Сырлы ақынның нұрлы жырлары

«Сырлы ақынның нұрлы жырлары» 
атты өзге ұлт жастары арасында өткізілген кештің сценарийі

                  Көрініс көрсету.( Ақынды сомдау)


 1-Жүргізуші: Қайырлы күн, қадірлі қонақтар !

2-Жүргізуші: Армысыздар, жыр сүйер талантты жастар !

 1-Жүргізуші: Сағындым Сағи аға, сырларыңды,
              Мөп-мөлдір нәзік сезім жырларыңды
              Аялап өсиетіңді есіме алдым,
              Аралап ауыл қала қырларыңды-демекші, бүгінгі бас қосуымызда қазыналы қазақ қазынасына ақ дариядай әдемі толқын, әуезді жыр қосқан талантты жерлесіміз Сағи Жиенбаевтың 80 жылдығына орай  «Сырлы ақынның нұрлы жырлары» атты өзге ұлт жастары арасында С.Жиенбаев атындағы  облыстық  жасөспірімдер кітапханасында өткізіліп отырған еске  алу   кешіне қош  келдіңіздер!

 Сіздердің  алдарыңызда Ақынның бейнесін сомдап, ақынның нәзік жырларынан үзінді  оқыған  ақынның  жерлесі  Байғанин ауданынан келіп отырған қонағымыз - Шаңдин Ерболат.   Байғанин ауданында  өткен «Сағидың сырлы саздары » атты шарада  бірінші орын алған -  жас ақын , «Шаттық» балабақшасының қызметкері.
2-Жүргізуші:  Бүгінгі күн, біздің кітапхана  үшін атаулы күн,
            Жерлес, лирик ақынымыз С.Жиенбаевтың туған күні.

                  Таң атса да қиырдан қылаң беріп,
                  Күн батса да қып-қызыл қыран болып.
                  Оймауытым, мөп-мөлдір аспан құсап,
                  Күндіз –түні  мен сені тұрам көріп!- деп жырлап өткен  ақынымыз  С.Жиенбаев 1934 жылы  15 мамырда Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Оймауыт ауылында дүние есігін ашқан.
Алматыдай гүл қалада саналы ғұмыр кешкен ,алпысқа толар таң бозында туған күні (15 мамыр) өмірден озған күніне айналған алты алаштың  аяулы ақыны Сағи Жиенбаевтың есімі әдебиет төрінен ойып орын алғаны даусыз.
Ақтөбе өңірінде дүниеге келген лирик ақын  С.Жиенбаев есімі  Ақтөбе облыстық жасөспірімдер кітапханасына берілді.Ақынның есімін иелену кітапхана үшін зор мәртебе болып табылады. Және қала көшесі, Байғанин ауданындағы  Оймауыт ауылының орта мектебі ақын есімімен аталады.


1-Жүргізуші:  Қазақ поэзиясына өзіндік қолдаңбасын  қалдырған жерлес ақынымыз Сағи Жиенбаевты еске алуға арналған  «Сырлы ақынның нұрлы жырлары» атты  кешіміздің  құрметті  қонақтарымен таныс болыңыздар:
1. Нәзира  Сарсембайқызы  Табылдинова- Ақтөбе облыстық  мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы
2.  Еркін  Жолмырзаұлы  Құрманбеков – Ақтөбе облысының  қоғамдық –саяси  кеңесі төрағасының  орынбасары , Қазақстан  Республикасының  Мәдениет қайраткері
1.  Ниетжан  Берікұлы  Беріков  – Қ. Жұбанов  атындағы  Ақтөбе өңірлік мемлекеттік  университетінің профессоры, ақынның ұстазы
2.  Зоя  Әбілғазықызы  Біралова – ардагер, ұстаз
1.  Орынбасар  Оразов – Халықаралық «Қазақ  тілі» ұйымы облыстық басқарма төрағасының орынбасары
2. Қайрат  Наганұлы  Сұлтаналин  – Облыстық  тілдерді  дамыту басқармасының  бөлім басшысы
1.  Ертай  Ахатұлы  Ашықбаев – ақын, Қазақстан  Жазушылар  Одағының  мүшесі, облыстық  «Ақтөбе»  газеті бас редакторының  орынбасары
2.  Мұхтар   Орынбасарұлы  Миров – Қ. Жұбанов  атындағы  Ақтөбе  өңірлік университетінің филология ғылымдарының  кандидаты
1.Кәдірбай  Бекмағамбетов -  Облыстық Ақтөбе газетінің  ардагер журналисті, «Қазақстанның құрметті журналисті»
2. Сағым Досымқызы  Қауымбаева - С.Жиенбаев атындағы облыстық  жасөспірімдер кітапханасында 40 жылдан аса ең бек етіп, басшылық кызметін атқарған кітапхана ардагері
1.  Батан  Отарбаева- ақынның  нағашы апасы, «Батыр ана» ,«Баспасөз ісінің үздігі»
2. Дүйсенбай Досжанов – ақынның нағашы інісі
1.  Жақсылық Айжанов – Қазақстан жазушылар одағының мүшесі
2. Жақсығали Жұмалиұлы Аманқұлов – Т.Ахтанов атындағы кітап дүкенінің  директоры
1. Гүлсамал Төрединқызы Аймаханова – ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі  
2. Мәдениет ,өнер саласындағы  қызметкерлер шақырылып, Қаланың барлық  жоғары  және арнаулы  оқу орындарының студенттері қатысып отыр.

