НӘЗІК БҰЛТТАР
(Жазушы Тобық
Жармағанбетовтың рухына)
Сөзін жазған:Ертай Ашықбаев
Әнін жазған:Орал Байсеңгіров
Аспанда алтын сәуле ағылады,
Жарқамыс жасыл кілем жамылады,
Аяулы Тобық аға, әр таң сайын,
Өзіңді нәзік бұлттар сағынады.
Қайырмасы:
Дала дарқан, жұртымыз нар,
Жоламайды үркіп ызғар.
Асыл аға, бақыттысыз,
Ұмытпайтын бұлтыңыз бар.
Қадірлі қимас күндер қалды
алыста,
Дүние бөленеді таңданысқа.
Аяулы Тобық аға, нәзік бұлттар,
Өзіңді сағынып жүр Жарқамыста.
Қайырмасы:
Мәңгілік тау тұлғанды асқардағы,
Жырлайды Жарқамыстың дастандары.
Аяулы Тобық аға, ұмытпайды,
Өзіңді нәзәк бұлттар аспандағы.
Қайырмасы:
ЖАРҚАМЫС ДЕГЕН БІР ЖЕР БАР
Сөзін жазған: Тобық Жармағанбетов
Әнінжазған:Орал Байсеңгіров
Албырт жел күймен ойнақтап,
Арқамнан қаққан сол жерде.
Қырда өскен қызыл қызғалдақ,
Ырғала басқан сол белде.
Қайырмасы:
Жарқамыс деген бір жер бар,
Жанынан аққан күміс Жем,
Сол жерде мен де асыр сап,
Сол Жемнен мен де су ішкем.
Баурайы балғын бал құрақ,
Ибалы қыздай иілген.
Ғашық боп бұлты балбырап,
Көз тігін көктен сүйінген.
Қайырмасы:
Жарқамыс деген бір жер бар,
Жанынан аққан күміс Жем,
Сол жерде мен де асыр сап,
Сол Жемнен мен де су ішкем.
Бұлағы сыңғыр жұмбақтап,
Сыбырлап бір наз шертетін.
Нәп-нәзік бұлттар сыр сақтап,
Көңілді тербеп елтетін.
Аңсадым сені,
Сағындым сені,
Күміс Жем!
Біз – оқитын
өлкенің тұрғынымыз
Оқымасақ
өтпейтін бір күніміз,
Біз – ерекше
елденбіз, үлгіліміз.
Ұлтқа, дінге,
нәсілге бөлінбейтін
Біз – оқитын
өлкенің тұрғынымыз.
Біздер – гүлміз,
шығатын жарып тастан,
Ақ бұлақпыз,
теңізге алып қашқан.
Өнер, өлең, ғылым
боп құштарымыз,
Тал бесіктен
тағылым қалыптасқан.
Осы жолды ел болып
таңдап алып,
Ұландардың бағы да
жанғаны анық.
Оқитұғын өлкеде –
бар болашақ,
Осы өлкеде сәт
сайын сан жаңалық.
Осы өлкенің қысы
да, жазы да аңыз,
Осы өлкеде – ең
әділ қазы нағыз.
Бізге қосыл,
Ағайын,
Мәңгілікке
таусылмайды мол
мұра – қазынамыз.
Бұл ғасырда, біледі
жаран мұны,
Талаптыға жоқ ғылым
сараңдығы.
Ұлы парыз, -
үйрену, оқу, тоқу
Оқымаған адамның
қараң күні.
Бар жақсысын жайып
сап, тізді таңдар
Сара жол, - деп
саналы ел бізді таңдар.
Басқа өлкеден
ешқашан табылмайтын,
Ел арманы – осында,
ізгі жандар.
Сынаптай бір,
сусыса самала күн,
Ой-санаңды сәт
сайын жаңалағын.
Іздегенге – бақытқа
баратын жол
Осы өлкеде
Бар кілті
замананың.
Нұрлыбек Қалауов
Нұрлыбек Қалауов
Тобыққа
Бас иетін ізетпен мол дарынға,
Өмірдің жастық атты гүл бағында.
Жүруші едік Тобық-ау, қол
ұстасып,
Ақтөбенің Октябрь бульварында.
