Гаухар Каспакова - АНА.
сөзі: С. Жиенбаев
әні: Д. Ботпаев
"Жігіттер" тобы - Айналдым елім
Сөзі: С. Жиенбаев
Е. Хасангалиев, М. Ералиева - "Қасымдасын сен"
Сөзі: С.Жиенбаев
Е. Хасангалиев - "Апатайым" алтын айым
Сөзі: С.Жиенбаев
Әні: Е.Хасанғалиев
М. Ералиева - "Айналдым елім"
Сөзі: С.Жиенбаев
Әні: Е. Хасангалиев
Е. Хасангалиев - Алматы көктемі
Сөзі: С. Жиенбаев
Таңшолпан бағдарламасындағы Сағи Жиенбаевтың
"Бөлмеймін сені байтағым" атты өлеңі
Елім менің
Әнін жазған Мыңжасар Маңғытаев
Балғын өлкем – баулары маужыраған,
Қырларында қызыл гүл жаудыраған.
Аңқиды жұпар иісі
кең даланың
Әр белден, әр төбеден,
әр қиядан.
Қайырмасы:
Туған елім менің –
Кіндік кескен жерім,
Айналдым сенен, Қазақстаным.
Көз алдымда көгілдір тау
мұнартып,
Аспанымда аққудың әні
қалқып,
Құшақтап бір өзінді,
туған далам,
Жатамын көк шалғында
жаным балқып.
Қайырмасы:
Тасып жатқан өзендер
жағасынан,
Сары белде сағымдар
арасынан
Тарайды дән жұпары
бар әлемге
Қазақтың қасиетті даласынан.
Қайырмасы:
Бақытым менің
Әнін жазған
Ескендір Хасанғалиев
Бөлмеймін
сені, байтағым,
Теңіз деп,
тау деп,
дала деп.
Жайлауға
шығып қайтамын,
Жамылып түнді қара
көк.
Өлкеңнің бәрі бір
маған,
Жүремін өзің баурыңда.
Теңізде жүзем тулаған,
Жұпарын жұтам таудың
да.
Жағады маған о
бастан
Көктемгі
майса көгалдар.
Ақ түтек
болып жер-аспан,
Ақпанда соғар борандар.
Сүйкімді
маған құмың да,
Сонау бір
қарлы биік те.
Жотада жүрген
құлын да,
Жапанда жүрген
киік те.
Біреуі – жусан
түбінде,
Біреуі – жасыл тау шыңда.
Сүйемін бұлбұл үнін де,
Бозторғайлардың
даусын да.
Тау шыңы,
теңіз айдыны...
Қырларың, әнші
құстарың –
Бақытым менің барлығы,
Барлығы – Қазақстаным!
Таусылмайды белестер
Әнін жазған
Жұмағазы Жасиінбеков
Таусылмайды
белес-белес жон да әлі,
Ел
іздейсің аунап-қунап қонғалы.
Алты
қырдың астынан бір
ән келсе,
Алдыңдағы
қазақ аулы болғаны.
Қарт
келеді құрық ұстап
қолға әні,
Қыран
құстай асау тайға
қонғалы...
Қадірлі
бір қонақ келіп
қалды деп,
Құрақ
ұшса, біздің атай
болғаны.
Күнде
алдыңнан кездесетін көл, кәні,
Бір
жағынан қысқан шығар
шөл-дағы...
Сар
зереңмен сусын ала
жүгіріп,
Бәйек
болса, біздің әжей
болғаны.
Таусылмайды
белес-белес жон да әлі,
Ел
іздейсің аунап-қунап қонғалы...
Қайда
жүрсең, құшақ жаяр
алдыңнан
Қазақтарды ұмытпасаң
болғаны!
Айналдым, елім
Сағындым сені,
Сағымды белдер,
Көкорай шалғын,
Қоғалы көлдер.
Қайырмасы:
Жайқалған
көгі,
Жазира далам,
Алыстан аңсап, келемін.
Айналдым, елім,
Аяулым менің.
Сағындым сені,
Туған жер.
Жағасы жайлау
Даласы көркем.
Аспаны биік
Армансыз өлкем.
Қайырмасы:
Нұрындай күннің,
Гүліндей қырдың.
Сағындым сені,
Балауса құрбым.
Қайырмасы:
Салтанат
Әнін жазған
Ғазиза Жұбанова
Ел үшін ер-азамат
еңбегі де,
Өзіңмен бірге бүгін
ел де, міне.
Әрқашан
айнымауға ант етеміз,
Ризамыз, Ұлы дана,
сенгеніңе.
Жаңғыртып
сәулесімен күміс таңның,
Жасадың өз қолыңмен
ырыс бағын.
Әрқашан еске алады
бір өзіңді,
Кең байтақ Қазақстан – гүлстаның!
Өзіңнен
көргендейміз нұр-шуақты,
Гүлдері
кеудеміздің бүршік атты.
Жан-көсем,
кездесуге асығамыз,
Көрінген
көгімізден күн сияқты!
Мен сенің ұланыңмын
Әнін жазған Абдолла
Баситов
Туған Отан, кеудемді
желпіндіріп,
Бәрін өзің үйреттің
ертіп жүріп.
Кең болуға
талпындым өзің құсап,
Өр болуға
талпындым еркін күліп.
Таң атса да
қиырдан қылаң беріп,
Күн батса да
қып-қызыл қыран болып.
Туған Отан, мөп-мөлдір
аспан құсап
Күндіз-түні
мен сені тұрам
көріп.
Жақыныңмен
таныстым, алысыңмен,
Жасыл орман, көк
теңіз, кәрі шыңмен.
Жан күйіңді шертемін
қоңыр сазды
Айнымаған
өзіңнің даусыңмен.
Саған тартқан кішкентай
ұланыңмын,
Жылуы бар жанымда
шуағыңның.
Сүйікті Отан, өзіңнің
тамылжытып
Қуанышта
шырқайтын бір әніңмін.
Қызыл қырман
Әнін
жазған Дүнгенбай Ботбаев
Салқын самал,
мөлдір аспан,
Алтын теңіз жер
қайысқан.
Нағыз думан келді,
достар!
Құрбылар!
Бағымыз да осы
дала,
Жанымыз да осы дала.
Жең сыбанып, белді буып,
Бетімізді желмен жуып,
Жаңғыртайық жер мен
көкті,
Өсе берсін өркені
Даланың!
Өркені өссін! Ха–лә–лә–ку! Ли–ләй–ай!
Құрбылар!
Әніміз де осы дала,
Сәніміз де осы дала.
Тоқталмасын қызық думан,
Тау боп тұрсын
қызыл қырман,
Жаңғыртайық жер мен
көкті,
Өсе берсін өркені
Даланың!
Аянбаңдар, жалын –достар!
Жан құрбылар, қарындастар!
Жалын–достар!
Қуантыңдар ел–ананы,
Сәнге бөлеп кең даланы.
Еңбегіңмен, достар!
Әнге бөлеп кең даланы!
Көп болды,
бозаң белдерім,
Өзіңнен ұзап кеткелі.
Арамыз қазір жер
менен
Жұлдыздай
сонау көктегі.
С.Жиенбаев
Табиғат, туған жер
туралы әндер
Ақ бесігім
Әнін
жазған Әшір Молдағайынов
Туған далам –
ақ бесігім, ұлы анам,
Саған қарай талпынамын
қиядан.
Сен гүлдесең, мен
де бірге
гүлдеймін,
Сен қуансаң, мен де бірге
қуанам.
Көз алдымда сен
тұрасың қашанда,
Саған келем, асқар
таудан асам да.
