«Табиғатымен тамырлас
туған талант» атты әдеби-сазды кештің
өткізілген сценарийі
Мақсаты: «Оқитын
өлке» облыстық акциясы аясында өтіп жатқан жазушы Тобық Жармағамбетовтың өмірі
мен шығармашылығына тоқтала отырып, жастардың әдебиетке деген қызығушылығын
ояту, кітап оқуға шақыру, шығарманың құндылығына көз жеткізіп, оларды
елін,жерін сүюге, отанын қорғауға, патриоттыққа тәрбиелеу.
Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті
қонақтар!
Аспанда алтын сәуле ағылады
Жарқамыс жасыл кілем жамылады.
Аяулы Тобық аға, әр таң сайын,
Өзіңді нәзік бұлттар сағынады,- деп Ертай Ашықбаев ағамыз айтқандай «Оқитын
өлке» облыстық акциясы аясында өтіп жатқан жазушы Тобық Жармағамбетовке
арналған «Табиғатымен тамырлас туған талант» атты әдеби-сазды кешке қош
келдіңіздер!
2011 жылы облыстық мәдениет
басқармасының ұйымдастыруымен облыс көлемінде «Бір өлке – бір кітап» акциясы
жарияланды. Акцияға жерлес жазушы, аудармашы Ғалым Ахмедовтың «Жем бойында»
тарихи романы таңдалған болатын.
2012 жылы «Оқитын өлке»
акциясы Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, ҚР халық ағарту ісінің
үздігі, жерлес ақын Мұхтар Құрманалиннің шығармашылығына арналған. Акцияға
ақынның «Жұлдызды жорық» кітабы таңдалды.
2013 жылғы таңдау қазақ әдебиетінің
классигі, драматург Тахауи Ахтановтың туғанына 90 жыл толуына орай «Шырағың
сөнбесін» шығармасына түсті.
Міне, биылғы жылы жерлес
жазушымыз Тобық Жармағамбетовтың туғанына 80 жыл толып отыр. Осыған орай жерлес
ағамыздың шығармалары таңдалды.
Бүгінгі шарамыздың қонақтары:
1. Ақтөбе облысының мәдениет,
мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары – Ермұхан Қыдырғали
Мұхитұлы.
2. Жазушының жұбайы – Сәпия
Кенжебайқызы Жармағамбетова.
3. Педагогика ғылымдарының
кандидаты, профессор, ұстаз – Ниетжан Беріков.
4. Облыстық «Ақтөбе» газетінің
ардагер журналисті, «Қазақстанның құрметті журналисті» - Кәдірбай
Бекмағанбетов.
5. Жазушының қарындасы – Әсем
Мырзағұлқызы Жармағамбетова.
6. Ақын Сағи Жиенбаевтың нағашы
апасы, «Батыр ана», «Баспасөз ісінің үздігі» - Отарбаева Батан апа.
7. Жазушының досы – Меруерт
Қадырқызы.
8. «Егемен Қазақстан» газетінің
меншікті тілшісі - Сатыбалды Сәуірбаев.
9. Немерелері – Руслан Маратұлы
Тобық, Қайсар Серікұлы Тобық.
10. С.Жиенбаев атындағы облыстық
жасөспірімдер кітапханасының директоры – Марат Төлебайұлы.
11. Ақтөбе гуманитарлық колледжі,
Ақтөбе құрылыс және сәулет колледжі, Ақтөбе құрылыс және бизнес колледжінің
студенттері.
Сөз кезегі: Ақтөбе облысының мәдениет,
мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары – Ермұхан Қыдырғали
Мұхитұлы.
Жүргізуші: Қазақ прозасының соңғы толқыны
сан жағынан да, сапа жағынан да – дәстүрді жалғайтын жаңашылдықты, жас
әдебиеттің ізденімпаз, өскелең қабілетін таныта келді... Өмірге ғашық, жалынды
жүрегі өмір күйін шертіп өткен сондай аяулы азаматтың бірі – жазушы Тобық
Жармағамбетов. Жармағамбетов Тобық Мырзағұлұлы 1934 жылы Жарқамыс ауылында
туған. Жазушы 1957 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін
бітірген. 1957-59 жылдары Жарқамыс орта мектебінде мұғалім, 1959-73 жылдары
Байғанин аудандық «Жаңа өмір» газетіне жауапты хатшы, редактордың орынбасары,
Ақтөбе телевидениесінде аға редактор, бас редактор болды, облыстық «Коммунизм
жолы» газетінде, облыстық мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамында қызмет
атқарды.
Ән: Екі ішектің
бірін қатты, бірін сәл-сәл кем бұра,
Нағыз қазақ – қазақ емес,
Нағыз қазақ – домбыра!,- деп Қадыр Мырзалиев жырға қосқан. Домбыраны өзіне
серік етіп, қолынан бір сәт тастамай, ән шырқап жүрген Халық шығармашылығы
үйінің әншісі Құралай Әленованы ортамызға шақырамыз. Тұрмағамбет Ізтлеуовтің
термесі «Әй, көңілім шалқи берме бет алдыма».
Жүргізуші: Тобық Жармағамбетов шығармашылық
қызметін 50-жылдардың аяғында бастады, ол нағыз талантқа тән тереңдікпен, ойшылдықпен,
сыршылдықпен қалам тербеп, уақыт, заман талабына сай салиқалы ой, салмақты жүк
арқалаған шығармалар жазды. Үлкен бір повеске пара-пар «Отамалы» әңгімесі қазақ
әдебиетінің алтын қорына қосылған асыл мұра болып қалды. «Ақ жауын» повесінде
30-жылдардағы қиын кезең туғызған халық қозғалысын, сол кездегі жіберілген
өрескел қателіктерді батыл ашып көрсетті, «Бәйтеректің жас шағы» повесінде
халық ақыны Нұрпейіс Байғаниннің өмір жолының кейбір сәттерін оқырманға шебер
суреттеу арқылы жеткізді.
Сөз кезегі: Облыстық «Ақтөбе» газетінің
ардагер журналисті, «Қазақстанның құрметті журналисті» - Кәдірбай
Бекмағанбетов.
Жүргізуші: 60-жылдардағы ауыл жастарының
тіршілігі, сырласу, нәзік сезім, шын сүйіспеншілік, қазақ ауылының көрікті
бейнесі «Нәзік бұлттар» деп аталатын повесінде көркем бейнеленді.
Т.Жармағамбетовтың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ауыл өміріне арнап жазған «Қара
жаңбыр» атты туындысы да көпшілік оқырман қауымның ыстық ықыласына бөленді.
Жазушы адамгершілік, достық, махаббат тақырыбына арнап «Екі жүрек», «Екі дос»,
«Менің достарым», «Кішкентай махаббат» атты әңгімелер жазды.
Сөз кезегі: Жазушының жұбайы – Сәпия
Кенжебайқызы Жармағамбетова.
Ән: Әннің де естісі бар, есері бар,
Тыңдаушының құлағын кесері бар.
Ақылдының сөзіндей ойлы күйді,
Тыңдағанда көңілдің өсері бар,- деп Абай атамыз айтқандай келесі кезекті әнге берейік. Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармония әншісі Бағдагүл Қосмағамбетова «Перзент парызы» әнімен.
Тыңдаушының құлағын кесері бар.