Сырымызды оңаша жиып, шашып,
Жүруші едік жұр жазбай иықтасып.
Кемерінен асатын көңіл шірікін,
Арманның теңізіне құйып,тасып.
Өте бере Мәңгі от, үй қасынан,
Кейде мұңды, ақырын айтатын ән.
Сонда екеуіміз талай сыр
шертетінбіз,
Өмір деген өнердің ұйқысынан.
Бауыр едік секілді іні, ағалы,
Бөлді тағдыр. Көзден жас
домалады.
Қиын екен ел – жұрты жылағаны.
Мұхтар Құрманалин.
Ұстаз мұңы
(
Талантты жазушы Тобықтың қайғылы қазасына)
Тобығым, берекелі, бейнелі едің,
Маржандай сөз өнерін бейнеледің.
Туындың мектептен – ақ ұнап еді,
Әділ ұстаз «тым қатал» сынап еді.
Талантың «Екі жүрек», «Нәзік
бұлтта»,
«Қызыл ай», «Сентярь түн»,
«Хаттар»хатта.
«Отамалы» өмірден береді елес,
Оқыған жан толқымай қалған емес.
Шәкіртім, өз ұлымдай жаным едің,
Бетке ұстар маңдайдағы барым
едің,
«Ақ жауындай»көтерер ауыр жүкті,
Артамыз енді кімге бұл үмітті?!
Ақ жарқын, кішіпейіл азаматым,
Мезгілсіз мерт болдың-ау
қазанатым.
Біз білмей қадіріңді жүр екенбіз,
Адамдар уақытша тірі екенбіз,
Тобығым, қызыл гүлің солар ма
екен?
Орының өзің жоқта толар ма екен?
Талантың ерте жанған өшкені ме,
Тағдырдың әділетсіз шешкені ме?
Мен- ұстаз, аңыраған ардағым деп,
Жүруші ем мақтанышым, ар, бағым
деп.
Япырмай, түсім бе екен, Тобығым
жоқ,
Шіркін – ай, жалған екен дүние
боқ.
Тобығым, балдай еді сенің тілің,
Дәл бүгін шықпай тұр ғой менің
үнім.
Қадірсіз болсаң елге не етер едің,
Тоқсанға, әлде жүзге жетер едің.
Қысқа өмір, қызықты өмір сөнді
бүгін,
Шамшырақ жанары жоқ, қараңғы түн.
Сұм ажал, бәйтеректі құлаттың-ау,
Көл қылып көздің жасын
бұлаттың-ау.
Зор қайғы көкіректі теседі ғой,
Орның бар, бөбектердің өседі ғой.
Ойларың, толғауларың көрер күнді,
Халқың да ұмытпас-ау сендік үнді.
Бейнеңді жүрегінде сақтар елің,
Суалмас, шалшықтамас сенің көлің.
****
Тобық кетіп бара жатыр арамыздан
ертерек,
Қастерлейік, қалмасын деп аруағы
өкпелеп,
Ал, әлеумет, ұмытпаңдар
Тобықжанды ешқашан,
Жүрейікші ұрпағының қолтығынан
біз демеп......
Ниетжан БЕРІКОВ
1973 жылдың қазан айы.
Тобық туралы ойлар
Төгіліп тұрған таң нұры бақтан,
Баурайында жолықты өрдің.
Ақ сағым-елес жаңғырып аққан,
Толқыннан бүгін Тобықты көрдім.
«Атыпты- ау, Есен, ағарып таңдар,
Мұңсызға, бәлім, байланыс мені!?
Өзіңде қандай жаңалықтар бар?
Жігіттерменен қалайсың?»деді.
«Көйлек көк, аға! Тамақ тоқ,аға!
Жүрегім бірақ...» дей беріп едім,
Ақынша қарап абат жағаға,
Ақтарылған сыр-бейнені
көрдім.
«Жүректің мен де жырын бастағам
Күн шығып тұрған күй жастық
барда...
...Шыбынсыз жаз-ау шырылдаспаған,
Түсінулер де, сыйластықтар да!
Жасайды адам тек бір-ақ рет,
Көктемсіз тау да ғаріп дегейсің.