 Дүйсенғали   Мейрам Нұрланұлы -  Облыстық өлкетану музейінің директоры
 Нұрлыбек  Амандаулетұлы  Қалауов – ҚР  Журналистер  одағының  мүшесі, «Жас айтыскер»  мектебінің жетекшісі, Ақтөбе облыстық  зағиптар және нашар көретін  азаматтардың арнаулы кітапханасының  директоры
 Несібелі Сағымбайқызы   – С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап- ғылыми  кітапханасының директоры
 Бақтыгүл Амангелдіқызы  -  Н.Байғанин атындағы  облыстық балалар кітапханасының   директоры

 Марат Төлебайұлы – С. Жиенбаев атындағы  облыстық  жасөспірімдер  кітапханасының  директоры.


2-Жүргізуші: Майсалы самал сайларда,
             Майыса есіп , майда леп
             Сайрайды бозторғайлар да
          Сағидай жырлау қайда?! -деп Есенбай ағамыз жырлағандай, Сағидай жырлай алмаса да Абайша айтқанда «Болмаса да ұқсап бақ» дегендей,  бүгінгі «Сағи оқуларына» қатысып отырған  өзге ұлт жастарын
ортаға шақырамыз.
                  

        Қ.Жұбанов атындағы  Ақтөбе өңірлік университеті
 
1   Куранова Александра Юрьевна  ( орыс)        -  «Ұстазға хат»
2  Фесич Кристина Александровна (украин)     - «Көктем»
3  Молкуц Ирина Владимировна (орыс)            - «Бақытым менің»

       Ә.Молдағұлова атындағы Ақтөбе гуманитарлық  колледж
4    Цибульская Анастасия  (орыс)                       - «Қайырлы таң»                                     5    Ширяева Тамара (орыс)                                  - «     »
         А.Жұбанов атындағы музыкалық колледжі
6   Царуш Валерия (орыс)                                   
7  Валынец Кристина  (орыс)                           
         Ақтөбе көлік және коммуникациялар  колледжі
8  Юдина Мария (орыс)                                   - «Әженің арқасы»                                   
9  Островский Артем (орыс)                           - «Бір адамға»                                       
10 Тәжібаев Байрам (қарақалпақ)                    - «Күткен күн»
           Ақтөбе кооперативтік колледжі
11 Файзирахман Зухра (өзбек)                                     12 Гусейн Зарина (иран)           -«Әйел бақыты»,    «Домбыра»
            Ақтөбе мұнай және газ колледжі
13  Михайлина Надежда (орыс)  -«Әр жүректе бар ғой ыстық бір арман»                
14  Фахртдинов Роман (татар)    -«Көктемнің балғын кезі еді»
            Ақтөбе техникалық колледжі
15  Стрельцова  Камила Сергеевна (орыс)       - «             »
            Көпсалалы  «Болашақ» колледжі
16   Хабибуллина  Эльвира (татар) - « Әр жүректе бар ғой ыстық бір арман» 
              Ақтөбе  байланыс және  электротехника колледжі
17  Минжирян  Людмила  (болгар-орыс)  -  
            Ақтөбе  құрылыс-монтаж   колледжі
18  Сюрченко Максим (орыс)               
 19  Малоиван  Станислав Булатович                  
20  Ахмадалиев Сулейман (өзбек)             -   

            Ақтөбе Автожол  колледжі
21  Цымбалюк (орыс)  - «Ақ жаңбыр»

1-Жүргізуші:  Ардағым,арман қуып мен кеткелі
              Қанша рет Көктем келіп, жер көктеді?!
              Бір кезде бөбегім деп тербетіп ең,
              Келесің әлі күнге тербеп мені


2- жүргізуші: ...Иә, қазақ аңсап,нәзік сезімді,қайырымды азамат, поэзия  зергері және ақындардың   әлденеше буынының ұстазы.
С.Жиенбаев поэзиясының тәрбиелік мәні зор. Онда туған жерді қастерлеу,Отанды сүю,еңбекке баулу, адамгершілік , табиғат әсемдігін сезіне білу т.б. түрлі алуан тақырыптарға жазған өлеңдері жыр болып шашылған.

 Алғашқы сөз  Ақтөбе облыстық  мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы орынбасары - Ермұхан Қыдырғали Мұхитұлына сөз беріледі.