Ақылдының сөзіндей ойлы күйді,
Тыңдағанда көңілдің өсері бар,- деп Абай атамыз айтқандай келесі кезекті әнге берейік. Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармония әншісі Бағдагүл Қосмағамбетова «Перзент парызы» әнімен.
Жүргізуші: Ақын Мұхтар Құрманалин: «Тобық
екінің біріне қол ұшын беруге, жақсылық жасауға дайын тұрған жан еді. Әлі
есімде, Ақтөбеде тиісті пенсиясын тағайындата алмай сергелдеңге түскен бір
қарттың документтерін алып, уақытпен санаспай, мекемеден мекеме жағалап,
бірнеше ай бейнетке қалғаны бар. Ақыры соңынан қалмай жүріп сол кісінің
пенсиясын тағайындатты. Ақсақал ақ батасын беріп, Тобықпен туған баласындай
қатысып тұрды.»
Сөз кезегі: Ақын Сағи Жиенбаевтың нағашы
апасы, «Батыр ана», «Баспасөз ісінің үздігі» - Отарбаева Батан апа. Досы –
Меруерт Қадырқызы.
Жүргізуші: Жазушы Мағзом Сүндетов: «Бірде ол
кешкісін жұмыстан қайтқанда аула ішінде ойнап жүрген көршілес үйлердің
балаларына көз тоқтатыпты. «Кісінің үлкен, кішісі жоқ, сәби де адам» деп білген
Тобық хоккей ойнап жатқан балалардың арасынан бір теңсіздікті байқайды. Сөйтсе
бір-ақ балада клюшка: өзгелерінде әрқилы таяқ екен. Қара домалақ, етженді
сәбидің анау клюшкасының аруағы асып, басқаларға кідіңдеуі, өктем сөйлеуі,
кекетіп-мұқатуы көптігін аңдайды, күйінеді. Ертесіне жалақы алғанда Тобық
жол-жөнекей дүкенге соғып, сатылуға жаңа түскен клюшкалардың үстінен түседі.
Бұйым жоқ, алым жоқ әлгілерден таңдап он екі клюшка сатып әкеліп, ауладағы
балаларға таратып беріпті де қосылып өзі ойнапты ғой. Баласынбай, бірге
айқайласып, таласып, дауласып жүріп Тобық сәбилердің сеніміне жетеді. «Тобық
аға», «дядя Тобық» деп балалардың өзімсіне шүңкілдескеніне, тосырқамғандарына
Тобық қуанып үйіне арсалаңдай күліп қайтыпты. Осы кішкентай өмір көрінісінің өзінде
жазушы Тобық, ақын жанды, кішік, қарапайым Тобық, романтик Тобық, нағыз адам
Тобық бар болмысы, тазалығы, нәзіктігі жатыр ғой деп ойлаймын.»
Сөз кезегі: «Егемен Қазақстан» газетінің
меншікті тілшісі - Сатыбалды Сәуірбаев.
Ән: «Бұл домбыра тартып сырды
жүректен,
Талай ғасыр махаббаты жыр еткен.
Қоссаң әнге ашылады көңілің,
Құлпырады гүл-гүл жайнап өмірің»,- деп Ілияс Есенберлин ағамыз жырлағандай тағы
да әсем ән. Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармония әншісі
Әбдірова Ғазизаны ортаға шақырамыз. «Сәлем, Қазақстан!» әні.
Жүргізуші: Жазушының қарындасы Әсем
Жармағамбетованың естелігінен: «Ағатайым туралы сөз қозғасам көкірекке кептелер
әңгіме көп, қайсыбірін айта берейін. Балалық шақттың біраз жәйттері есте тұр
әлі күнге дейін. Ол қолы қалт еткенде кітап оқуға құмар еді. Кітапқа үңілгенде
бүкіл дүниені ұмытып, жан-тәнімен беріліп кететін. Оныншы класқа өткен жылы
еді. Бір күні екеуміз үйге керек-жарақ әкелу үшін дүкенге бардық. Киім-кешектің
көзі аз кезі ғой. Шұлық түсіп жатыр екен. Бұған мен қуанып кетіп: «ағатай,
шұлық сатып алайықшы» дедім. Ол үндей қойған жоқ. Мен шыдамсызданып: «екеумізге
де керек қой» деп тағы нығарладым. Ол «әзірге менде бар ғой» деді де, маған
екеуін алып берді. Енді кітап сататын бөлімге келдік. Ағай дүкеншіден оны-мұны
сұрап жарты сағаттай айналды. Ақырында бір қолтық кітап алып шықты. «Кітап
дегенің үйде толып тұрған жоқ па» деген менің наразылығыма: «Көкеш, сен үндеме,
көптен бері түскен қызық кітаптар екен. Бүгін келмегенімде өтіп кететін түрі бар.
Жолымыз болды» деді, балаша мәз болып. Ол кітап оқымаған күні бірдеңем ұмыт
қалғандай сезінемін деуші еді. Осыған бәрі оның үлкен жазушылық жолға дайындығы
екен ғой.»
Сөз кезегі: С.Жиенбаев атындағы облыстық
жасөспірімдер кітапханасының директоры – Марат Төлебайұлы.
Ән: «Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй» деп тағы да ұлы Абай атамыз жырлағандай келесі кезекті әсем әнге берейік. Халық шығармашылығы үйінің әншісі Құралай Әленованың орындауында Нұртуғанның термесі «Құлақ сап сөз тыңда».
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй» деп тағы да ұлы Абай атамыз жырлағандай келесі кезекті әсем әнге берейік. Халық шығармашылығы үйінің әншісі Құралай Әленованың орындауында Нұртуғанның термесі «Құлақ сап сөз тыңда».
Жүргізуші: Тоқаңның алғашқы туындыларынан
бастап қолынан өткізген жазушы Мағзом Сүндетов куәлік еткендей, «Тобық
Жармағамбетовтың шығармалары әдебиет сүйер қауымның, сыншылардың назарынан
бірде-бір сыртқары, қағажу қалған емес. «Темірді қызу кезінде соқ»
дегендей, атым көптің аузына бір ілінді ғой деп ол асығып жазып, келеңсіз қылық
танытпай, әр шығармасына үлкен жауапкершілікпен қараумен болды». Бірақ,
салтанаты келіскен сапар күрт үзілді.
Өтті жыршым, кетті қыршын
жасында,
Бұл
өмірдің қызығына тоя алмай.
Гүл
өсіп тұр қабірінің басында
Жарқамыста
жатыр ұйықтап оянбай,- деп ақын Есенбай Дүйсенбаев жырлағандай,Тобық
Жармағамбетов әдебиет әлемінде жарқ етіп көрінді де, жанып үлгере алмай,
беретінің бестен бірін бере алмай, ерте дүние салды. Табиғаттың өзі толғатып
туған тамаша таланттың бар асылы бойында кетті. Соңғы сөзі қаламының ұшында
қалды. Әдебиет арнасын аздырмай, жағасын тоздырмай оны молықтыру үшін қайнар
көздің бірі болған Тобық Жармағамбетов сияқты асыл ағалардың есімін ұмытпайық,
ағайын!
Кітап көрмесі
«Жазушының нұрлы әлемі» және слайд.
Қоштасу сәті. (фотоға түсу)
Қоштасу сәті. (фотоға түсу)
4 қыркүйек 2014 жылы сағ. 11-00 Облыстық арнаулы есту қабілеті бұзылған балалар мектеп-инернат, "Шапағат" клуб мүшелері.