Шұғыла- тілек соқтыра жүрек,
Жасасын достық! Жарық көбейсін!
...Ағады, қанат қағады жырлар,
Мұңсызға, бәлкім, балайсың мені!?
Өзіңнің қандай жаңалығың бар!
Жігіттерменен қалайсың?» деді.
Өмір деген өксігін бір қоя алмай,
Өтті жыршым, кетті қыршын
жасында.
Жарқамыста жатыр ұйықтап оянбай,
Гүлдер жылап қабірінің басында.
Көк иірімі көңілінің көп еді,
Табиғатқа тарту етер сый әні...
Күз желіне күміс моншақ төгеді,
Кәрі Жемнің изені мен қияғы.
Жан дүниесі жас майсадай жұмасақ
ұл,
Туған жердің ту көтерді ол атын.
Оның үшін осынау бір құм шағыл,
Ақындықтың пайғамбары болатын.
Табиғаттың таң арайы мәуелі,
Тебірентпес тыныштыққа бөледі.
Ақтөбесін ақ нөсердің әуені,
Әлдилесе, естімейді ол енді.
Өтті жыршым, кетті қыршын
жасында,
Бұл өмірдің қызығына тоя алмай.
Гүлдер жылап қабірінің басында,
Жарқамыста жата бермек оянбай.
Ұйықтамас тек ақ жүректен құт
ашып,
Шапағатты назын шерткен шабдал
жыр.
Күзгі аспанда Нәзік бұлттар
тұтасып,
Жауайын деп келе жатыр Ақ жаңбыр.
... Жоқ өзіңнен жасыратын сырым
да,
«Бауырым –ай, қайғы бар ғой
жырыңда,
Көзіңде бір мөлдір, терең мұң бар
ғой,
Ақынсың сен!»-дейтін Тобық бұрын
да.
Тобық ағай сол сөзді айтып тағы
да,
Маңдайымның соры ма, әлде бағы
ма?
Шешімімді өзгерттім де аз күнде,
Міне, енді жүріп барам КазГУ- ге!
....Бұл мектепте ақын Тобық, ақ
Тобық,
Жүрген кеше басымызға бақ болып-
Әдебиет дариясына қайық сап,
Қасымдарды, Тютчевтерді жайып
сап!
Өлең оқып, арман ойлап, түлеп
мың...
Оныншыда отын жағып жүректің-
Тобық аға отырушы еді толғанып,
Бетін ашып Есениннің, Блоктың!
Есенбай
ДҮЙСЕНБАЙ.
АРНАУ
Айтар ең тірі болсаң жарасып ән,
Бірақ та іштей тынып аласұрам.
Тамшы боп туған жерге ораласың,
Жөңкілген нәзік бұлттар арасынан.
Көп жұлдыз Жарқамыстан көрініп
ед,
Ақ жауын себездеп бір төгіп өт.
Жоқтайды нар қамысың теңселумен,
Жем жақтан еседі жел Тобығым деп.
Тағдырдың тосты торын тайталасып,
Жыл жылжып туды қызыл ай таласып.
Көзайым болсаң ұлы той жасар ек,
Құшағын Жарқамысың айқара ашып.
Болмайды жүйріктердің бәрі құмай,
Тарландар таңдай қаққан
қалыбың-ай.
Күншілдер көре алмад деп
тірлігімде,
Соңғы хат жолдап кеткен
алыбым-ай.
Өзіңмен сырласа алман амал нешік,
Тербетер аяулым деп заман-бесік.
Асыңа қабыл болсын білдіруге,
Келгендей сырлы Ақтөбе қалаң
көшіп.
Өлеңмен құлағыңды аша алмайды,
Махамбет, тіл қатса да Асан
қайғы.
Дәл бүгін 60-ды атап тұрып,
Өксігін жұртың бір сәт баса
алмайды.
Мөлдір ед пейіліңіз бұлағымдай,
Өкініш мына өмірдің сұрағындай.
Енді сен шын Бақытты сезінесің,
Жүректе ғұмар кешер қыраным-ай.