Ашыламын
нөсер жуған аспандай
Ақ төсіңе кеудемді
бір басам да.
Көңілімді
көтересің көкке сен,
Сенің арқаң осылайша
көктесем.
Көкірегім
қалатындай құлазып,
Жылда саған бір
сүйгізіп кетпесем.
Кең далам
Әнін
жазған Ғали Дүйсеков
Туған далам, сенің
аппақ көп құсың
Кең дүниенің шарлап –сүзіп
кетті ішін.
Бір жарқ етіп
түспедім ғой көзіңе,
Мені ұмытып бара
жатқан жоқпысың?
Қайырмасы:
Мен ұмытпан өзіңді,
Көк сағымдар тербетілген кең
дала,
Күндіз–түні ойлайтыным сен
ғана.
Туған далам, күдер
үзбе сен менен,
Жыр жаңбырын төкпеді
деп кеудеден.
Жер болуың мүмкін емес
өңгеге,
Кем болуың мүмкін
емес өңгеден.
Қайырмасы:
Алматы туралы
ән
Әнін жазған
Ескендір Хасанғалиев
Сағындың ғой көптен,
Самал желді өпкен,
Жұпар шашты көктем, Алматым.
Гүлге оранды бағың,
Бастады жыр - әнің,
Құлпыратын шағың, Алматым.
Қайырмасы:
Алматым – аяулым,
Құшағыңды аш маған.
Асқар тау – саялым,
Алтын бесік астанам!
Бақытым да – бір сен,
Арманым жоқ сенің
Құшағыңда жүрсем, Алматым.
Мөлдіреген көлің,
Желбіреген көгің –
Қуанышым менің, Алматым.
Қайырмасы:
Асыл әнім – сенде,
Жасыл бағым – сенде,
Ғашық жарым – сенде, Алматым.
Аялайтын анам,
Арқа сүйер панам,
Еркелеймін саған, Алматым.
Айна көлім
Әнін жазған Күнсайын Қуатбаев
Көгеріп көрінбейді айна
көлім,
Көктем де желпімейді
майда лебің.
Ағарып атқан таңдай
қарсы алатын
Аяулы ақ сұңқарым
қайда менің?!
Ақ жүзін көрмегелі айлар
өтті,
Көктем де жақындады
майда лепті.
Сәлемін жеткізбейді жел де маған,
Аяулы ақ сұңқарым
қайда кетті!
Күн сайын
қарсы аламын таң
арайын,
Қалқаның алма бағын
аралаймын.
Сыбырлап сыр айтпайды
сұлу емен,
Мүлгиді тасаланып бала
қайың.
Көгеріп көрінбейді айна
көлім,
Көктем де желпімейді
майда лебін.
Алтын ай, сыбырлашы,
сағындым ғой,
Аяулы ақ сұңқарым қайда
менің?!
Алматы көктемі
Әнін
жазған Ескендір Хасанғалиев
Албырт толқын
алқынады жаныңда,
Асау сезім талпынады жалынға.
Албырайды, алаулайды ақ жүзің,
Алматының гүл жамылған шағында.
Қайырмасы:
Оралды көктемім,
Жайнашы жаным да.
Алма ағаш көктеді,
Жайнады Алматым.
Әнші құстар сайрайды кеп кеуденде,
Алатаудың құшағына енгенде.
Ақша бұлттар аясында қалқисың,
Алматыға ару көктем келгенде.
Қайырмасы.
Көктем келді шалғындарға, шыңдарға,
Қызғалдақтар құлпырады қырларда.
Ақ періште секілдісің, аяулым,
Алматыда балғын көктем тұрғанда.
Қайырмасы.
Арайлы Астанам
Әнін жазған
А.Мейірбеков
Аялап өсірдің, Алматым сүйіктім,
Аспандай мөлдірмін, асқардай биікпін.
Өзіңсің- көктемім, өзіңнен басқа бір
Қалауым жоқ менің, алаңым жоқ менің.
Әлдилеп жанымды желпиді самалың,
Көрмесем бір апта сағынып қаламын.
Ұшамын құс болып өзіңе, гүл бағым,
Асығып көргенше Алатау шыңдарын.
Қайырмасы:
Өзіңде гүлдедім,
толқыдым, тасыдым,
Өзгеше мен үшін
қадірің, асылым.
Оянып таңменен жүзіне
қараймын,
Қараймын құмартып,
Алматым арайлым.
Жырладым таң нұрын, жинадым тау гүлін,
Өзіңмен бірге өтті балауса бал күнім.
Тауынды шарладым, бауынды шарладым,
Құшақтап гүлінді, қияға самғадым.
Асқарға шықсам да, аспанда жүрсем де,
Тілегім - бір сенде, жүрегім - бір сенде.
Ән қылып шырқаймын, мәңгілік жас қалам,
Алматы – аялы, аяулы астанам.
Қайырмасы.
Алматы –
Дели
Алматының гүл бағында,
Алатаудың шыңдарында,
Қазақстан қырларында,
Қалың орман нуларында,
Елжіреген жүрегіндей
Қалықтап жүр жырларың
да.
Қайырмасы:
Алматы – Дели,
Алматы – Дели,
Көгілдір аспаны бір,
Оранып гүлге,
Билейік бірге
Келіңдер, достарым!
Көріңдер кеп, туысқаным,
Ел мен елдің
ұғысқанын.
Ұландардың гүл құшқанын,
Құшақ жайып қазақ
жері
Қарсы алады Үндістанын!
Қайырмасы:
Геологтар әні
Шалқар дала, шың-құздармен
Біздер біргеміз.
Түнде жарық жұлдыздармен
Сырласамыз біз.
Қайырмасы:
Геологтар – арман қосқан
Ақ көңілді адал
достар.
Айнымайтын,
айрылмайтын –
Геологтар, геологтар.
Шалғай өңір, шатқалың
да
Жолды бөгемес,
Аязың да, аптабың да
Бізге сөз емес.
Қайырмасы:
Кен іздейміз даламызға,
Соқсын, соқсын жел.
Анамыз да, саямыз да,
Туған Отан, сен!
Қайырмасы:
Әлемде қазір бір ән бар
Тұрса да заңғар биікте,
Оранып жасыл бауларға.
Қарайды бізге үмітпен
Мәңгілік асқар таулар да.
Қайырмасы:
Әлемде қазір бір ән бар
Қосылып айтар ұландар.
Ананың арман-тілегін,
Баланың балғын жүрегі,
Бәрінің жалғыз тілегі –
Тыныштық керек әлемге!
Жұлдыздар күнде елжіреп,
Жарқырап жанып аспанда,
Қарайды бізге мөлдіреп,
Қара бұлт кенет басқанда.
Қайырмасы.
Көктемде жайнап белеңдер,
Жұпарын шашып ауаға.
Оянып таңнан, елеңдеп,
Қарайды байтақ дала да!
Қайырмасы
Таң бұлбұлы
Жаралдың ба
Арман үшін,
Таң алдыңда
Самғау үшін,
Жан-жүректі
Елжіретіп,
Барады ерітіп,
Бал дауысың,
Сайра, құсым,
Сайра, құсым!
Кең даланың
Сәнімісің,
Ел-ананың
Бағымысың,
Аялаған
Сәнімісің,
Тамылжытып
Таулар ішін,
Сайра, құсым,
Сайра, құсым!
Туған жердің
Гүл-бағында,
Қырларында,
Шыңдарында,
Жасыл орман
Науларында,
Қалықтасын
Бал дауысың,
Сайра, құсым,
Сайра, құсым!