«Қаламы қарымды жазушы»-(«Оқитын өлке» облыстық акциясы аясында жазушы Т.Жармағамбетовтың шығармашылығына арналған) әдеби-ауызша жорналдың сценарийі.
Мақсаты: «Оқитын өлке» облыстық
акциясы аясында өтіп жатқан жазушы Т.Жармағамбетовтың өмірі мен шығармашылығына
тоқтала отырып,жастардың әдебиетке деген қызығушылығын ояту, кітап оқуға
шақыру, шығарманың құндылығына көз жеткізіп,оларды елін,жерін сүюге, отанын
қорғауға, патриоттылыққа тәрбиелеу.
Саламатсыздарма
оқушылар! Биылғы жылы «Оқитын өлке» акциясына белгілі жерлес жазушымыз, қазақ
әдебиетінің өзінің ерекше қалам қуатын, тың қадамын таныта келген жаңаша
қаламгер жасындай отыз тоғыз жыл ғұмыр кешкен талантты жазушы Тобық
Жармағамбетовтың «Отамалы» еңбегі ұсынылып отыр .
Туған жер қойныңда өстім еркелікпен,
Ұстадым қабағымды
желмен кеткен.
Кеудемді аңызаққа
қарсы қойдым,
Өсіппін суырылып
ыза-кекпен.-деп жырлағандай жазушының өмір жолымен танысайық.
Ауызша жорнал 4-бөлімнен құралды.
1-ші бөлім:Жазушының өмір жолы.
2-ші бөлім: «Отамалы»-әңгімеден үзінді.
3-ші бөлім:Сөзжұмбақ, ребус шешу.(сергіту
сабағы)
4-ші бөлім.Қорытынды.
1-ші
бөлім. Жазушының өмір жолы.
Жас қатарда – жүректің, Жазылмайтын жарасы. Сәлем саған, ер Тобық – Мұрзағұлдың баласы – деп ақын Өтежан Нұрғалиев жырлағандай бұл өмірден қас пен көздің арасында, аққан жұлдыздай өте шыққан қысқа ғұмыр иесі - Тобық. Сол қысқа ғұмырында қазақ әдебиетінде өз есімін жазып кеткен де – Тобық.
Жастайынан
тағдырдың қатал сынынан өткен Тобық Жармағамбетов – 1934 жылы 15 қазанда
Байғанин ауданындағы Жарқамыс ауылында дүниеге келген. Тобықтың әкесі Мұрзағұл
1909 жылы туылған. 1942 жылы Ұлы Отан соғысына аттанып, 1945 жылы соғыста қаза
болған.
Тобықтың
шешесі Нұрбибі 1914 жылы туылған. 1966 жылыауырыпауырнауқастанқайтысболады.
Отбасындатөрт бала тәрбиеленедіұлыТобанияз (кейінТобықболыпкеткен)
қыздары-Әсем, Сұлу, Тілектес. ӘкеденертеқалғанбалаларнағашысыәріжездесіАйтжан
мен әпкесіНәбираныңқамқорлығындатәрбиеленеді. 1957
жылыҚазақМемлекеттікуневерситетінің филология
факультетінқызылдипломменбітіреді. Туғанауылынаоралып,
алғашеңбекжолынмұғалімдікқызметтенбастайды.
Өзініңтуып-өскен,
оқығанжеріндеСәпияесімдіжарғаүйленіп, Марат,
СерікСаяесімдібалаларыдүниегекеледі.
1953 жылы 9
наурызкүнітұрғанүйлерітілсізжауқызылжалынғаоранып, әжесіАғлақ пен
ағасыныңбалаларысолүйдеболыпөртеніпкетеді. Жазушыныңалғашқыәңгімелері студент
кезінде-ақкөрінебастаған. Байғанинаудандық «Жаңаөмір» облыстық «Коммунизм жолы»
газеттеріредакцияларында,
Ақтөбетелевизиястудияларындақызметістегенкезіндееңбекқорлығынантанбай,
талайәңгіме-повестержазған. Тағдырдыңтастайетіпбергенқысқағұмырындажазушы 7
повесть, 18 әңгімежазыпүлгерді. Жазушыныңқаламынантуған «Нәзікбұлттар»,
«Екіжүрек», «Сентябрь түні», «Қызыл ай», «Соңғы хат», «Отамалы»
кітаптарынбүгінгіоқырманғамұраетіпқалдырды. Бұлтуындыларжазушының –
бірініңізінбірісуытпай, көзмайынтауысып, аққағазға сыр
шерткеншығармашылықізденісі. Тіпті 1984 жылышыққан «Ақжауын»
аттыбіртомдығынбүгінгімектепоқушылары мен студенттеріздепоқиды.
Жалпыжазушыныңқайшығармасыналсақтаөзініңөмірі,
өзініңкөргенқиыншылығынантуындағандай. Жазушыжүрек ауру сырқатынан 1973 жылдың
1 қазанындақайтысболып, туғанжеріЖарқамысауылында 4 қазандажерленді.
Олөмірініңсоңғыжылдарындаескерткіштердіқорғаужөніндегіоблыстыққоғамтөрағасыныңорынбасарықызметіндеістейді.
Қайжердеболмасын, айналасындағыадамдартағдырынаараласажүріп,
солардыңөмірітуралытолғанған, солтолғаныстарынқағазғатүсіріпкеткенекен.
ҚазіргікүндеҚарауылкелдіселосындаТобықатындабіркөше бар. Жазушынытанытқан да,
балапандарынөрбіткенжанұясыменбіргетұрғанқұттымекеніАқтөбеоблысындаКөкжаркөшесі,
19
үйгеескерткіштақтақойылды. Өттіжыршым, кеттіқыршынжасында, Бұлөмірдіңқызығына
тоя алмай. Гүлөсіптұрқабірініңбасында, Жарқамыстажатырұйқтапоянбай –
депақынЕсенбайДүйсенбайтолғанажырлағандайжарқетіпдүниегекеліп, бар болғаны 39
жылғанаөмірсүріп,
артындаөшпестеймұрақалдырғанТобықЖармағамбетовтыңөміріосылайшақысқаболды.
2-ші бөлім. «Отамалы»-әңгімеден үзінді.
Жазушы Тобық
Жармағамбетовтың шығармаларының бірі «Отамалы» әңгімесі. Әдебиетіміздің алтын
қорына кірген асыл мұра. Бұл Отамалы
әңгімесінің бас кейіпкері – Отамалы қойшы.Ол бүкіл өмірін Жапан байдың
есігінде, қойдың соңында өткізген. Ол кішкентайынан ата-анасынан айрылып ,
жақын-туыстың аялы алақанын сезбей, жалғыздық ғұмыр кешкен. Баспанасы кішкентай
ғана лашық болған. Оның лашықта жүн көрпесінен басқа ештеңе жоқ. Отамалы осы
күні қой бағудан қашқақтап еді, бірақ оны түсінетін Жапан бай болмады. Отамалы
қараңғы лашығына келіп, шақпақ таспен отын жағып , үлкен ойға шомып , өзінің
жалғыз досы, қасындағы панасы болған төбетінің кіріп келгенін де сезген жоқ.