Нұрлыбек ҚАЛАУОВ
ТОБЫҚ ЕСКЕРТКІШІ
БАСЫНДАҒЫ ОЙ
Көп еді көкірегінде жалынды ой,
Бәрі де тағдырыңа бағынды ғой.
Басыңды бір көтерші қайран Тобық,
Халқың мен «Нәзік бұлтың» сағынды
ғой.
Қайнардан қайнап шыққан бұлақ
едің,
Майда ерке толқыныңмен ұнап едің,
Теңізге ұлассын,- деп тілеуші
едік,
Дертіңнен таба алмадық бірақ
емін.
Тұрмадың шөлімізді қандырғанша,
Тірлікте айтылмаған ән-жыр қанша.
Достарың сені жоқ-деп айта
алмайды,
Түсесің есімізге жаңбыр жауса.
Нұрлыбек
ҚАЛАУОВ
ТОБЫҚҚА
Туындың «Екі жүрек», «Нәзік
бұлтта»,
«Қызыл ай», «Сентябрь түні»,
«Соңғы хатта».
Кітаптың тартымдысын содан білің,
Оқушың біліп алды сөзін жатқа.
Білімнен жастайынан тереңдеткен,
Қырыққа жоқ еді-ау әлі жеткен.
Сұм ажал қандай неткен аяусыз ед,
Тобықты арамыздан алып кеткен.
Өмір деген соққан сағат тіліңдей,
Тоқтар жүрек өзіңе де білінбей.
Аға ұрпақтар сақтайды есте,
ел-халқың,
Бәрі жақын туған аға-ініңдей.
53-тің Наурыз айы болатын,
Тобық жас қой ол уақытта бала
тым.
Қызыл жалын үймен бірге кетті
алып,
Кәрі әже мен екі бірдей қанатын.
Қара түтін қаптап кетті үй ішін,
Деп те жатыр жоламаңдар, күйесің.
Кірді болмай терезеден екі адам,
Нәрестемен алып шықты үй иесін.
Қайғылы түн кетер емес жүректен,
Көрген пенде оны ойласа дір
еткен.
Өзі өлсе де Тобық сөзі өлмейді,
«Соңғы хаты» осы жайды жыр еткен.
Өткізді ана баламен жастығын,
Ескермеді қарны тоймас аштығын.
Жазылмайтын тап болды ана
кеселге,
Төрт баланы күннен- күнге басты
мұң.
Деуші едің туған жерім
Жарқамысым,
Болған жоқ еш уақытта жалған
ісің.
Топырағың торқа болып, көлеңкеле,
Жарқамсытың әр талын, әр қамысын.
Батан ОТАРБАЕВА.
ЖАН АҒАҒА
Аға-жан, Жарық жұлдыз ақтың ерте,
«Ерте ғой,тым ерте» деп аямастан.
Сұм ажал, қатал тағдыр жапты
көрпе,
Мәңгілік ұмытылмас ізіңіз бар,
Оқып жүр, тәлім алып оқырмаңдар.
«Орны бар оңалар»деген рас,
Жетпіске де толтырды,
Сүйген жар мен бауырлар,
жора-жолдас!
Өзипа
МЕҢДІҒАЛИЕВА.
ТОБЫҚТЫ ЕСКЕ АЛУ
Өсіп ек Жарқамыстың ақ құмында,
Көрдік өмір қиындық, шаттығын да.
Білім алдық, асыр сап ойнадық
біз,
Атақты Сиыр салған бақтарында.
Дос болдың ілтипатпен сырласатын.
Кей кезде құпияңды бізге айтып,
Көңіл кірін жууға мұңдасатын.
Жүрген жерің той-думан шат
болатын,
Жаның жомарт, мінезің мәрт
болатын.
Қай ортада жүрсең де өрең биік,
Біліміңнен сусындап ел қанатын.
Шәкірттерге білімнің шамын
жақтың,
Саңлақтардың додалы жарысында,
Жасыңда-ақ дарабоз боп оза
шаптың.
Дұрыс еді-ау әуелден алған бетің,
Туған жерді жыр ету- сенің
сертің.
Бойда қуат, дарының мол
болғанмен,
Береріңді бере алмай ерте кеттің.
Қиналамыз... Ортадан ерте кеттің,
Миуалы, жемісті жерге жеттің ...