Ертісім – еркем
Ән келеді Ертістің
жағасынан,
Таң келеді тербеліп
даласынан.
Ақ айдыннан тұрады
жүзін көріп,
Ақ сарайлар ақша
бұлт арасынан.
Қайырмасы:
Ертісім-еркем,
Таулары көркем,
Баулары жұпар –
Туған өлкем!
Мұнаралар аспанның тіреуіндей,
Балғын дала арудың
іреңіндей.
Күмбірлейді кеудесі Керекудің
Соғып тұрған Арқаның
жүрегіндей.
Қайырмасы:
Білем саған, қалқатай, жан жетпесін,
Тау балбырап, көл
толқып, тал көктесін,
Қол ұстасып екеуміз
бір шырқайық,
Баянтаудың басынан ән
кетпесін!
Қайырмасы:
Туған жер
Әнін
жазған Ескендір Хасанғалиев
Сенде тұңғыш жүрдім де,
Сенде тұңғыш құладым.
Сенде тұңғыш күлдім де,
Сенде тұңғыш қуандым.
Көзімді ашып алғанда,
Сенің қырың көргенім.
Қырға тұңғыш барғанда,
Сенің гүлін тергенім.
О,туған жер,
барымның,
Сәттілері сенікі.
Балы болса жанымның,
Тәттілері сенікі.
Жүрегімде жыр болса,
Наздылары сенікі.
Көкейімде күй болса,
Саздылары сенікі.
Менің тұла бойымның,
Бұлан күші сенікі.
Қияға ұшқан ойымның,
Қыран құсы сенікі,
Озып келсем бәйгеден,
Орамалым сенікі.
Қақ алдыңа жайдым мен...
Қалағаның сенікі!
Шамшырақ
Әнін жазған Мыңжасар Маңғытаев
Сен әкелдің далаға
нұр - шуақты,
Жанымыздың гүлдері бүршік атты.
Асығамыз өзіңмен кездесуге
Көгімізден көрінер күн сияқты.
Қайырмасы:
Шам-шырағым,
Таң шуағым,
Сен жайлы жүректерде
Қалсың әнім
Сенің
сәулең жердегі аппақ арай,
Қызығатын
шыққан күн, батпаған ай,
Ақ
жұлдыздар ұшады көкжиектен
Сенің
қолың сілтеген жаққа қарай.
Қайырмасы.
Бақыттысың,
сен елдің мақтанысың,
Талай
ғасыр тебіреніп тапқанысың.
Мұхиттарды
шарлайсың, құрлықтарды
Жер
бетінде тыныштық сақтау үшін.
Қайырмасы.
Аққуым
Әнін жазған Мыңжасар Маңғытаев
Құштар еді гүл-көктемнің лебіне,
Көктемменен бірге еді
оның демі де.
Әлденеден кетті ме
екен шошынып,
Аққу құсым оралмай
жүр көліне.
Көктемге еріп, көк
шалғынды белеңмен
Құстар ағып кетіп
жатыр өлеңмен.
Батар күннің шұғыласына
малынып,
Жалғыз аққу өтпеді
ме төбеңнен?
Ақ нұр еді, балғын
еді өзі де,
Жолықтың ба налып
жүрген кезіне.
Айдын көлде жәудіреген
жанары
Жалғыз аққу түспеді
ме көзіңе?!
Шыңдағы шынар
Әнін жазған
Дүнгенбай Ботбаев
Жалғыз шынар тұр
жайқалып,
Биік таудың басында,
Жұлдыз бен бұлттардың
қасында.
Жел суылдап, көл
шуылдап,
Жапырағы ұшқанда –
Ұқсайды көктегі құстарға.
Қайырмасы:
Тұрады
Күзетіп
Туып-өскен мекенін,
Сезеді
Өзі де
Мәңгілік бір екенін.
Асқар таумен сырласады,
Ұқсамайды пендеге,
Қайғы-зар салмайды кеудеге.
Кірбіңі жоқ, бір
мұңы жоқ,
Шомылады жаңбырға,
Мәңгі ырза осынау
тағдырға.
Қайырмасы:
Жаңа жыл
жыры
Әнін
жазған Ескендір Хасанғалиев
Жаңа жыл бүгін!
Бәрі де бүгін жап–жаңа.
Аспан да жаңа!
Жап–жаңа қазір
бар дала,
Ұшқан жоқ әлі
Тау басындағы
ақ бұлттар,
Түскен жоқ іздер
түндегі жауған
қарға да...
Демалшы, далам!
Аз ғана
тыным алшы бір.
Сен үшін тынбай
егінші де жүр, малшы
жүр.
Береміз саған
бойдағы жалын–жылуды,
Төгеміз саған,
Жүректе болса,
тамшы–нұр.
Алаңсыз демал!
Ұл–қыздарыңа сене
бер,
Ой–қырың түгел
биыл
да тағы
кенелер.
Сен үшін бүгін
Жүргелі тұрған
составтар,
Сен үшін қазір
Ұшқалы тұрған
кемелер!
Биыл да тағы
атқарар сенің
ісің көп,
Өзіңді, далам,
ұрпағың ғана
түсінбек...
Аламыз бокал!
Қазақтың байтақ
қырына
Тағы бір жылдың
Аман–сау келгені
үшін деп!
Ақ бесігім – Қарағандым
Әнін
жазған Ескендір Хасанғалиев
Көкірегімде жұпар желі
Сарыарқаның,
Тасып жатқан дариядай
дән алқабың.
Қайда жүрсем, көз алдымда тұрасың
сен –
Шалқар көлім, шалғын белім,
самал тауым.
Қайырмасы:
Жері жомарт, елі
дарқан,
Бар қызығым сенің
арқаң,
Ақ бесігім – Қарағандым.
Жүзі жарқын, жүрегі ыстық,
жаны көктем,
Жігіттерің жаралғандай жалын– өрттен.
Сары даланың шалқып
ескен самалындай,
Сарыарқаның арылмайды әні
көктен.
Қайырмасы:
Жан жайлауым – жасыл орман, таулы
құздар,
Баурайында балауса гүл, балғын
қыздар.
Құтты мекен қырандары
қияға ұшқан,
Аспанында жарқыраған ақ
жұлдыздар.
Қайырмасы:
Домбыра
Әнін жазған Досқан Жолжақсынов
Өзіңсің жалғыз іңкәрім,
Өзіңсіз менің шын
ием,
Армандай күткен тұлпарым,
Маңдайға біткен дүнием.
Қалдырмай кірбің көңілде,
Тартамын сені шалқытып.
Тұрасың үйдің төрінде,
Даламның иісін аңқытып.
Көзіндей ата–бабаның,
Өзіңсің елдің ажары,
Осынау байтақ даланың
Тарқамай келген базары.
Кеудеде қалмай қаяу–мұң,
Кәрі–жас толқып, толғансын.
Домбырам, асыл аяулым,
Қазағым бар да, сен барсың.
Май
шуағы
Әнін жазған Мәлгаждар Әубәкіров
Төгеді шуағын көгілдір
көктем,
Самал жел аймалап
өбеді беттен.
Көк шалғын жайқалған
көңілді далаға
Қызығып құстар да
қарайды көктен.
Ана да, бала да жайдары бүгін,
Жинайды құшаққа даланың
гүлін.
Орманда қосылып сайрайды
құстар,
Тамсанып, қарсы алып
көктемнің нұрын.
Көктемгі жаңбырдан көгерді
қырлар,
Шайқалды айдындар, жайқалды нулар.
Сәулемен ойнайды, желбіреп
гүлдей,
Сәбидің қолында ал
қызыл тулар!