Сол кеште Отамалы бір отар қойды алдына салып қой бағуға кіріседі.Таңға жақын
«ызғырық жел» пайда болады. Желдің күштілігі сонша қойлардың маңырағаны
естілмей кетеді. Екінші күні қар жауып, Отамалы тоңа бастайды. Қардың жауғаны
соншалық ешкілердің мүйізі, қойлардың құйрықтары ғана көрінеді. Осылай боранмен
арпалысқан екі күн өтті.
Үшінші күні
Ауыл болса жеткізер емес, Отамалыдан
әл кетіп, адасқанын сезіп, көзіне жас алды.бір кезде өздеріне пана болар қамыс кездесіп қамысты тұтатып, оттың қызуына тірі қалған қойлар да жинала бастайды.Біраздан кейін ол өзінің көзі жұмылып бара жатқанын сезеді, ол өзінің лашығын елестетеді де ұйқыға кетеді.
Қанша уақыт ұйқтағаны белгісіз қойлардың дүрсілінен оянып кетіп өзеннің дүрсілі ме деп ойлап жатады да , өзінің далада жатқаны есіне түсіп орнынан ұшып тұрады.
әл кетіп, адасқанын сезіп, көзіне жас алды.бір кезде өздеріне пана болар қамыс кездесіп қамысты тұтатып, оттың қызуына тірі қалған қойлар да жинала бастайды.Біраздан кейін ол өзінің көзі жұмылып бара жатқанын сезеді, ол өзінің лашығын елестетеді де ұйқыға кетеді.
Қанша уақыт ұйқтағаны белгісіз қойлардың дүрсілінен оянып кетіп өзеннің дүрсілі ме деп ойлап жатады да , өзінің далада жатқаны есіне түсіп орнынан ұшып тұрады.
«Қасқырлар»
Отамалы ыққа қарай жүгірді.Дүбірге қарағанда қойлар да солай ысырылған.Тобырдың арты қамыстан жаңа шығып жатқан болу керек, сынған қамыстардың сартылы құлақ тұндырады.Маңай қой маңырауына толып кеткен.
Отамалы ыққа қарай жүгірді.Дүбірге қарағанда қойлар да солай ысырылған.Тобырдың арты қамыстан жаңа шығып жатқан болу керек, сынған қамыстардың сартылы құлақ тұндырады.Маңай қой маңырауына толып кеткен.
Кенет қойдың
бір тобы Отамалының үстіне лап беріп өтті де, оны көміп жіберді. Отамалы құлап
түсті Ол жүндер мен тұяқтардың, қойлардың денелерінің астында тұра алмай қалды.
Енді босанып соңынан тұра бергенде, төбетінің қарс алдынан арс ете қалғанын
естіді.
Отамалы енді
ғана байқады, алдында бес қадамдай жерде боранмен аралас екі отты көз жақындап
келеді екен. Отамалы бұға қалды да, таяғын оңтайлай берді. Отты көдер боранды
жарып, жанынан зулап өте берген мезгілде ол салмақты таяқты бір-ақ сілтеді.
Дала шырағы төңкріліп түсті. Отамалы жалма-жан беліндегі пышағын суырып алып,
кеуде тұсынан бір бойлатып жіберді де, оның көзіне қарап еді, оты сөніп
үлгерген екен.
Ол қойлардың
артынан жүгірді. Екінші қасқырды төбет жайратыпты. Бір мезгілде ол қасқырдың
ішек-қарнын аузына тістеп, отамалыға жетіп келді. Отамалы төбетіне риза, көрдім
дегендей бас изеп, қуана ниет білдірді. Төбет қайта зымырады.Қойлар шығана
қашқан, Отамалы екі өкпесін қолына алып жүгірді. Түнгі ұйқы біраз тыңайтып
тастағаны білініп тұр. Сонда да қой тобырына әрең ілесті.Отамалы қанша
жүгіргенмен ілесе алмады, тек қана сенгені төбеті еді.
Бие сауым
уақыт өткенен кейін арсалаңдап төбет Отамалыға жетіп еркелей бастады.
Отамалының көзінен жас ыршып кетті.Төбеттің денесін ұстап көріп еді еш
жараланбаған екен. Тек жүрегі ғана қатты соғып тұр.Отамалы әрі қарай қойларына
кетті.
Төртінші
түн. Қатты соққан желмен қойлары да көшіп келеді екен. Бірақ Отамалының аяғы
қарып, үсіген өкпесіне біреу гайза сұғып алғандай болып, бүкіл денесімен
селкілдеп кетті.
Бесінші күн.
Қойлар қоздайтын уақыт жетті.Алғашқы қой қоздаған кезде Отамалы өзін ұмытып
етті. Бишара қойлар қозысының денесін жалап жатыр екен. Содан бастап қойлар
жаппай туа бастады. Отамалының есі ауып кеткендей. Ерні кемсеңдеп, ақ қарға көз
жастары үзіліп түсті.Кенет құшақтап тұрған қозысы жерге түсіп кетті. Қардың
тереңдігі сондай жерге түскен қозылар қарға түсіп көрінбей кетеді.Отамалы да
оның соңынан жерге үшып түседі. Үсіген қолдары қозыны ұстай алмады, қойлар
маңырап, жаны шығып барады. Адам түгіл қойлардың да беті көзіне мұз қатып
қалады. Ең аяғы қойлардың көзінен аққан жастары да қатып қалған. Өлген қойлар
мен қозыларды көрген Отамалы ызаға булығып: «О, Жапан обалы жібермесін» -деген
ызалы сөзі аузынан шығып кетеді.
Осылай бес
күн, бес түн табиғатпен алысқан Отамалы бір құлыптасқа кездесіп екі қолын
таянып отырып қалады. Ештеңе ойлауға мұршасы жоқ. Кесек мұз. Түсі сұп-сұр.Бет
аузында адам көрер жер жоқ. Ысылағаны соншалық, киімдерінің барлығын шешіп
тастайды.Ақыры жалаңаш денесімен қарға құлап түсті.
Бірақ
Отамалының тек жүрегі ғана тоқтады, ал рухы өлген жоқ, ауыздан ауызға тарап,
аңызға айналып кетті. Оның есімін халық өз жанында сақтап қалды. Сол бес күндік
боранды ел-жұрт «Бес қонақ» деп атап кеткен.. Жыл сайын қар кетіп, жер бедері
жұмсарған кезде қайта оралып соғатын ызғырық жел осы аңызды еске алады. Отамалы
Әңгімесі біздерге бүгінгі бақытты өмірді бағалау үшін керек.
3-ші бөлім:Сергіту сабағы.
Ақыры Сейітқазының Тобық ағамызға арнаған «Кір шалмаған көңілің»-атты өлеңін тыңдайық. Оқитын : Кітапхана қызметкері-Хамидулина Б.
Терең ойлап,жаққан отын
сенімнің,
Тірегі боп отбасы мен теңінің.
Тобық аға,мақтанышы елімнің.
Мінезің жаз,көңілің күн
көктемсің,
Отаныңа құрметтеумен өткенсің.
«Нәзік бұлттай» қалықтап ап
көгімде
Ақ жауын боп мұң-зарыңды
төккенсің.
Шуақ болып еліңе сен төгілдің
Кір шалмады жүзін таза көңілдің,
Алай-дүлей «Отамалы» кезінде,
Өткергенсің қиын шағын
өмірдің.-деп жас ақын жырлаған екен.