 (Ақынның өлеңін оқитын жастарға сәт- сапар тілеп сахнадан  шығуына рұқсат берейік)

1-Жүргізуші: О, туған жер, барымның
             Сәттілері сенікі
             Балы болса жанымның,
             Тәттілері сенікі
             Жүрегімде жыр болса,
             Наздылары сенікі.
             Көкейімде күй болса,
             Саздылары сенікі,- деп  жырлап кеткен
  Сағи ақынның 80 жылдық мерей тойына орай   Облыстық Мәдениет басқармасының  қолдауымен  кітапхана ұжымы ақынның 120 –дан аса өлеңі енгізілген «Әнге айналған Сағи өлеңдері» атты  ән жинақтарын  жасап, ән сүйер қауымға ұсынып отыр. Сағидың сырлы өлеңдері Н.Тілендиев, Е.Хасанғалиев, Дүңгенбай Ботбаев, Әсет Бейсеуов,Досхан Жолжақсынов сынды ұлы сазгерлердің әнімен әрлені ән қанатында әуеледі. Ақынның 80 жылдық мерей тойына орай « Өлең кернеп барады  жүрегімде»   атты өлең кітапшаларын және поэзия сүйер жастар мен кітапханамыздың «Ақ қауырсын»  клубының мүшелері жанды дауыста ақынның 80 өлеңін дискіге енгізді. Сағи Жиенбаевтың өнегелі өмірі мен өшпес өлеңі туралы зиялы  қауымның пікір -әңгімелері тыңдалып  «Өмірі жырға толы – Сағи ақын» атты  сұхбат-деректі фильм түсірілді.  Кеш барысында өздеріңіз тамашаладыңыздар.

2- жүргізуші: С.Жиенбаевтың 80 жылдық мерей тойына орай облыстық көлемде түрлі шаралар өткізілуде. Ақынның туған жері Байғанин топырағында бастау алған шаралар облыстың барлық  мәдени ошақтарында  өз жалғасын тауып жатыр. Соның бірі ақынның есімі берілген Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы ақынның 80 жылдық мерей тойымен орайласа келген Кітапхананың 35 жылдығын тойлағалы отыр. Сонымен қатар «Сағи жыры санамызда тұр сайрап...» атты облыстық жас ақындар мүшайрасын өткізбек. Мүшайраның мақсаты С.Жиенбаевтың есімін жас ұрпаққа ұғындыру және дарынды жастардың шеберлігін шыңдап өлеңге деген ынтасын ояту. Сонымен қоса аудандық кітапханалармен бірлесе облыстық  интернет-конференциялар, дәстүрлі және виртуалды кітап көрмелері көптеп өтіп жатыр және әлі де жалғасын табары сөзсіз.
1-Жүргізуші: Жаныңда жүрсе жанына қанат бітіретін,  еңбегін жемісті  ететін - ол өмірлік жары,

Ендеше  ақын Сағи Жиенбаевтың зайыбы Өзипа апайдың құттықтау сөзін тыңдасақ.    (Саламатсыз ба ,Өзипа апай. Қазақтың сыршыл лирик ақыны  Сағи Жиенбаевтың туғанына биыл 80 жыл толып отыр.  Туған жері ақынды еске алып ,80 жылдығын облыстық   көлемде  кеңінен атап өтуде.Бүгін міне қонақта Сағи ақынды  еске алып, туыстары,  көз көрген  қаламдас  достары, соңынан ерген қаламызға белгілі ақын- жазушылар, мәдениет , қоғам қайраткерлері, ұстазы ,Сағиды сүйіп оқитын  оқырмандар жиналып отыр.
2-жүргізуші: С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен,   Ақтөбе  облыстық  мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының  қолдауымен  «Сырлы ақынның нұрлы жырлары» атты өзге ұлт жастары арасында  кеш өткізіліп отырмыз.Осы кешке   қатысып отырған жастарымызға,  өлең сүйер қауымға айтар  тілегіңізбен,  аналық батаңызды  жеткізсеңіз дейміз.


1-жүргізуші: Ән: Алматы  қаласынан  хабарласып отырған ақынның зайыбы Өзипа апайдың құрметіне Сағи ағаның сөзіне жазылған , «Анашым»  әнін қабыл алыңыздар.   Орындайтын  Т.Ахтанов атындағы  облыстық  драма  театрының  актрисасы  Айнагүл  Өзбекқызы  Өлмесекова



2- Жүргізуші: Ақын Сағи Жиенбаевтың  жауһар жырлары  әр жылдары «Қарлығаш», «Сыйлық», «Дала гүлі», «Теңіз сыры», «Таң алдында», «Менің көршім», «Қайырлы таң», «Ақ толқын», « Ор киік», «Алтын қалам», «Оймауыт», «Ақ самал», «Құралай салқыны», «Бозторғай», «Нан мен тұз», «Жарық жұлдыздар», «Жер құдыреті» атты жинақтары арқылы қазақтың кең даласына жылы сәулелерін таратты.Ал таңдамалы өлеңдері мен поэмалары «Жадымдасың жас күнім», «Іңкәр дүние» және үш томдық таңдамалы шығармалар  жинағына топтастырылды.
Өлеңдеріне қазақ композиторлары  көптеген ән шығарған  ақын көрнекті қазақ композиторы  Ғазиза Жұбанованың «Еңлік-Кебек» және композитор Базарбай Жұманиязовтың Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған «Махамбет» операларының либреттоларын жазды.
Ақын 1994 жылы 15 мамырда 60 жасқа толған күні, дәл өзінің туған күнінде дүниеден өтті.