Ашық аспан
Әнін
жазған Әбілахат Еспаев
Аспанда бірге күніміз,
Атады бірге
таңымыз.
Біздердің билер биіміз,
Біздердің айтар әніміз.
Қызғалдақ өссін қырларда,
Торғайлар қонсын жас
талға.
Ақша бұлт тұрсын
шыңдарда,
Ақ қаздар ұшсын
аспанда.
Толықсып жерде алтын
дән,
Тоғайда құстар сайрасын.
Аспанда салют жарқылдап,
Аспанда жұлдыз жайнасыy.
Дала даусы
Әнін жазған Мыңжасар Маңғытаев
Көгілдір
аспан, көкорай шалғын
айнала,
Таңменен
бірге оянды тағы
бар дала.
Бастады жырын машина
қаздай ағылып,
Бастады күйін жаңғыртып
болат балға да.
Ағады бұлақ
даланың мейірін қандырып.
Барады жастар
аспанның астын ән
қылып.
Шағылып күнге ұшады
мәрмәр тастар да,
Таңменен
бірге таулардың іші
жаңғырып.
Дала да, тау да
жырлайды,
Тамылжып
аспан тыңдайды.
Жұлдыздар
шамын жаққанша
Даланың жыры тынбайды.
Қырандар бауыр
басып асқарында,
Жайраңдап
қыз-жігіттер жас бағында,
Шалқиды
шаттық әні күндіз-түні
Қалықтап
Қаратаудың аспанында.
Алатау көктемі
Әнін жазған Бақытжан Құрманғалиев
Ақ жаңбыр жұпар
шашты тауға бүгін,
Бастады әнші
құстар бауда жырын.
Көңілді елжіретіп
келді көктем,
Сен де бір
көктем болып жайна, құрбым.
Қайырмасы:
Сайра, бұлбұл,
Жайна гүл-гүл,
Жасыл бағым – жаннатым,
Сенсің жырым,
Сенсің әнім,
Асыл ару – Алматым.
Лебіндей жас сұлудың
діріл қаққан
Келеді көктем иісі
гүлді бақтан.
Бір саған еркелейді
ерке бұлақ,
Үстімен көк
шалғынның сырғып аққан.
Қайырмасы:
Келді ғой жұпар
аңқып жалынды шақ,
Тербетер тал –
бойыңды балғын құшақ.
Көктемнің
құшағында тұр Алатау
Оранған ақ сәулеге
ару құсап.
Қайырмасы:
Бозторғай
Әнін жазған Дүнгенбай
Ботбаев
Даланы сағынып,
Жаңбыр боп,
ақ нұр боп
жеткен.
Аспанмен ағылып,
Келеді
балауса көктем.
Көрдің бе даланы,
Қарашы көгілдір
белге,
Әніңді баяғы
Шырқашы, шырқашы сен де.
Қайырмасы:
Еркем, жаралған ән үшін,
Шырқа,
жеткенше даусың.
Толтыр наз
қоңыр әніңе
Сай ішін, бау ішін.
Естісін даланың
Көкорай алабы,
Таратсын самалы,
Шырқашы, шырқашы,
еркем-ай.
Күтеді әніңді
Күн сайын кең
дала асыға,
Айтады қайталап
Жусаны, шалғыны, тасы да.
Жырлашы қырқада,
Аяулым, даланың
өзіңдей,
Даусыңды шырқаған
Тыңдасын
дүние көз ілмей.
Қайырмасы:
Сарыағаш самалы
Әнін
жазған Әсет Бейсеуов
Қалдың ба ұнатып
Сарыағаш самалын,
Жүрекке жидың ба
жұпарын даланың?
Оңтүстік
аспаны тұратын алаулап,
Одан да отты
екен, жас құрбым, жанарың.
Қайырмасы:
Көктемнің балбыраған
құрағындай,
Еліктің
жаудыраған лағындай.
Балауса
балғын жүзім,
Бақытым – бал–қызығым,
Жарығым – жан
жұлдызым,
Балқытар
Сарыағаштың бұлағындай.
Лебіндей
көктемнің мөп-мөлдір ауасы,
Көгілдір
таулардың, баулардың арасы.
Жаным-ау, жалғыз-ақ
өзің бе гүл
атқан –
Құмартқан
жүректің мың да
бір дауасы.
Қайырмасы:
Жырға да, нұрға
да бөленді ән-өлкем,
Өзіңді
сағынып тұрамын таңертең.
Жайнатқан
аспанды жұлдыздай жарқырап,
Жанымда
мәңгілік жүрсеңші, жан
еркем.
Қайырмасы:
Далам менің
Әнін
жазған Жоламан Тұрсынбаев
Кең жазира, көгілдір
далам менің,
Өзіңсің ғой сағынсам,
шіркін-ай,
дариға-ай, барар жерім.
Толқындарың
қаныммен бірге тулап,
Сүйейді қолтығымнан, туған
жер,
туған жер, самал
желің.
Қайырмасы:
Туған жер,
Дарқан ел
Байлығымсың,
Бақытымсың.
Таныс маған даламның
әр дыбысы,
Көл сыбыры,
жел шуы, шіркін-ай,
дариға-ай, тау тынысы.
Сен сияқты менің
де бар бойымда,
Шалғын иісі, гүл
иісі, туған жер,
туған
жер, дәннің иісі.
Қайырмасы:
Сен тұрғанда осылай
күйге балқып,
Ақ төсіңде жұпарлы,
шіркін-ай,
дариға-ай, гүлдер аңқып.
Мен жүремін көркіңе
көзім тоймай,
Аспаныңда
ауаңмен, туған жер,
туған жер, бірге
қалқып.
Қайырмасы:
Бота көзді
көлдерім
Әнін
жазған Әсет Бейсеуов
Жас кеттім, мен
өзіңнен жалғыз кеттім,
Жаныма жарық болар
таңды іздеппін.
Құлшынып, қия белде
қиял қуып,
Кеудемнен
қоңыр сазды әнді
үзбеппін.
Қайырмасы:
Бота көзді көлдерім,
Боз жусанды белдерім,
Алыс-жақын жүрсем
де, туған жер,
Аңсағаным сен менің.
Талпындым, өрге
шықтым, құлдырадым,
Үйрендім ерке назды
бұлбұл әнін.
Кеудемде
күндіз-түні жырласын деп,
Таулардың
құйып алдым мың
бұлағын.
Қайырмасы:
Даламның
араладым белесін көп,
Кеудемді
қоңыр сазбен бөлесін деп.
Талпындым
таудың биік қиялына
Туған жер мені жасық демесін деп.
Қайырмасы:
Арал аңызы
Әнін жазған
Ғазиза Жұбанова
Көк теңіз теңселеді,
толғанады,
Толқындар
жарға соғып долданады.
Алқынып,
алабұртып асау Арал,
Алардай
құшағына кең даланы.
Кең дала мұңдасы
да, сырласы да
Өзінің
жарасатын тұлғасына.
Аралдай
айдынға да пана
керек
Жарқырап жату үшін
күн қасында.
Менің анам –
сүйегі асыл, мықты адам.
С.Жиенбаев
Ардақты әкелер, аяулы аналар
туралы әндер
Анама
хат
Әнін жазған
Дүнгенбай Ботбаев
Көз алдымда суретің
тұр, жан анам,
Жалғызыңа
сағынышпен қараған.
Көптен бері
қайтпай жүрген қаладан.
Қайырмасы:
Апатай,
қасыңдамын күнде сенің,
Өзіңмен
күндіз-түні тілдесемін.