4-ші
бөлім:Қорытынды.
Дос едік көңіл қимас бала
жастан,
Ол достық-жазылмаған мол бір
дастан.
Қазақтың әдебиет әлемінде,
Тұр бейнең соғылғандай мәр-мәр тастан.
Халқың барда есімің мәңгі
жасайды,
Ғалымның
хаты өлмейді,-дейді о бастан .Әдебиет арнасын аздырмай,жағасын тоздырмай оны
толықтыру үшін қайнар көздің бірі болған Т.Жармағамбетов сияқты асыл ағалардың
есімін ұмытпайық.
Шарамызға
қатысып зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін көп-көп рахмет.Осымен шарамызды аяқтай
отырып, «Жазушының нұрлы әлемі»-атты кітап көрмесімен танысайық.
«Нұрлы
Тобық»- атты ұйымдастырылған слайдты тамашалайық.
Тобық
туындыларындағы қанатты сөздер атты- көрме ұйымдастырылды.
Көрмеге
қойылған кітаптар:
Тобық
Жармағамбетов. Ақтөбе кітапханасы шығармалары.
12т.-Ақтөбе:
«Шамшырақ-Ақтөбе» ЖСШ. 2013.-448 бет.
Тобық-тағдыр.Жазушы
Т.Жармағамбетов туралы естеліктер. Құрастырған:Әсем Мырзағұлқызы.Ақтөбе,
«NOBEL» баспаханасы,2012 жыл.408 бет.
Т.Жармағамбетов
Отамалы.Әңгімелер мен хикаяттар/Құраст. Е.Дүйсенбайұлы. Алғы сөзін жазған З. Серікқалиұлы.-Алматы: «Раритет», 2002.-212 бед.
Отамалы.Әңгімелер мен хикаяттар/Құраст. Е.Дүйсенбайұлы. Алғы сөзін жазған З. Серікқалиұлы.-Алматы: «Раритет», 2002.-212 бед.
Ашықпаев
Ертай, Мұратына асыққан мұра
/Е.
Ашықпаев//Ақтөбе.- 2014ж.- №1-2.- 7 қаңтар.- бет1-4.
Елшібек
Жанат, Жоқ ол ұмытылмайды
/Ж. Елшібек//Егемен Қазақстан.- 2014ж.- №55.- 21 наурыз.- бет 1-4.
/Ж. Елшібек//Егемен Қазақстан.- 2014ж.- №55.- 21 наурыз.- бет 1-4.
Жармағамбетов
Нұрлан, Қазақтың Қанышы: Егемен Қазақстан / Н. Жармағамбетов//2009 .- № 131 - 132
.- 11 сәуір .- бет 6.
Кемелбаева
Айгүл, Отамалы әссе / А. Кемелбаева//Ақтөбе.- Ақтөбе.- №39-40.- 3 сәуір.- бет
2-6.
9 қазан күні сағат 11-00 2014 жылы "Ақ қауырсын" клуб мүшелері
«Дархан дарын
жазушы»
(жазушы Т.
Жармағанбетовтың туғанына 80 жыл)
әдеби панораманың
сценарийі
Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті оқушылар !
Өзіміз
білетіндей, 2011 жылы облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен
облыс көлемінде «Бір өлке – бір кітап» акциясы жарияланған болатын.
Алғашқы акцияға жерлес жазушы, аудармашы
Ғалым Ахмедовтың «Жем бойында» тарихи романы таңдалды .
Жалғасын
тапқан акцияда, яғни 2012 жылы
Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, ҚР халық ағарту ісінің үздігі,
жерлес ақын Мұхтар Құрманалиннің шығармашылығына арналған. Акцияға ақынның
«Жұлдызды жорық» кітабы таңдалған еді.
2013 жылғы таңдау қазақ
әдебиетінің классигі, драматург Тахауи Ахтановтың туғанына 90 жыл толуына орай
«Шырағың сөнбесін» шығармасына түсті.
Міне, биылғы жылы жерлес жазушымыз Тобық
Жармағамбетовтың туғанына 80 жыл толып отыр. Осыған орай жерлес ағамыздың
шығармалары таңдалды.
Аспанда алтын сәуле
ағылады
Жарқамыс жасыл кілем жамылады.
Аяулы Тобық аға,
әр таң сайын,
Өзіңді нәзік
бұлттар сағынады,- деп Ертай Ашықбаев ағамыз айтқандай жазушы Тобық
Жармағамбетовке арналған әдеби панорамаға
қош келдіңіздер! Міне, биылғы жылы жерлес жазушымыз Тобық
Жармағамбетовтың туғанына 80 жыл толып отыр.
Аталмыш
акцияға байланысты шығарылған ақынымыз Нұрлыбек
Қалауовтың «Біз – оқитын өлкенің
тұрғынымыз» атты өлеңін оқушы Рысқалиева
Ақтолқын аса ынтамен баршасына
мәнерлеп оқып береді.
Жүргізуші: Қазақ прозасының соңғы толқыны сан жағынан да, сапа
жағынан да – дәстүрді жалғайтын жаңашылдықты, жас әдебиеттің ізденімпаз,
өскелең қабілетін таныта келді... Өмірге ғашық, жалынды жүрегі өмір күйін
шертіп өткен сондай аяулы азаматтың бірі – жазушы Тобық Жармағамбетов. Жармағамбетов Тобық Мырзағұлұлы 1934 жылы Жарқамыс ауылында
туған. Жазушы 1957 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін
бітірген. 1957-59 жылдары Жарқамыс орта мектебінде мұғалім, 1959-73 жылдары Байғанин аудандық «Жаңа өмір» газетіне жауапты хатшы, редактордың
орынбасары, Ақтөбе телевидениесінде аға редактор, бас редактор болды, облыстық
«Коммунизм жолы» газетінде, облыстық мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамында
қызмет атқарды.
Жүргізуші: Тобық Жармағамбетов шығармашылық қызметін 50-жылдардың аяғында
бастады, ол нағыз талантқа тән тереңдікпен, ойшылдықпен, сыршылдықпен қалам
тербеп, уақыт, заман талабына сай салиқалы ой, салмақты жүк арқалаған
шығармалар жазды. Үлкен бір повеске пара-пар «Отамалы» әңгімесі қазақ
әдебиетінің алтын қорына қосылған асыл мұра болып қалды. «Ақ жауын» повесінде
30-жылдардағы қиын кезең туғызған халық қозғалысын, сол кездегі жіберілген
өрескел қателіктерді батыл ашып көрсетті, «Бәйтеректің жас шағы» повесінде
халық ақыны Нұрпейіс Байғаниннің өмір жолының кейбір сәттерін
оқырманға шебер суреттеу арқылы жеткізді.
60-жылдардағы ауыл
жастарының тіршілігі, сырласу, нәзік сезім, шын сүйіспеншілік, қазақ ауылының
көрікті бейнесі «Нәзік бұлттар» деп аталатын повесінде көркем бейнеленді.
Т.Жармағамбетовтың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ауыл өміріне арнап жазған «Қара
жаңбыр» атты туындысы да көпшілік оқырман қауымның ыстық ықыласына бөленді.
Жазушы адамгершілік, достық, махаббат тақырыбына арнап «Екі жүрек», «Екі дос»,
«Менің достарым», «Кішкентай махаббат» атты әңгімелер жазды.
