықтық аз кездеседі.
20.Бар білінбей, жоқ жылатады.
21.Өмір алтың тұсауынан да қысқа.
22.Үйдей пәле келсе де тәуекел атпен қалады.
23.Жаман адам мен шірік ағаш сынғыш болады.
24.Байсыз ел жоқ, сасыз жер жоқ.
Байсыз мал жоқ, малсыз жан жоқ.
25.Қаптаған сел келсе де, қатты қарағай қалады,
Қаптаған жұт келсе де, қара бүркіт қалады.
26.Ағашқа жапырақ жарасады,
      Еркекке әйел жарасады.
27.Кім батыр болғысы келмейді, жүрегі дауалмайды,
Кім бақытты болғысы келмейді, құдайды қаламайды.
 28.Жас бүркіт бар тауда туып, таста өскен;
 Жас жүйрік бар, ойда туып қыр кешкен;

 Жас жігіт бар қырда туып,нұрда өскен.

Комментариев нет:

Отправить комментарий