Өзіңсің аспаным
да, асқарым да,
Өмірде сенсіз қалай
күн кешемін.
Қалай мен күн
кешемін?!
Көлеңке жоқ
көңілде де,
Гүлге толы
жан-жағым.
Түсімде де, өңімде де
Сені ойлаймын, ардағым.
Жан-күйіңді көрем сенің көзіңнен,
Соның өзі маған
қымбат сөзіңнен.
Үнсіз ғана тілдесемін
өзіңмен.
Қайырмасы:
Апатайым,
алаңдама балаңа,
Балаңды іздеп жаутаңдама
далаға.
Мәңгі сені ұмытпаймын,
жан ана.
Қайырмасы:
Сағындым
сені
Әнін
жазған Нұрғиса Тілендиев
Сағындым сені,
жалғызым менің – жан анам,
Жаутаңдап
ылғи жолыма күнде
қараған.
Жадымда қазір өзіңнің
қоңыр дауысың,
Қолыңды
бұлғап, шақырып тұрған даладан.
Сағындым сені,
сағындым қоңыр даусыңды,
сені сағындым.
Қайырмасы:
Ардағым
– анам,
Асқар тау – панам,
Алдымнан
аңқылдап шығатын,
Құшағын жайып кеп
тұратын,
Сағындым
сені, сағындым сені,
Аяулым, сені
сағындым.
Әніңді маған, жаныңды маған арнадың,
Мен үшін талай тауды да тасты шарладың,
Арқалап жүріп, қалқалап жүріп таулардан,
Өткіздің мені, жеткіздің мені, ардағым.
Сағындым сені, сағындым сол бір
кездердің бәрін
сағындым.
Қайырмасы:
Сағындым сені, толқиды теңіз кеудемде,
Таңдарда тұрып, қараймын көкшіл белдерге.
Ақша бұлттарға оранып, тұрған ақ бас шың
Сен болып маған
көрінеді, анам, кей-кейде.
Сағындым сені, сағындым
сенің даусыңды, сені
сағындым.
Қайырмасы:
Сөнбейтін от
Әнін жазған
Дүнгенбай Ботбаев
Ұлым менің,
Сенбісің?
Күнім менің,
Тіл қатшы маған,
Құрғатшы жасын
Анаңның, ардағым.
Қайырмасы:
Қайда, Айтшы, кең дала.
Қара Жер-ана:
Білесің бәрін,
Ананың зарын
Бір өзің ғана.
Қайда, Құлыным менің,
Құлыным менің,
Айтшы, күнім қайда?!
Таба алмадым,
Өзіңді
Бар әлемнен.
Тауды да кездім,
Тасты да кездім,
Жер бетін шарладым.
Қайырмасы:
Жоқсың ба әлде,
Сен мынау
Отсың ба әлде?
Бозала таңнан
Лапылдап жанған
Сенбісің, ардағым!?
Ауыл қарттары
Әнін жазған
Досқан Жолжақсынов
Дүниеге келер бір рет,
Дария кеуде, тау мүсін.
Құрыштан құйған құдірет –
Қарттарым, аман саумысың?!
Өздерін болсаң жаныңда,
Ел іші жомарт, еңселі.
Дән иісі жүрген қаныңда
Даламның бір-бір бөлшегі.
Арада жылдар жөңкіліп,
Алыстам кеттім біртіңдеп.
Айта алмай ауыз толтырып,
«Ассалаумағалейкүм» - деп.
Өзге
бір менде жоқ тілек,
Өздерің көзбен баққаным.
Жайлы
жер іздеп кетті деп,
Жазғыра
көрме, қарттарым.
Ердім бір сиқыр қаламға,
Шығардым белге жыр көшін.
Болғам жоқ алаң, далама
Әулие қарттар жүргесін.
Жанды
ғой бағы даланың,
Сендерге
қуат, дем берсін.
Киесі
де – оның сендерсің,
Иесі
де – оның сендерсің.
Алдымда жүрші көзімнің,
Асылым, алтын қазынам.
Ауыра қалсам, өзіңнің
Пейіліңмен-ақ жазылам.
Сағынып
талай жыр туар,
Мадақтар
әлі сан жыршы.
Даламның
иісі бұрқырап,
Қарттарым,
аман-сау жүрші!
Ана
Әнін жазған Дүнгенбай Ботбаев
Дамылдап
өзендер де,
Күн батып, күн
шығады,
Мен үшін
көзіңді ілмей,
Анашым, жүрсің
бе әлі,
жүрсің бе әлі?!
Қайырмасы:
Дүние құлпырады,
Боялып дала нұрға.
Сонда да мен тұрамын
Өзіңнің жанарында.
Сағымға
тербетіліп,
Шықтың сен қанша қырға.
Шаршады жел де тынып,
Анашым, шаршадың ба,
шаршадың ба?!
Қайырмасы:
Жайнаған балғын
гүлмен,
Жан анам – жасыл бағым,
Өзіңмен жаным бірге,
Мәңгілік қасыңдамын,
қасындамын!
Қайырмасы:
Ана әлдиі
Әлди-әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат,
бөпем.
Менің құйттай құлыным,
Кімге ғана тартты
екен?!
Әлди-әлди, ақ көкем,
Ақ төсекке жат,
көкем.
Менің құйттай бөпешім,
Неге ғана тәтті
екен?!
Жая ма екен, жал
ма екен,
Жұпар ма екен, бал ма
екен.
Ақылы көп, осындай,
Аппақ бала бар
ма екен.
Құлыншағым қайда екен,
Ұрыншағым қайда екен.
Қасына әкеп қояйын,
Қуыршағы қайда екен?
Әй-әй, бөпем, әй, бөпем,
Жұлдыз ба екен, ай
ма екен,
Менің әппақ көкемдей
Әй-әй, бөпе қайда екен?!
Асыл жандар
Әнін жазған Ескендір Хасанғалиев
Асылым, асқар таудай
дара тұлғаң.
Адамның алғысынан жаратылған.
Жүресің барлық елдің
қамын ойлап,
Түскендей аққу құстың
қанатынан.
Шарқ ұрып күндіз-түні адам
үшін,
Жүгірген кең даланың
самалысың.
Тұратын кеуделерге сәуле
құйып,
Осынау дүниенің ажарысың.
Күтеді барлық адам
жаны қалмай,
Жарқ етіп бір көрінсең
сауығардай.
Емдейтін жүрегінің жарығымен
Бар екен сенен
артық дәрі қандай?!
Ардақтаңдар
ананы
Әнін
жазған Нұрғиса Тілендиев
Бірге жайнап,
бірге лаулап көктеммен,
Жүректерге
жарық берген, от
берген.
Таң күзетіп, түн
ұйқысын төрт бөлген,
Ардақтаңдар,
ардақтаңдар ананы!
Ұмытпаңдар
аналардың әлдиін,
Сол әлдиден
басталады ән-күйің.
Суытпаңдар
елжіреген жан күйін,
Ардақтаңдар,
ардақтаңдар ананы!
Арнады ана сәбиі
үшін тағдырын,
Арнады оған бар
қызығын, бар жырын.
Алау күнін, албырт
күнін, бал күнін,
Ардақтаңдар,
ардақтаңдар ананы
Азаматтар, ана
жөні бір бөлек,
Аналарға қуат керек, жыр
керек.
Аналарға шуақ керек,
нұр керек,
Ардақтаңдар,
ардақтаңдар ананы!
Апатайым –
алтын айым
Әнін жазған
Ескендір Хасанғалиев
Қарғашымды
тербетсін деп,
Сен айтпаған ән бар
ма?