2-жүргізуші: 2000 жылы «Мәдениетті қолдау жылында» сол кездегі облыстық мәдениет басқармасының бастығы болған Еркін Жолмырзаұлы Құрманбеков ағамыз кітапханамызға үлкен қолдау көрсетіп, біздің ұжымның дәрежесін көтерді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 ж. 16 ақпан №257 қаулысымен Ақтөбе өңірінде дүниеге келген лирик ақын С.Жиенбаевтың есімі біздің кітапханамызға берілді
Сөз кезегін  Ақтөбе облысының  қоғамдық –саяси  кеңесі төрағасының  орынбасары , Қазақстан  Республикасының  Мәдениет қайраткері - Еркін  Жолмырзаұлы  Құрманбековке  береміз

1- Жүргізуші:  Сағи Жиенбаев өз тұстары  Қадыр Мырзалиев,  Тұманбай Молдағалиев секілді өмірде де, өлеңде де ерте есейген ұрпақтың өкілі.Сол  ұрпақтағы  поэзия әлемінде көрінген жас ақындарға көңіл  аударған    ұлы  жазушы  Мұхтар  Әуезов ризашылықпен «Сағи Жиенбаевтың бірқатар өлеңдерін  оқыдым. Оларда толып жатқан образ, көпшілікке ортақ шындық  бар, біртүрлі  еліктіретін,  сүйсіндіретін, оқушыға бас  игізетін  соншалық  шыншылдық  бар...- поэзияға керек нәрсе осы шыншылдық  деп бағалаған.

2 –жүргізуші: Ендігі кезекті сөзді  «Ұстазсыз шәкірт тұл» деп ұлы ғұламаларымыз айтқандай, ақынның ұстазы, Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры Ниетжан Берікұлына

1-жүргізуші:  және студент атанып, төрт жыл бойы бірге оқыған  группаласы  ардагер ұстаз Зоя  Әбілғазықызы  Біралова апайға  береміз

2- Жүргізуші: Туған далам,                                                                                                                                                                                      Сенің  аппақ көп құсың                                                                                                              Кең дүниенің шарлап-сүзіп кетті ішін...                                                                                            Бір жарқ етіп түспедім ғой көзіңе                                                                                                  Мені ұмытып бара жатқан жоқпысың?!- деп ақын жырлағандай, еске алу, ақын өлеңдерін насихаттау, бүгінгі кешке жиналған зиялы қауымның, туыстар мен достардың, көз көрген  аға-апаларымыздың ,  жастардың парызы деп білеміз.
Сонымен қатар кең байтақ еліміз Тәуелсіз  Қазақстанда мекендеп отырған өзге ұлт өкілдері де лирик ақын Сағидың өлеңдерін оқып, зерделеріне тоқуда. Осының  куәсі бүгінгі кеште өзге ұлт жастары оқитын,  Сағи  ақынның  ақ қауырсынынан  туындаған  өлең  жолдарын   тыңдасақ. 
Өлең оқитындар:         1-топ ( 6-оқушы)

1-Жүргізуші: 
Ән: Ақиық ақын М.Мақатаев  «Сағидың поэзиясы – мен үшін жез қоңырау. Бірде-бір артық сөз жоқ ,бірде-бір тәртіпсіз буыны жоқ, артық өлшем, жетпей жығылу, дегендерді іздесе таптырмайтын Сағи поэзиясы сол жез қоңырауды елестетеді»- деген екен. Бұған бүгін өздеріңізде куә болып отырсыздар!!!
Бұлдырап кеткен сағымдай
Еске алып сонау шақтарды.
Аттарын атап жаңылмай
Түгендеп шығам қарттарды- деп ақын сөзімен айтқанда , ел-халқының жүрегінен орын алған сүйіп айтатын Сағидың сөзіне жазылған                  «Ауыл қарттары» әнін  Облыстық халық шығармашылық үйінің әншісі Куанышгүл Серікбаеваның   орындауында тыңдаңыздар !!!


2-Жүргізуші:   Бой бермей, ой кернеп  мазалы өлең                                                                                                  Шығады сол жүректен таза деген.
                                                                                 Ақ маңдайын сәулелі айға сүйеп,                                  Шабыттанып ақындар жазады өлең - деп  қазіргі таңда ақындардың өлеңін  оқымайтын жастар кемде-кем. Бүгін міне, лирик ақынның кешіне арнайы келген бүлдіршіндеріміз де  бар. Сіздердің  құрметтеріңізге сырлы ақынның  жырларын жатқа  оқиды. №50 орта мектептің  мектепке дейінгі дайындық тобының оқушысы  Мәулітшәріп   Әсем мен   №2 орта мектеп гимназиясының  3 класс оқушысы  Мәулітшәріп  Әнелді  ортаға шақырамыз. Сағи Жиенбаевтың  «Ана қолы», «Бақыт», «Қазақстан» , «Достарым» өлеңдерін сіздердің  назарларыңызға   ұсынады.
1-Жүргізуші: Сағидың  лирикасының  үлкен  кейіпкері – қазақтың құба даласы, оның ішінде өзі туған жер Ақтөбе, Үстірт, Жем өзенінің бойы. Өйткені ол  ең күшті, ең  әдемі  жырлары  қайран  жадау, жетім, қызықсыз өткен балалық, соғыстың  ауыр жылдарына арналған. Ол жылдар,әрине, сол  туған жерінде өткен.