Жүргізуші: Жазушының қарындасы Әсем
Жармағамбетованың естелігінен: «Ағатайым туралы сөз қозғасам көкірекке кептелер
әңгіме көп, қайсыбірін айта берейін. Балалық шақтың біраз жәйттері есте тұр әлі
күнге дейін. Ол қолы қалт еткенде кітап оқуға құмар еді. Кітапқа үңілгенде
бүкіл дүниені ұмытып, жан-тәнімен беріліп кететін. Оныншы класқа өткен жылы
еді. Бір күні екеуміз үйге керек-жарақ әкелу үшін дүкенге бардық. Киім-кешектің
көзі аз кезі ғой. Шұлық түсіп жатыр екен. Бұған мен қуанып кетіп: «ағатай, шұлық
сатып алайықшы» дедім. Ол үндей қойған жоқ. Мен шыдамсызданып: «екеумізге де
керек қой» деп тағы нығарладым. Ол «әзірге менде бар ғой» деді де, маған екеуін
алып берді. Енді кітап сататын бөлімге келдік. Ағай дүкеншіден оны-мұны сұрап
жарты сағаттай айналды. Ақырында бір қолтық кітап алып шықты. «Кітап дегенің
үйде толып тұрған жоқ па» деген менің наразылығыма: «Көкеш, сен үндеме, көптен
бері түскен қызық кітаптар екен. Бүгін келмегенімде өтіп кететін түрі бар.
Жолымыз болды» деді, балаша мәз болып. Ол кітап оқымаған күні бірдеңем ұмыт
қалғандай сезінемін деуші еді. Осының бәрі оның үлкен жазушылық жолға дайындығы екен
ғой.»
Жүргізуші: Жазушы Мағзом Сүндетов: «Бірде ол кешкісін жұмыстан
қайтқанда аула ішінде ойнап жүрген көршілес үйлердің балаларына көз тоқтатыпты.
«Кісінің үлкен, кішісі жоқ, сәби де адам» деп білген Тобық хоккей ойнап жатқан
балалардың арасынан бір теңсіздікті байқайды. Сөйтсе бір-ақ балада клюшка:
өзгелерінде әрқилы таяқ екен. Қара домалақ, етженді сәбидің анау клюшкасының
аруағы асып, басқаларға кідіңдеуі, өктем сөйлеуі, кекетіп-мұқатуы көптігін
аңдайды, күйінеді. Ертесіне жалақы алғанда Тобық жол-жөнекей дүкенге соғып,
сатылуға жаңа түскен клюшкалардың үстінен түседі. Бұйым жоқ, алым жоқ
әлгілерден таңдап он екі клюшка сатып әкеліп, ауладағы балаларға таратып
беріпті де қосылып өзі ойнапты ғой. Баласынбай, бірге айқайласып, таласып,
дауласып жүріп Тобық сәбилердің сеніміне жетеді. «Тобық аға», «дядя Тобық» деп
балалардың өзімсіне шүңкілдескеніне, тосырқамғандарына Тобық қуанып үйіне
арсалаңдай күліп қайтыпты. Осы кішкентай өмір көрінісінің өзінде жазушы Тобық,
ақын жанды, кішік, қарапайым Тобық, романтик Тобық, нағыз адам Тобық бар
болмысы, тазалығы, нәзіктігі жатыр ғой деп ойлаймын.»
Оқушылар,
көрнекті ақынның өмірі
жайлы естелік суреттерден
құралған «Жазушының нұрлы әлемі»
атты слайд тамашалаңыздар .
Жүргізуші Өтті жыршым, кетті қыршын жасында,
Бұл өмірдің қызығына тоя алмай.
Гүл өсіп тұр қабірінің басында
Жарқамыста жатыр ұйықтап оянбай,- деп ақын
Есенбай Дүйсенбаев жырлағандай, Тобық
Жармағамбетов әдебиет әлемінде жарқ етіп көрінді де, жанып үлгере алмай, беретінің бестен бірін бере
алмай, ерте дүние салды. Табиғаттың өзі толғатып туған тамаша таланттың бар
асылы бойында кетті. Соңғы сөзі қаламының ұшында қалды. Әдебиет арнасын аздырмай,
жағасын тоздырмай оны молықтыру үшін қайнар көздің бірі болған Тобық Жармағамбетов сияқты асыл ағалардың есімін
ұмытпайық, ағайын!
19 қараша сағат 11-00 №36 қазақ орта мектебінің жоғары класс оқушылары.
«Мәңгілік тау тұлға» әдеби сағат
(Облыстық «Оқитын өлке» акциясы аясында Т. Жармағанбетовтың «Отамалы» шығармасын насихаттау)
19 қараша сағат 11-00 №36 қазақ орта мектебінің жоғары класс оқушылары.
«Мәңгілік тау тұлға» әдеби сағат
(Облыстық «Оқитын өлке» акциясы аясында Т. Жармағанбетовтың «Отамалы» шығармасын насихаттау)
Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Жазушы Тобық
Жармағамбетовтің туғанына 80 жыл толуына
орай шығармашылығына арналған «Мәңгілік тау тұлға » - атты әдеби
сағатына қош келдіңіздер!
Облыстық «Бір
өлке – бір кітап» ақциясы ел
арасында аса танымал жобалардың біріне айналды. Оқырман қауым
жалпыға бірдей оқуға ұсынылған туындыларды өте қызығушылықпен оқи отырып, автордың өмірбаянымен, шығармашылығымен танысады.
Бұл акция
облыс көлемін қамтиды.
Биылғы жылы «Оқитын өлке» акциясына белгілі жерлес
жазушымыз, қазақ әдебиетінің өзіндік ерекше қалам қуатын, тың қадамын таныта
келген жаңаша қаламгер, жасындай отыз
тоғыз жыл ғұмыр кешкен талантты жазушы Тобық Жармағамбетовтың «Отамалы» еңбегі
ұсынылып отыр.
Негізгі мақсат
жазушының өмірі мен шығармашылығын насихаттау, жасөспірімдердің кітапқа деген
қызығушылықтарын арттыру,
еңбектерінің шыншылдығы мен
парасаттылығын айқындай түсу.
Жас ұрпақты
ерлікке, туған жерді, адамзатты сүюге, ұлтжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Жүргізуші - Тобық Жармағамбетов
1934 жылы Ақтөбе облысының Байғанин ауданындағы Жарқамыс ауылында дүниеге
келген. -/01.10.1973ж Ақтөбе./
1957 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология
факультетін бітірген. Сосын өзінің туған жерінде орта мектепте мұғалім болған.
1959-1971 жж Байғанин ауд. «Жаңа өмір» газетінің жауапты хатшысы, редактордың
орынбасары, кейін Ақтөбе телевизия студиясының аға редакторы және бас
редактор, Ақтөбе облысының «Коммунизм жолы» газеті редакциясында, 1971-1973
жж облыстық мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамында қызмет етті.