Қабақ шытпай ержетсін
деп,
Сен аспаған
тау бар ма?
Қайырмасы:
Жанарыңа нұр ойнасын,
Көк жүзінен тараған,
Көп ойланып,
мұнаймашы,
Мұнаймашы, жан
анам!
Шарладың ғой құстай
ұшып,
Аспан – жердің
арасын.
Қиналдың ғой бір
мен үшін,
Бір мен үшін,
анашым.
Қайырмасы:
Апатайым – алтын
айым,
Тұршы жайнап көгімде.
Бір сен үшін
талпынайын,
Шарқ ұрайын өмірде.
Қайырмасы:
Көңіл елтіп бір
аққудың әніне,
Кетем кейде
Алатаудан әрі де...
Көз алдында дүние
балқып жатқанмен
Достарымсыз
қызық емес бәрі
де.
С.Жиенбаев
Достық туралы
Қыз – жігіттер әні
Әнін жазған Мыңжасар Маңғытаев
Қыздар:
Несіне жігітпін
деп, ахау, бұлғақтайсың, ай,
Күйбеңдеп
көрген кезде, ай, сәулем, құрбым,
батып тіл қатпайсың?
Жігіттер:
Таудағы сен бір аппақ, ахау, шынармысың, ай,
Менімен айтысуға,
ай, сәулем, құрбым,
өзің
шыдармысың?
Тағы да жігіттер:
Ей, қыздар-ай, қызғалдақсың-ау
Көктемгі,
Бір жылы сөз айтпадыңдар-ау
Көптен бері.
Қыздар:
Жердегі жан жете алар ма,
Аспандағы аққуға!
Жігіттер:
Ей, қыздар-ай, ұқсайсыңдар-ау арай-нұрға,
Аққу-қаздар қонбай
ма екен ақ айдынға!
Дала жұлдыздары
Әнін
жазған Дүнгенбай Ботбаев
Армысыңдар,
даланың қырандары – құрбылар!
Қол жетпейтін
армандай қияндағы, қияндағы құрбылар!
Қыран болу қайда бұл жасықтарға, құрбылар!
Қыран
деген әншейін қиял–дағы, қиял–дағы, құрбылар.
Бармысыңдар, даланың арулары –
Жақсыларды
көрмейтін жанындағы, құрбылар.
Қыз
дегенің құлпырып тұрушы
еді,
Қайда
кеткен бұлардың жалындары, құрбылар?
Қанша күйе
жаққанмен тозбайды алтын,
құрбылар.
Көңіл
түгел, бірің жоқ
көзді арбайтын,
көзді арбайтын, құрбылар.
Енді
әдептен әрі аспайық,
Қабақ
түйіп тараспайық,
Достар! Таласпайық!
Көңіл, шіркін, жарасса, болғаны да!
Құрбылар!
Қайырлы таң,
достарым!
Тау гүлдеді, бау
гүлдеді,
Тамылжып тұр таң
да арайлы.
Жас көктемнің балғын
демі
Балбыратты бар маңайды,
Көкте күнім, жерде
гүлім
Сәулем шашып тұр
әлемге,
Құс та бүгін, көл де
бүгін
Қосылады бір әуенге.
Қайырмасы:
Бірге толқып қырлары
да, нулары да,
Мөлдіреген аспаны,
Гүл жамылған, нұр жамылған
туған дала
Өмір жырын бастады.
Кең далаға, ел-анаға
Қайырлы таң, қайырлы
таң, достарым!
Таудан құлап, ақсын бұлақ,
Қақсын қанат бауларына.
Гүлге оранып жатсын
қырат,
Жетсін бәрі арманына.
Тоқтамасын ұландардың
Қуанышы, күлкілері,
Бәрінің де бір
арманы,
Бәрінің де бір
тілегі.
Қайырмасы:
Құрбыға
Әнін жазған Ескендір Хасанғалиев
Балғын гүлдер
Жайнаушы еді далада.
Балғын гүлдер
Жайнаушы еді қалада.
Балбыраған,
Бәрі сондай әдемі –
Қызғылт еді, сарғылт
еді, ақ еді.
Көп еді оның,
көп еді оның
түрі де.
Сен олардың ұқсамайсың
біріне.
Көл жағалап,
Қуушы едік құстарды,
Қиқу салып,
Талайы алдан ұшқан-ды.
Бәрінің де ғажап
еді әуені,
Аңқау еді, албырт
еді, сақ еді.
Көп еді оның,
көп еді оның
түрі де.
Сен олардың ұқсамайсың
біріне.
Ұқсамайсың атып алған
құстарға.
Ұқсамайсың сатып алған
гүлдерге.
Достар құшағында
Жамал Омароваға
Әнін жазған Шәмші Қалдаяқов
Қасымда бүгін достарым
менің,
Құшағым толы қырмызы
гүлдер.
Толқиды жаным, аспаным кеңіп,
Арайлы таңдар, қызықты күндер.
Қайырмасы:
Кел, жан достарым,
Мен бір ән бастадым.
Шырқайық желпіндіріп тау
асқарын.
Келеді көктем, келеді
жаздар
Қырларға балғын гүлдерін
алып.
Тұрады сәуле көңілде
маздап,
Жатса да зулап күндерім
ағып.
Қайырмасы:
Аспаным нұрын төгеді
көктен,
Күтеді қызық таңдарым
алда.
Құшағы жалын, көңілі
көктем
Өздерің бар да, арманым бар ма?!
Қайырмасы:
Достық әні
Әнін
жазған Мансұр Сағатов
Аймалаған
дала таңы,
Әлдилеген
шың-құздары.
Бір ұяның балапаны,
Бір ауылдың
жұлдыздары.
Қайырмасы:
Құрдастарым,
Мұңдастарым,
Қайда жүрсем,
Қимастарым.
Әніміз бір көктемдегі,
Шырқайтын бір аспанымыз.
Жан достарым, көптен бері
Бөлек-бөлек
асқарымыз.
Қайырмасы:
Көз алдымда жасыл
бағым,
Сағынамын
гүлдерін де.
Күндіз – түні
асығамын
Өздеріңді бір көруге.
Қайырмасы:
Достарым
Әнін жазған Ескендір Хасанғалиев
Мен әрқашан жалғыз
өзім жүрмеймін,
Жалғыз жүріп,
жалғыз өмір сүрмеймін.
Жер-жердегі
достарымды санасам,
Аспандағы
жұлдыздармен бірдеймін.
Достарымның
жүрген жері ән-өлең,
Кейбіреуі
қайыспайтын қара емен...
Біреуінен
зәбір көріп қалсам да,
Мен біреуін зәбірлеген
жан емен.
Жатыр бәрі
көкірегімде ұялап,
Шыңға бірге шығып келем қиялап.
Құрбыларға назданғаным болмаса,
Мен оларға жасағам
жоқ қиянат.
Бүгінгі емес, ертең
келер күн де өзге,
Тұра бермес жалын атып нұр кезде.
Жұбымызды жазбайықшы, достарым,
Жалғыз – жалғыз жатамыз ғой бір кезде...
Біріне-бірін
жақын ғып,
Ортаға жасыл гүл
еккен,
Өзі мен менің
атымды
Тоқыған қызыл жібектен...
С.Жиенбаев
Ғашықтық, махаббат
туралы әндер
Біз
екеуміз
Әнін жазған Ескендір Хасанғалиев
Екі гүлміз бір кеудеде
қаулаған,
Екі жүрек бір
бесікте аунаған.
Екеуміздің үніміз
де ұқсайды,
Екеуміздің
түріміз де аумаған.