Ендеше келесі сөз кезегін  Халықаралық  «Қазақ  тілі»  ұйымы  облыстық басқарма төрағасының орынбасары  -  Орынбасар  Оразов

2-Жүргізуші:    Есіңде...
               Ұлын бесіктен
               Шығарған күні есінде,
               Ұлының
                аттап есіктен...
               Қуанған күні есінде –деп жырлаған ақын өлеңдеріне тағы да  кезек берелік.

Өлең оқу:    2-топ  (5-оқушы)

1- Жүргізуші:«Аққу қонып ауылдың іргесіне                                                                                                  Түсіреді аяулы күнді есіңе                                                                                                          Сағи аға көрген түс лайық-ақ                                                                                                       Таласуға «Оскардың жүлдесіне» - деп  ақын Сағиға  Оскар жүлдесін алуға лайық деп бағалаған  ақын Ертай  Ахатұлы  Ашықбаевқа
2-жүргізуші  және  Қ. Жұбанов  атындағы  Ақтөбе  өңірлік университетінің филология ғылымдарының  кандидаты   Мұхтар   Орынбасарұлы  Мировқа сөз кезегін береміз.

  

1-Жүргізуші: Жасыл дала,
             Жетелеп белес қырға,
             Толтырады кеудеңді өлмес жырға,
             Көк сағымның ішінде-
             Көгілдір тау
             Аспандап тұр алдында-
 дербес Тұлға- деп ақын Бақтыкерей Ысқақов жырлағандай Сағи ақынның сырлы да назды өлеңдеріне  тағы да кезек берсек.  



Өлең оқу:       3-топ  ( 5- оқушы)

                                    
2-Жүргізуші: Қазақта «Үйдің жақсы болмағы ағашынан, жігіттің жақсы болмағы нағашыдан» деген мәтел бар. Ендігі сөз Облысқа танымал «Батыр ана», «Баспасөз ісінің үздігі», Сағидың нағашы апасы Батан Отарбаева мен   
осы кештің сыйлы қонақтарының бірі  Облыстық Ақтөбе газетінің  ардагер журналисті, «Қазақстанның құрметті журналисті»  -  Кәдірбай  Бекмағамбетовке  беріледі.



1-Жүргізуші: Мол өнеге,ұрпаққа мол дәрісін
             Қанаттандыр, қатайтып, қолдан ұшыр.
             Саған алғыстың шегі де жоқ,
             Әрбірінің азамат болғаны үшін,- дей келе кезекті ақын өлеңдерін оқуға жастарды ортаға шақырайық.
Өлең оқу:   4- топ ( 5-оқушы)

2-Жүргізуші: С.Жиенбаев атындағы кітапханасында 40 жылдан аса ең бек етіп, басшылық кызметін  атқарған  кітапхана  ардагері   Каумбаева Сағым Досымқызына беріледі

1- Жүргізуші:  «С.Жиенбаев – лирик. Өлеңді қадір тұтатын қауым Сағи лирикасын неге жақсы көреді?  Өйткені өмір бар ол өлеңдерде. Ыстығы  мен  суығы, кермегі мен тәттісі қым- қуат араласып, астасып жатқан дүнияуи өмір. Ол өлеңдердің авторында сол шындықтың бір тамшысын қалдырмай өз көкірегіне толтырып, сосын дос көкірегіне қайта құйып беретін адал сезімталдық бар», - деп өзі де сезімталдықпен сыр шерткен Қуандық Шаңғытбаев пікірі көпшілік көкейіндегі ой болса керек-ті.
Сөз кезегі     Қазақстан жазушылар одағының мүшесі -Жақсылық  Айжанов қа,  ақын, Қазақстан  Жазушылар одағының  мүшесі  Гүлсамал  Төрединқызы Аймахановаға беріледі.

2-Жүргізуші: «Ақынның әрбір өлеңі ашық хат – елге ғашық хат»,-деп Есенбай ақын жырлағандай Сағи шығармашылығы әдебиетіміздің алтын қорына еніп, халық жүрегінен мәңгілік орын алып келеді және ала бермек.

Ендеше келесі сөз кезегін :Кітапхана директорларына  ұсынамыз. ҚР  Журналистер  одағының  мүшесі, «Жас айтыскер»  мектебінің жетекшісі, Ақтөбе облыстық  зағиптар және нашар көретін  азаматтардың арнаулы кітапханасының  директоры -Нұрлыбек  Амандаулетұлы  Қалауовқа – Сақтаған  Бәйішев атындағы облыстық әмбебап- ғылыми  кітапханасының директоры   -  Несібелі Сағымбайқызына,  Нұрпейіс  Байғанин атындағы  облыстық балалар кітапханасының   директоры - Бақтыгүл Амангелдіқызына береміз.