Т.Жармағамбетов аз өмірі
ішінде повесть, әңгіме жанрында, теледраматургия саласында еңбек
етті. «Отамалы», «Хаттар, хаттар...» әңгімелері кезінде оқырман
қауымнан жоғары баға алды. Қысқа ғұмырында «Нәзік бұлттар», Алматы, «Жазушы»
баспасы, 1966; «Екі жүрек», Повесть пен әңгімелер, «Жазушы», 1968; «Сентябрь
түні», Повесть. «Жазушы», 1970; «Соңғы хат». Повесть пен әңгімелер. «Жазушы»,
1977; «Ақ жауын». 1-томдық. «Жазушы», 1984. Кітаптарын шығарды. Байғанин
ауданында №2 Қарауылкелді орта мектебіне есімі берілген. Ақтөбе қаласы Ш.
Уәлиханов ат. /бұрынғы «Көкжар»/ көшесінде өзі тұрған үйіне Ескерткіш тақта
орнатылды.
Жүргізуші: «Бұл аңыз
көктемде қар еріп, жер жалаңаштанғаннан кейін кенеттен ызғырықтың қайта соғып,
боран қақап кеткенінде еріксіз еске түседі. Сондағы соққан долы жел, қаптай
жауған қар қиыршықтарының әрқайсысында осы аңыздың мұз боп қатқан түйіршіктері
ұшып жүреді. » деп басталадын әңгіменің негізгі арқауы сәуір айында болатын 5
күн соққан боранды «Бесқонақ» жайлы болмақ. Халық аңызы бойынша «Бесқонақ» жыл
сайын дәл осы уақытта бір соғып тұрады екен. Әңгіменің бас кейіпкері -
Отамалы қойшы. Бүкіл ғұмырын байдың есігінде, қойдың соңында өткізген талайсыз
жанның аянышты халін өзек еткен басты кейіпкер. Отамалығы жалғыздық тағдыр
теліген сый. Қаршадайынан ата-анасынан айырылып, тұлдыр күн кешкен оның өксікті
өмірі тауқыметке толы. Туыс-байырды көрмеді, жақынның жылы алақанын сезбеген,
жар құшып бала сүймеген жан. Баспанасы бай үйінің жанындағы жыртық лашық. Оны
мүсіркейтін, оны түсінетін жалғыз мақұлықы – ол иті. Алдын ала күн райының
бұзылатынын білген Отамалы байға күннің бұзылайын деп тұрғанын , түнде қой
жаюдан біраз қашқақтап көргенмен оны түсінетін, сөзіне құлақ асатын тірі пенде
болмады. Ең болмаса астына ат, устіне жылы киім сұрағанда қожайыны
«Ұнамайдысы не? Қайдағы боран? Отамалыға көктем берілді деп шығарып салады»
күштінің аты күшті. «Әй қайдағы мықтылық, таза мәңгүрттік та, Әйтпесе, өз малы
– өз байлығы емес пе?! Айдың – күннің аманында тажал аузына тығылмас еді.
Мейлі. Басқа түскенді көрермін » деп бөгелместен күндегіше қора қойын алдына
салып түнгі өріске бет алады. Ала-құла боран басталып қойлары ықтап
кетеді. Боранның бесінші күні алғашқы қозыны көргенде Отамалы өзін ұмытып
кетеді. Бишара саулық қозысының денесін жалағыштап жатыр екен. Бірақ оның да
әлі жоқ. Отамалы қозыны көтеріп алды да, икемсіз қолдарымен шекпеніне енгізді.
Қозы әлі тайған, жансызданған қойшы қолынан сусып түсіп, көбік қарға тұншығып
өледі. Ал қойлар жаппай қозылай бастағанда Отамалы қатты қиналады. Боран ызалы
иттей бес күн соғады. Өлген мұз қозыларын жалаған саулықтарды көрген
Отамалының жүрегі қарс айрылады. Есі шыққан қойшы табиғатқа айбат шегеді.
Отамалының қолдары икемге келмей қалжырай бастаса да мейірімсіз тағдырмен
аянбай арпалысады. Өмірінің ақтық сағатында арын сатпай күреседі. Өзінің
пенделік қажырлы қайратын көрсетеді. «Қайдасың тас жүрек! Буындырайын!
Тоқтаңдар, иттер, тоқтаңдар!» Үскірік желге құшағын жайып сұлап түседі. Соңғы
демі таусыларда «Тоқтаңдар иттер!» деп ышқына айғайлап құлап түскенде, бес күн
бойы бой бермей соққан ақтүтек боранда сап тыйылады. Күннің көзі жадырап
ашылып, қалың қар сел боп еріп кетеді. Аңыз әңгіме осылай үлкен түйінмен
аяқталады.
Тобық туралы арнайы
жасалған «Жемнің жарық жұлдызы» атты слайдқа назар аударайық!
Кітап көрмесі мен Тобық туындыларындағы қанатты сөздерді таныстыру
Талғампаз оқырман қауымның рухани қажетін өтеп, ойына
орнығатындай тамаша туынды жазу үшін қаламгерге үлкен дайындықпен бірге жалынды
жүрек керек. Уақыт сынынан өтетін ондай
шуақты шығарма ойы терең, қиялы ұшқыр, құлашы кең, жаны жомарт нағыз сөз
зергерінің қолынан келеді. Осындай жазушымыздың бірі – Тобық
Жармағамбетов.
Биылғы жылы
«Оқитын өлке» акциясы аясында сарапқа салынған бірнеше шығармалардың ішінен
оза шыққан жерлес жазушымыз Тобық
Жармағамбетовтың шығармалары оқуға
ұсынылды. Барлық уақытта туған әдебиетіміздің төрінен лайықты орын ала
алатын, дара дарнымен туған, өзіндік қасиет-болмысымен айырақшаланған Тобық
ағамыздың аз болсада артына өшпестей мұра етіп қалдырған шығармаларын
насихаттап, кейігнгі ұрпаққа жеткізу біздің міндетіміз. Ол әдебиет әлемінде
жарқ етіп көрінді де, жанып үлгере алмай, беретінінің бестен бірін бере алмай,
ерте дүние салды. Табиғаттың өзі толғатып туған тамаша таланттың бар асылы
бойында кетті. Соңғы сөзі қаламының ұшында қалды. Сондықтан да ол – ешқашан
ұмытылмауға тиіс жазушы! Ендеше,
Сіздерді әдебиет әлемінде шұрайлы шығармаларымен бестен бірін бере алмай, ерте
дүние салды. Табиғаттың өзі толғатып туған тамаша таланттың бар асылы бойында
кетті. Соңғы сөзі қаламының ұшында қалды Тобық Жармағамбетов туындыларын оқуға
шақырамыз!
Жүргізуші:
..... Ақтөбенің
бұлттары болып алаң,
Деп сұрайды:
«Қайда сол Тобық аға?»
.... Тобық
ағам әрине Жарқамыста,
Жарқамыстың
бұлттары толық аман.
«Көк аспанға
жүрсек те қонып тегі,
Несібеміз
жердегі толық,» - деді.
Есіміміз
біздердің «Нәзік бұлттар»,
Есім берген
ағамыз – Тобық, - деді, - деп ақын Е. Ашықбаев жырлағандай,
Талантты тұлға Тобық Жармағамбетовтың 80 жыл толуына
арналған кәдеби сағатымызды аяқтай отырып жазушының әдеби мұрасы әлі зерттеліп,
зерделі көңіл төрінен орын алып, зейінді зерттеушілер еңбектерімен толыға
түсері ақиқат. Мұның өзі таза талантқа тән өлшемдердің бірі.
Келесі кездескенше қош сау-саламатта болайық!