Ойнап-күліп
жүргенменен ол аман,
Мына жақта күндіз – түні
мен алаң.
Гүл бақшада жүрсем де өзім,
Сол жүрген
Сонау құмның ауасымен дем алам.
Алғаш жаңбыр тауға төгіп
өткенде,
Мен шығамын
аласұрып көк белге.
Сол бір жақтан келе
жатқан құстар да
Содан хабар әкелердей
көктемде.
Ол да мені
келеді іздеп шығаннан,
Мен де барып, қайтам шығып құмардан.
Көк аспанда сайрап
жатқан құс жолы
Екеуміздің
жолымыздан құралған.
Мен онымен
бірге құлап, бір ұшам,
Соның бәрін үнсіз
ғана ұғысам.
Жаным менің жатсын
тіпті өртеніп,
Жайсыз хабар естіртпеуге
тырысам.
Ол жүргенде менің де жоқ түк қайғым,
Тал басында
мөлдіреген шықтаймын...
Екі адамға түскен
жүкті көтеріп,
Екі адамға өмір
тілеп ұйықтаймын!
Кім едің
сен?
Әнін жазған
Әсет Бейсеуов
Балғын жүзі албырап
алау атқан,
Балапандай қанатын жаңа
қаққан.
Кім едің сен,
қалқашым, кім едің
сен,
Ақ сәулеге оранып
бара жатқан?
Қайырмасы:
Аққумысың, әнбісің
Күнде алдымнан шығатын.
Алаулаған таңбысың
Көз алдымда,
Көз алдымда тұратын.
Аққуға ұқсап ойнаған
айдын көлде,
Орамалың желбіреп таңғы
желге.
Айдалада абайсыз жолыққандай
Жанарымнан жасқанып қалдың
неге?
Қайырмасы:
Күнде алдымнан шығасың
таң алдында
Ақша бетің албырап
алау нұрға.
Кім едің сен,
қалқашым, кім едің
сен,
Арман үшін, әлде
сен жаралдың ба?!
Қайырмасы:
Қарғашым
Әнін
жазған Әсет Бейсеуов
Қададың-ау, қарғашым, жанарыңды.
Еске салып балауса
бала күнді.
Сен күліп ең,
жадырап кең дүние,
Аспан күлді, тау
күлді, дала күлді.
Қайырмасы:
Сен қарадың
мөлдіреп,
Мен қарадым
елжіреп.
Бәрін айтқан
көзің ғой,
От болатын
өзің ғой.
Көбелектей үйіріліп,
Кеп қонатын
кезің ғой.
Боялғандай болды ғой
дала нұрға,
Күн сәулесі бар
ма еді жанарыңда.
Тұңғиыққа кеттің ғой
мені үйіріп,
Жанарыңмен жалт етіп
қарадың да.
Қайырмасы:
Жан сәулем
Әнін
жазған Сыдық Мұхамеджанов
Мен сені көп іздедім
асу-белден,
Жайқалған жасыл орман,
жасыл көлден.
Қанша рет көктем
келіп, құс қайтса да,
Кеткен жоқ көңілімнен
асыл бейнең.
Қайырмасы:
Еркесі даланың –
Жасқаншақ маралым.
Қай жерде жүрсің
сен
Жаутаңдап жанарың.
Жан сәулем, жатсам-тұрсам – бұл өмірден
Бір сенің қызығыңды
тіледім мен.
Қалқамның құлағына жете
ме деп
Ұшырдым жыр-құсымды жүрегімнен.
Қайырмасы:
Еркетайым
Әнін
жазған Дүнгенбай Ботбаев
Кең даланың кер
маралы,
күн қызығар
келбетіңе,
Келші бермен – тигізбеймін жел бетіңе.
Келші бермен, еркетайым,
Бірге шалқып, бір
күлейік,
Қос аққудай бір
жүрейік.
Көк аспанның күмбезінде
жаңа туған
ай секілді
Ақ дидарың нұр таратсын
жер бетіне.
Келші бермен, еркетайым,
Бірге шалқып, бір күлейік,
Қос аққудай бір
жүрейік.
Кең даланың кер
маралы,
жалт еткенде
көз жанарың,
Елжіретер жан жүрегін
бозбаланың.
Келші бермен, еркетайым,
Бірге шалқып, бір
күлейік,
Қос аққудай бір
жүрейік.
Балбыраған балаусадай
енші менің
құшағыма,
Деп жүрейін: «Мәңгі – бақи өз қарағым»
Келші бермен, еркетайым,
Бірге шалқып, бір
күлейік,
Қос аққудай бір жүрейік.
Келемін
саған
Әнін жазған Шәмші Қалдаяқов
Аққу-қаздар әнге салып,
даланы шарлап,
Аңсап іздеп айдын
көлге барады самғап.
Бар бақытым - өмірім саған,
Сенсің, аяулым,
Ақ айдыным менің
аңсаған,
Аққу болып келемін
саған!
Бал бұлақтар жасыл
бақтың құшағын аңсап,
Тау басынан шалқып, тасып
ұшады жар сап.
Бар бақытым - өмірім саған,
Сенсің, аяулым,
Жасыл бағым менің
аңсаған,
Бал бұлақ боп
келемін саған!
Таулар асып, жұпар шашып
келеді көктем,
Аңсап самал балғын
гүлді өбеді беттен.
Бар бақытым - өмірім саған,
Сенсің, аяулым,
Балғын гүлім менің
аңсаған,
Көктем болып келемін
саған!
Ақ
ерке
Әнін
жазған Ғали Дүйсеков
Сен жақта шолпан
жұлдыз тұр ағарып,
Сен жаққа қарай
берем құмарланып.
Сен жаққа алқынады
асау өзен
Құзынан көкірегімнің құлап
ағып.
Қайырмасы:
Көктем келді бауларға,
Гүлге оранды таулар
да.
Бір кездеспей екеуміз,
ақ еркем,
Кетеміз бе арманда.
Әндетіп аспан деген
теңізбенен,
Барады құстар ұшып
көл іздеген.
Құс емес қалықтаған
көк айдында,
Көңілім ол да
менің сені іздеген.
Қайырмасы:
Сені
ойласам...
Әнін жазған Әбілахат Еспаев
Таңды жолда атырдым,
Күнді жолда батырдым.
Тың даланың астығын
Тасып келе жатырмын.
Жолда талай шаршадым,
Қалды қатып саусағым.
Кетем бәрін ұмытып,
Сені ойласам, аңсарым!
Талай белден астым
да,
Талай жерде састым
да.
Жаттым талай шаң
қауып,
Машинамның астында.
Көрдім талай аптабын,
Кештім талай батпағын,
Кетем бәрін ұмытып,
Сені ойласам, аппағым!..
Ақ толқын
Әнін жазған Меліс Өзбеков
Сен менің толқыным
ең,
Кеудемді толтырып ең
Ән мен күйге,
Алдыңнан шығатын ем,
Аялап тұратын ем
Таңмен бірге.
Тербетіп жалғыз арман
Жүретін жас жанымда.
Жүзетін жалғыз аққу
Аспанымда.
Қайырмасы:
Гүл бейнең
көңілімде,
Іздеймін сені
күнде. 2 рет
Аяулым, асыл
еркем,
Ақтолқыным.
Сен менің еркем
едің,
Көктемдей көркем едің,
Балғын едің,
Нұр ойнап гүл
өңінде –
Мәңгілік жүрегімде
Қалды менің.
Шығушы ек қол
ұстасып.
Таулардың асқарына.
Қонушы ең бұлбұл
болып
Жас бағыма.