Ән:Шаттығын  әнге қосып әр      үйіңнің,                                                                                               Тербеткен тал бесігін   сәбиіңнің,                                                                                                  Сәл ғана жел жұқартып, күн  шарпыған,                                                                                               Өзіңнің  сол баяғы Сағиыңмын,-дей келе  ақынның сөзіне жазылған тамаша әнге кезек берсек. Облыстық халық шығармашылық үйінің әншісі Куанышгүл Серікбаеваның орындауында   «Туған жер»  (Қошемет көрсетіп отырайық)
1-Жүргізуші:
   Кітапхана- кітап қоры  кешені,                                                                                                                                                                        Ерен істер атқарылды еселі.                                                                                                        Ғұламалар мұрасының мәңгі орны,                                                                                                    Ой еңбектің қасиетті мекені,- дегендей сөз кезегі  С.Жиенбаев атындағы   облыстық  жасөспірімдер кітапханасының директоры Төлебай   Марат  Төлебайұлына беріледі.



   2-Жүргізуші: Сағи Жиенбаевтың қазақ әдебиетін дамытудағы үлкен еңбегі атаусыз қалған жоқ. Қазақстан Республикасы жоғары шешімнің Құрмет грамотасымен, басқа да үкімет наградаларымен марапатталды.
Марапаттау демекші, бүгінгі кеште Сағи өлеңдерін бар ынтасымен оқып, белсенділік көрсетіп, жыр додасына қатысқан өзге ұлт жастарын   марапаттау сәтіде келіп жеткен сияқты.
марапаттау құрметі беріледі.  



             


             (Сахна сыртынан «Ауыл қарттары» әні естіліп тұрады)

1-Жүргізуші: Алтын қаламды ақын,зерделі сөздің зергері С.Жиенбаевтың жырлары бізбен бірге оянды, бүгін сіздермен тыңдаған жырлары, шырқалған әндері уақыт озған сайын, ұрпақтар толқыны жаңарған сайын, баршамыздың жадымызда мәңгі жаңғырады.                                                                                                                
2-жүргізуші:  Армысың,ақ бесігім,аяулы    елім,                                                                                                                                                                    Сан жылғы  сағынышым, саям    менің.                              Алдымнан гүл құшақтап, алып-      ұшып                           Шықтың-ау, сайын далам, самал  белім.                             Шаттығын әнге  қосып, әр    үйіңнің.                              Тербеткен тал бесігін сәбиіңнің.                                                                                                   Сәл ғана  жел  жұқартып, күн  шарпыған,                           Өзіңнің сол  баяғы Сағиыңмын  -деп ақынның өлең жолдарымен бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.                                                                                                         
1-Жүргізуші: Бүгінгі кешке қатысып, ақынның сыршыл поэзиясын тыңдарман жыр сүйер қауымның жүрегіне жеткізе білген талантты жастарымыздың қатары көбейе бергей деп тілейміз.  Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!!!


2-Жүргізуші: Амандықпен жүздескенше сау-саламатта болыңыздар!                                             (Естелікке фотоға түсуге шақыру)


                     













5 қараша сағат  11-00,« Ақтөбе қаласындағы азаматтарды қорғау» орталығы.



« Даланың сыршыл жүрегі» 
80 жылдығына арналған (мүмкіндігі шектеулі оқырмандар арасында)

  Бүгінгі бас қосуымызда қазыналы қазақ қазынасына ақ дариядай әдемі толқын, әуезді жыр қосқан талантты жерлесіміз қазақ поэзиясына өзіндік қолтаңбасын  қалдырған жерлес ақынымыз Сағи Жиенбаевтың    80 жылдығына орай «Даланың сыршыл жүрегі» атты өткізгелі отырмыз.
 


Таң атса да қиырдан қылаң беріп,
                 Күн батса да қып-қызыл қыран болып.
                 Оймауытым, мөп-мөлдір аспан құсап,
              Күндіз –түні  мен сені тұрам көріп!- деп жырлап өткен  қазақ ақыны, нәзік сезімді,  қайырымды азамат, поэзия зергері және ақындардың әлденеше буынының ұстазы – Сағи Жиенбаев 1934 жылы 15 мамырда Ақтөбе облысының Байғанин ауданындағы Оймауыт ауылында дүние есігін ашқан.
        Балалық шағы Ұлы Отан соғысы кезіне сәйкес келген Сағи небәрі 7 жаста болған. Оның әкесі қуғын-сүргіннің құрбаны болып, үш жасында әкеден жетім қалып анасының тәрбиесінде өскен. Әкесінің есімі Жиенбай, шешесінің есімі Жібек болған. Олардың төрт баласы болған. Атажан, Жұмажан, Сағи, Ажар.Сағидың анасы Қарақалпақстанға кетіп, Атажанның қолында болады және сол жақта қайтыс болады. Сағи «Біз екеуміз» деген өлеңін осы ағасына арнаған. Оның әкесі 1901 жылы туылған, 1937 жылы 29 тамызда ату жазасына кесілді. Елбасының жарлығымен 1993 жылы 14 сәуірде ақталды. Сағи әкесінің ақталғанын білмей кетті. Ал Сағидың өзінің  4 баласы бар: Қарлығаш, Гүлнар, Ақмарал, Ақан.