12 қараша сағат 11-00 «Ақтөбе қаласындағы сал азаматтарды қорғау» орталығы.
«Дархан дарын жазушы»
әдеби сағат қос қаламгердің 80 жылдығына арналған (мүмкіндігі шектеулі оқырмандар арасында)
Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті оқушылар !
Өзіміз
білетіндей, 2011 жылы облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен
облыс көлемінде «Бір өлке – бір кітап» акциясы жарияланған болатын.
Алғашқы акцияға жерлес жазушы, аудармашы
Ғалым Ахмедовтың «Жем бойында» тарихи романы таңдалды .
Жалғасын
тапқан акцияда, яғни 2012 жылы
Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, ҚР халық ағарту ісінің үздігі,
жерлес ақын Мұхтар Құрманалиннің шығармашылығына арналған. Акцияға ақынның
«Жұлдызды жорық» кітабы таңдалған еді.
2013 жылғы таңдау қазақ
әдебиетінің классигі, драматург Тахауи Ахтановтың туғанына 90 жыл толуына орай
«Шырағың сөнбесін» шығармасына түсті.
Міне, биылғы жылы жерлес жазушымыз Тобық
Жармағамбетовтың туғанына 80 жыл толып отыр. Осыған орай жерлес ағамыздың
шығармалары таңдалды.
Аспанда алтын сәуле
ағылады
Жарқамыс жасыл
кілем жамылады.
Аяулы Тобық аға,
әр таң сайын,
Өзіңді нәзік
бұлттар сағынады,- деп Ертай Ашықбаев ағамыз айтқандай жазушы Тобық
Жармағамбетовке арналған әдеби панорамаға
қош келдіңіздер! Міне, биылғы жылы жерлес жазушымыз Тобық
Жармағамбетовтың туғанына 80 жыл толып отыр.
Аталмыш
акцияға байланысты шығарылған ақынымыз Нұрлыбек
Қалауовтың «Біз – оқитын өлкенің
тұрғынымыз» атты өлеңін оқушы Рысқалиева
Ақтолқын аса ынтамен баршасына
мәнерлеп оқып береді.
Жүргізуші: Қазақ прозасының соңғы толқыны сан жағынан да, сапа жағынан да – дәстүрді
жалғайтын жаңашылдықты, жас әдебиеттің ізденімпаз, өскелең қабілетін таныта
келді... Өмірге ғашық, жалынды жүрегі өмір күйін шертіп өткен сондай аяулы
азаматтың бірі – жазушы Тобық Жармағамбетов. Жармағамбетов
Тобық Мырзағұлұлы 1934 жылы Жарқамыс ауылында туған. Жазушы 1957 жылы Қазақ
мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. 1957-59 жылдары
Жарқамыс орта мектебінде мұғалім, 1959-73 жылдары Байғанин аудандық «Жаңа өмір» газетіне жауапты хатшы,
редактордың орынбасары, Ақтөбе телевидениесінде аға редактор, бас редактор
болды, облыстық «Коммунизм жолы» газетінде, облыстық мәдени ескерткіштерді
қорғау қоғамында қызмет атқарды.
Жүргізуші: Тобық Жармағамбетов шығармашылық қызметін 50-жылдардың аяғында
бастады, ол нағыз талантқа тән тереңдікпен, ойшылдықпен, сыршылдықпен қалам
тербеп, уақыт, заман талабына сай салиқалы ой, салмақты жүк арқалаған
шығармалар жазды. Үлкен бір повеске пара-пар «Отамалы» әңгімесі қазақ
әдебиетінің алтын қорына қосылған асыл мұра болып қалды. «Ақ жауын» повесінде
30-жылдардағы қиын кезең туғызған халық қозғалысын, сол кездегі жіберілген
өрескел қателіктерді батыл ашып көрсетті, «Бәйтеректің жас шағы» повесінде
халық ақыны Нұрпейіс Байғаниннің өмір жолының кейбір сәттерін
оқырманға шебер суреттеу арқылы жеткізді.
60-жылдардағы ауыл
жастарының тіршілігі, сырласу, нәзік сезім, шын сүйіспеншілік, қазақ ауылының
көрікті бейнесі «Нәзік бұлттар» деп аталатын повесінде көркем бейнеленді. Т.Жармағамбетовтың
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ауыл өміріне арнап жазған «Қара жаңбыр» атты
туындысы да көпшілік оқырман қауымның ыстық ықыласына бөленді. Жазушы
адамгершілік, достық, махаббат тақырыбына арнап «Екі жүрек», «Екі дос», «Менің
достарым», «Кішкентай махаббат» атты әңгімелер жазды.
Жүргізуші: Жазушының қарындасы Әсем
Жармағамбетованың естелігінен: «Ағатайым туралы сөз қозғасам көкірекке кептелер
әңгіме көп, қайсыбірін айта берейін. Балалық шақтың біраз жәйттері есте тұр әлі
күнге дейін. Ол қолы қалт еткенде кітап оқуға құмар еді. Кітапқа үңілгенде
бүкіл дүниені ұмытып, жан-тәнімен беріліп кететін. Оныншы класқа өткен жылы
еді. Бір күні екеуміз үйге керек-жарақ әкелу үшін дүкенге бардық. Киім-кешектің
көзі аз кезі ғой. Шұлық түсіп жатыр екен. Бұған мен қуанып кетіп: «ағатай,
шұлық сатып алайықшы» дедім. Ол үндей қойған жоқ. Мен шыдамсызданып: «екеумізге
де керек қой» деп тағы нығарладым. Ол «әзірге менде бар ғой» деді де, маған
екеуін алып берді. Енді кітап сататын бөлімге келдік. Ағай дүкеншіден оны-мұны
сұрап жарты сағаттай айналды. Ақырында бір қолтық кітап алып шықты. «Кітап
дегенің үйде толып тұрған жоқ па» деген менің наразылығыма: «Көкеш, сен үндеме,
көптен бері түскен қызық кітаптар екен. Бүгін келмегенімде өтіп кететін түрі
бар. Жолымыз болды» деді, балаша мәз болып. Ол кітап оқымаған күні бірдеңем
ұмыт қалғандай сезінемін деуші еді. Осының бәрі оның үлкен жазушылық жолға дайындығы екен
ғой.»
Құрметті оқырмандар, көрнекті
ақынның өмірі жайлы
естелік суреттерден құралған «Жазушының нұрлы әлемі» атты слайд тамашалаңыздар .
Жүргізуші: Өтті жыршым, кетті қыршын жасында,
Бұл өмірдің қызығына тоя алмай.
Гүл өсіп тұр қабірінің басында
Жарқамыста жатыр ұйықтап оянбай,- деп ақын
Есенбай Дүйсенбаев жырлағандай, Тобық
Жармағамбетов әдебиет әлемінде жарқ етіп көрінді де, жанып үлгере алмай, беретінің бестен бірін бере
алмай, ерте дүние салды. Табиғаттың өзі толғатып туған тамаша таланттың бар
асылы бойында кетті. Соңғы сөзі қаламының ұшында қалды. Әдебиет арнасын аздырмай,
жағасын тоздырмай оны молықтыру үшін қайнар көздің бірі болған Тобық Жармағамбетов сияқты асыл ағалардың есімін
ұмытпайық, ағайын!
Комментариев нет:
Отправить комментарий