Сені іздейміз көңіліміз
жабыққанда,
Әрнені ойлап, пенде боп
тарыққанда.
Жолдас көп қой, замандас, құрбы
да бар...
Орның бөлек,о, Тоқа, бар уақытта.
Дос едік көңіл қимас бала жастан,
Ол достық- жазылмаған мол бір
дастан.
Қазақтың әдебиет әлемінде
Тұр бейнең соғылғандай мәрмәр
тастан.
Халқың барда есімің мәңгі жасайд,
«Ғалымның хаты өлмейді»,- дейді о
бастан.
Шахмет СЕЛБАЙҚЫЗЫ
ЖАНЫ ЖАЙСАҢ АҒАҒА
Ардақтаған, асқақтаған асылды,
Халық оны ой төріне асырады.
Аялады ана туған алыпты,
Қадірледі тани біліп хас ұлды.
Шыққан жері-Жем, Сағыздың сағасы,
Жүректегі көп еді ғой жарасы.
Алып шықты таланты мен дарыны,
Биікте тұр елдің берген бағасы.
Шығармаң да щыңнан биік баға
алған,
Сыршылдық пен табиғаттан нәр
алған.
Тобық аға, айта қалса өзіңді,
Дейді олар: «Нәзік жан ғой
жаралған».
Кемел ойдың кеніштерін ақтарып,
Қаламына шабыт пенен бақ дарып.
Шөліркеген шөлге нұрын сіңіре,
Себелеген жүректерге жатталып.
«Нәзік бұлттар» кетпей қойды
есімнен,
«Жанның» да мен жан-дүниесін
түсінгем.
Арпалысып Отамалың суықпен,
Бұрынғының өмір жыры есілген.
Бәрі сенің жайсаң мінез жаныңды,
Жоғалтты да, тағдырыңа бағынды.
«Полонез» де туған жерін сағынса,
Туған елің,Аға, сені сағынды.
Рита
ТӨРАЛИНА.
КІР ШАЛМАҒАН
КӨҢІЛІҢ
Терең ойлап, жаққан отын
сенімнің,
Тірегі боп отбасы мен теңінің.
Түлеп ұшқан Байғаниндей өр елден,
Тобық аға, мақтанышы елімнің.
Мінезің жаз, көңілің күн
көктемсің.
Отаныңды құрметтеумен өткенсің.
«Нәзік бұлттай» қалықтап ап
көгімде,
«Ақ жауын» боп мұң- зарыңды
төккенсің.
Шуақ болып еліңе сен төгілдің,
Кір шалмады жүзін таза көңілдің.
Алай-дүлей «Отамалы» кезінде,
Өткергенсің қиын шағын өмірдің.
Прозада алдыңа жан салмаған,
Саған арнап кім асыл ән салмаған?
«Екі жүрек» шерткенде сыр
пернесін,
Таңданбаған өзіңе жан қалмаған.
Шығармаңыз шыға біліп талғамнан,
Арыла алмай асқақтаған арманнан.
«Соңғы хатты» жаздың да сен,
ағажан,
Кете бардың мынау жарық
жалғаннан.
Асуларың көп еді әлі алмаған,
Қыран едің ел көгінде самғаған.
Келешекке қадам басқан үмітпен,
Жас ақынның саған жыры арналған.
Ақырыс
СЕЙІТҚАЗЫ
«ЖІГІТ САЙЫСЫНДАҒЫ» ЖЫР
(үзінді)
...Батыр жігіт қол бастар,
Шешен жігіт сөз бастар.
Өнерлі жігіт мен болсам,
Жарысқа салмай кім тастар?!
Кімнің жақсы – жаманын,
Әділ қазым бағалар.
Таныстырып өзімді,
Мен сөйлейін мырзалар!
Қаракесек Әлімнің
Ұрпағымын тараған.
Жармағанбет атамыз.
Шешенге елі балаған.
Мектепке берген есімін,
Жазушы Тобық- жан ағам.
Жан ағаның бауыры,
Берікбайдан жаралған,
Бекболат деген мен болам!
Бекболат БЕРІКБАЙҰЛЫ
Комментариев нет:
Отправить комментарий