      1955 жылдан Гоголь атындағы Қызылорда педагогика институтын бітіргеннен кейін Жезқазған қаласының 10 орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ берді.
    1956 жылдан әдеби қызметке ауысып «Қазақ әдебиеті», «Қазақстан пионері» газеттері мен «Жұлдыз», «Мәдениет және тұрмыс» журналының редакцияларында істеді. Ұзақ жылдар бойы «Жазушы» баспасының поэзия редакциясын басқарды. Соңғы жылдары «Ақ Орда» журналының бас редакторы болды.
      Сағи Жиенбаев көптеген жыр кітаптарының авторы. Оның алғашқы «Қарлығаш» атты өлеңдер жинағы, 1959 жылы жарық көріп, қалың оқырманды ақындық нәзік ерекше тынысымен баурап алды.
         Өз тұстары Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев секілді Сағи өмірде де, өлеңде де ерте есейген ұрпақтың өкілі.  Сол ұрпақтағы поэзия әлемінде көрінген жас ақындарға көңіл аударған ұлы жазушы М.Әуезов ризашылықпен «Сағи Жиенбаевтың бірқатар өлеңдерін оқыды. Оларда толып жатқан образ, көп шындық, көпшілікке ортақ шындық бар,бір түрлі еліктіретін, сүйсіндіретін, оқушыға бас игізетін соншалық шындық пен бетке ыстық демі сезіліп кеткендей көрінетін шындық бар...- поэзияға керек нәрсе – осы  шыншылдық» - деп бағалаған. Ата жазушының ақ батасындай осы сөз Сағидың ақындығына халықтың үміт сенімін арттыра түскендей болды.
     Ақын қазақ поэзиясының екінші тынысы ашылған  60-жылдары жыр додасының дулы ортасында болды. Ойып тұрып өз орнын белгіледі. Сезімтал лириканың сирек құбылыстарының біріне айналды. Қазақ поэзиясын Сағи лирикасынсыз елестету мүмкін болмай қалды.
    Ақын соғыс жылдарына арналған өлеңдері қазіргі Одақ көлемінде поэзиямыздың үздік үлгілерінің сапында. «Сыртта боран ұлып тұр», «Оң аяқ», «Боран», «Күткен күн», «Медаль», «Әйелдер», «Жеңістің тұңғыш таңы бұл» - сияқты өлеңдері- көзіне жас,ерніне күлкі шақыратын, өзегіне от тастап,кеудеңді тұңғиық мерей рақатқа бөлейтін озық туындылар. 
    
 «Тарту», «Дала  гүлі»,  «Теңіз  сыры», «Таң алдында», «Қайырлы   таң», «Ақ толқын», «Киік», «Есімде   сол бір көктем», «Әлия», «Гүлдәурен», «Оймауытым», «Бозторғай», «Іңкәр  дүние»  және  басқа   өмір   туралы, табиғат туралы, өмірдің  өткелең өрісі туралы ой-толғауларға  толы өлең кітаптары  оқырмандардың   ыстық ықыласына бөленді.                                                                        
    Өзінің 40 жылдық шығармашылық қызметінде Сағи Жиенбаев айрықша ақындық үнімен танылды. Дүние   құбылыстарын   барынша   шебер   дәрежесіне   көтерген   ол   30-дан астам өлеңдер мен поэмалар кітабының  авторы.  «Қарлығаш» (1959), «Дала гүлі»  (1959), «Сырлы   теңіз» (1969), «Алтын қалам» (1969), «Оймауытым» (1975),«Құралай   салқыны» (1979), «Ақсақал», (1979), «Бозторғай» (1981), «Жарық жұлдыз» (1983), «Іңкәр дүние» (1983),  «Нан  мен  тұз» (1986) т.б.
ып орын алғаны даусыз.
О, туған жер, барымның
Сәттілері   сенікі
Балы  болса жанымның,
Тәттілері  сенікі
Жүрегімде  жыр болса,
Наздылары сенікі.
Көкейімде күй болса,
Саздылары  сенікі.                                                                  
       Сағи Жиенбаевтың поэзиясының тәрбиелік мәні зор. Онда жерді қастерлеу, отанды сүю, еңбекке баулу, адамгершілік, табиғат әсемдігін сезіне білу т.б. алуан түрлі тақырыптарғажазылған өлеңдері ән  болып  төгілген, жыр болып шашылған.
       Ақынның  өзіндік бір қырларымен көзге түсетін, көзіңе жас, көңіліңе мейірім ұялататын бір өлеңі – «Әйелдер». Қазіргі аналар, аяулы әжелер Ұлы Отан соғысы басталғанда майданға әкесін, ағасын, бауырын, жарын шығарып салған бойжеткендер мен келіншектер олар  қандай  жыр-дастандарға да арқау болуға лайықты адамдар.  
       Сағи Жиенбаев  поэзиясының  айтулы  қасиеті–Отанға,туған жерге, биік адамдық атқа деген нәзік те асқақ сезімінде.
      Ақынның  ең  таңдаулы  өлеңдері  музыка  тілінде де сөйлеп,халық арасында кең тарап кетті.«Қарттарым аман  сау  жүрші»,«Ана»,«Елімменің»,
«Бейбітшілік  жыры», «Ашық аспан»,«Ауылазаматтары»,«Таң  бұлбұлы», «Соғыс   ардагерлері», «Қайдасың сен», «Дәурен –ай» т.б. өлеңдері.
«Еңлік-Кебек»,«Махамбет», «Боранды Едіге»либреттосының авторы  Сағи   Жиенбаев   әлем  поэзиясының   аудармашысы   ретінде жемісті  еңбек етті.      Оның  аудармасында   Байронның,  Пушкиннің,   Турманияның,  Лермонтовтың  және  басқа  әлем   әдебиеті  классиктерінің   өлмес  туындылары  қазақ  тілінде тамаша  сөйледі.
Сағи   сазы – бұл  қазақ   лирикасындағы   айрықша   нұрлы,  сырлы   саз.  Ол  дауыс, ол саз   уақыт озған сайын қоғам, ұрпақтар толқыны   жаңарған сайын қалың  қоғамға   жаңа   сәнмен жаңара  береді.  
Сағидың  лирикасының  үлкен  кейіпкері – қазақтың құба даласы, оның ішінде өзі туған жер Ақтөбе, Үстірт, Жем өзенінің бойы. Өйткені ол  ең күшті, ең  әдемі  жырлары  қайран  жадау, жетім, қызықсыз өткен балалық, соғыстың  ауыр жылдарына арналған. Ол жылдар,әрине, сол  туған жерінде өткен.
2000 жылы «Мәдениетті қолдау жылында» сол кездегі облыстық мәдениет басқармасының бастығы болған Еркін Жолмырзаұлы Құрманбеков ағамыз кітапханамызға үлкен қолдау көрсетіп, біздің ұжымның дәрежесін көтерді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 ж. 16 ақпан №257 қаулысымен Ақтөбе өңірінде дүниеге келген лирик ақын С.Жиенбаевтың есімі біздің кітапханамызға берілді және қала көшесі, Байғанин ауданындағы Оймауыт ауылының орта мектебі ақын есімімен аталады.

С.Жиенбаев   қазақ  әдебиетін  дамытудағы  үлкен   еңбегі   Қазақстан  Республикасы Жоғарғы  Кеңесінің  Құрмет грамотасымен,басқа  да   үкімет   наградаларымен   марапатталған.      
        
Білмеймін,таныс дауыстан
Аңсайма далам елжіреп,
Сағына күтіп алыстан.
Сағидың даусы келді деп- толғаған ақын 1994 жылы 15 мамырда 61 жасында, дәл өзінің туған күнінде кенеттен қайтыс болды.   








9 комментариев:

  1. Thank you, I’ve recently been searching for information about this subject for a long time and yours is the best I have found out so far. avira-antivirus-pro-crack

    ОтветитьУдалить
  2. Speedify Crack Such a nice and helpful piece of information. I’m so happy that you shared this helpful information with us. Please keep us up to date like this. Thanks for sharing. Visit My site

    ОтветитьУдалить
  3. Acronis True Image 2022 Crack is a splendid program; you want to save a duplicate to the right area, as it will naturally make a duplicate on a timetable or at the suitable time, and in this area, you presently don't have to stress over whether or not you have a new duplicate… Among different things, the hunt framework has been improved; you can now effectively look for the records you really want in the document and view them rapidly. Besides, Acronis True Image would now be able to work with more natural ZIP designs notwithstanding its filing design, which might seem, by all accounts, to be a huge improvement to many. Many individuals have seen that the UI has likewise changed fundamentally; it will be more helpful and wonderful to work with.

    ОтветитьУдалить
  4. It's fascinating to visit this website and read all of your friends' opinions.
    While I am interested in the subject of this piece of writing, I am also excited to
    acquire familiarity
    whatsapp for pc crack
    driver toolkit crack activation key
    appspotify crack
    tuxera ntfs crack

    ОтветитьУдалить
  5. This knowledge, I believe, is crucial.
    For my own benefit. In addition, I'm grateful to have had the opportunity to read your piece.
    However, you'd want to highlight a few commonalities. :D I love the style of the website, and the contents are excellent.
    Hooray for fun!
    abbyy finereader crack
    avira phantom vpn crack
    easeus data recovery wizard crack

    ОтветитьУдалить
  6. I am very thankful for the effort put on by you, to help us, Thank you so much for the post it is very helpful, keep posting such type of Article.
    Nikon Camera Control Crack
    Anvsoft Syncios Crack

    ОтветитьУдалить
  7. RESIDENT EVIL VILLAGE CRACK is using its capacity with Capcom’s in-residence RE Engine to convey a sincerely reducing facet staying power frightfulness enjoy to PS5.
    Sophos Home Crack It is built on the highly regarded technology that improves IT experts, to safeguard their business’s security.
    Jurassic World Evolution Crack is one of the most popular Business Simulation games.
    Miracle Box crack is a straightforward and handy tool that works on Windows PCs

    ОтветитьУдалить