Қайырмасы:
Өзі едің арманымның
Есінде бар
ма бүгін
Өткен күндер,
Қоштасып әлдеқалай,
Артына бір қарамай
Кеткен күндер.
Балғын күн, бал
дәуренім,
Қайта бір оралар
ма?
Алдымнан самал болып
Соға алар ма?
Ойлаймын сені
Әнін жазған Бақытжан Құрманғалиев
Жаз еді. Мөлдіреген
тұнық аспан,
Жұлдыздар жанымызда жымыңдасқан.
Аялап екеумізді жасыл
орман,
Қызғалдақ қызыл-жалын гүлін ашқан.
Қайырмасы:
Ұмытпа көгілдір орманды,
Көк шалғын көмкерген
жолдарды.
Есіңнен шығарма сол
күнді,
Есіңнен шығарма сол
жанды.
Мен кейде мазасыз
бір күй кешемін,
Сені ойлап жұлдыздармен
тілдесемін.
Ақ таңның сәулесімен
бірге оянып,
Атыңды қайталаймын күнде
сенің.
Қайырмасы:
Наз ерке
Әнін жазған Әшірхан Телғозиев
Жайқалды тағы да
көк орман,
Жайқалды құрағы жағаның.
Аққуы сенбісің оралған,
Шаттығы сенбісің даланың. 2 рет
Жайнады таулардың алабы,
Ақ сәуле тарайды
көзіңнен.
Көктемнің наз ерке
самалы,
Бірге еріп келді
ме өзіңмен. 2 рет
Бұлбұлдың әнімен баудағы
Тамылжып атады таңдарым.
Сенбісің қызығым алдағы,
Сенбісің іздеген арманым? 2 рет
Гүл
Әнін жазған Дүнгенбай Ботбаев
Талайлар мені елжіреп,
құрметтейтін,
Үйіріліп маңайымнан бір
кетпейтін.
Бәрі де жұпар
аңқып тұрғанменен
Көтерер көңілді бір
гүл жетпейтін.
Қайырмасы:
Әнімен, жанымен де
егілетін,
Ашылып, шашылып та
төгілетін.
Қанша жан мені
қоршап жүргенменен
Бәрібір біреу жоқтай
көрінетін.
Күндіз-түн сол жоғымды
іздейтінмін,
Таппасам, маған өмір
мұз дейтінмін.
Кетсе де жолдар ұзап,
жылдар ағып,
Мен одан күдерімді
үзбейтінмін.
Қайырмасы:
...Сенбісің сүйікті жан – мен іздеген
Жерменен, аспанменен, теңізбенен.
Сенбісің қиялдағы ақ
қайыңым
Әлі де жапырағын
жел үзбеген.
Қайырмасы:
Іздедім
сені
Әнін
жазған Сағит Садықов
Ұстатпай кеткен саусағын,
Сен менің тәтті
түсім ең...
Іздедім сені қанша
жыл
Қаптаған жұлдыз ішінен.
Қайтсем де саған
жетем деп,
Жығылдым қанша орларға.
Алданып көңіл бекерге.
Адастым талай орманда.
Шақырып сиқыр қойнына,
Сүйреді мені күңгірт
бақ.
Кей күні балдың
орнына
Уландым ессіз уды
ұрттап...
Армансыз құрдым, маралым,
Қайтпадым іздеп тапқанша...
Жанымда болсаң – жарадың,
Жұлдызым көктен аққанша.
Өздерің сақтап
жүрсіңдер
Әнін
жазған Әсет Бейсеуов
Қиналдым талай қыз
үшін,
Қыз үшін зәбір
көп көрдім.
Қыздардың әсем жүзі
үшін,
Нелерді бастан өткердім.
Жолықтым небір күштіге,
Дауылдың көрдім долысын...
Жабысып сеңнің үстіне,
Суға да кеттім
сен үшін.
Тірліктен талай қол
үздім,
От болып кейде
маздадым.
Арқырап ұшқан поездың
Астына түсе жаздадым.
Аман – сау кеттім құтылып,
Талай бір түнгі
шайқастан.
Қуалап құзды құтырып,
Құладым талай жартастан.
Үстінде қылдың жүрем
кіл,
Көз жұмып барам
көп іске.
Жебейді сонда кілең
бір
Қыз болып қырық
періште.
Ризамын, қыздар, сендерге!
Мен үшін сендер
пірсіңдер.
Жазым боп кетер
жерлерде
Өздерің сақтап жүрсіңдер!
Жұлдызым менің
Әнін
жазған Әсет Бейсеуов
Жаудыратып, балбыратып гүл жүзін,
Тағдыр маған қиған шығар
бір қызын.
Әуел баста-ақ маңдайыма жазылған.
Сен боларсың, сен
боларсың, жұлдызым. 2 рет
Олай болса, қолыңды
бер, ер маған,
Енді мәңгі жан
серігің мен болам.
Аспан бізден аямайды
шуағын,
Ақ тілегін береді
анау кең далам. 2 рет
Жасқанба тек, жатырқама,
ұялма,
Бірге күл де, бірге шалқып,
қиялда.
Мың жұлдыздың ортасынан
бөліп ап,
Бір өзіңді әкетемін
қиянға. 2
рет
Аяулым менің
Албырап гүлдей жайнашы, жаным,
Жайнашы менің жанымда.
Тыңдайық бірге құстардың
әнін,
Жырлайық бірге тауында.
Қалдың ғой сен де
сағынып көптен
Самалды бірге құшайық,
Аққулар жүзген көгілдір көкте
Қалықтап бірге ұшайық.
Қайырмасы:
Тауымның гүлін,
Жанымның нұрын –
Әкелдім саған, аяулым,
Жерімнің нәрін,
Жұпарын, әнін
Әкелдім саған, аяулым!
Келмесең өзің, жүрмесең, жаным,
Тұрады таулар мұңайып.
Тыңдайық бірге аспанның әнін,
Шыңдарға бірге шығайық.
Қалмасын ешбір көңілде
қылау,
Күлкіңді сенің сағындым.
Сәні де сенсің өмірдің
мынау,
Әні де сенсің
жанымның!
Қайырмасы:
Ән болып
қаласың ба?
Көрдім мен алғаш
рет
Асқар тау арасында.
Жабығып қалмасын деп,
Жасқандым жанасуға,
Даланың гүлі жайнап.
Жанарың аясында,
Жүрдің сен күліп-ойнап,
Ән болып әр
асуда.
Қайырмасы:
Өзің болдың аңсағаным,
Ақ жұлдызым көктегі.
Атқан таңды қарсы
аламын.
Тауға шығып жар
саламын.
Жар саламын, ән
саламын.
Әнім саған жетпеді.
Көрдім мен жасыл
өлке,
Жасыл көл жағасында.
Тағы да, асыл
еркем,
Тауыңа барасың ба?
Жұлдыз боп көгімдегі,
Жарқырап жанасың ба,
Әлдебір көңілдегі
Ән болып қаласың ба?!
Қайырмасы:
Ақ сауле
Әнін жазған Әсет Бейсеуов
Тәтті ұйқының
құшағында кең дала,
Бұл аймақта
ұйықтамаған мен ғана.
Көзім сонда, ал
көңілім ел жақта,
Сәулем менің, бар
көңілім сен жақта.
Теңіз жатыр көк толқынын сапырып,
Кейде маған ұмтылады
атылып.
Көзім сонда, ал
көңілім ел жақта,
Сәулем менің, бар
көңілім сен жақта.
Ақ саулелер жер
бетіне таралып,
Аспан асты келе
жатыр ағарып.
Көзім сонда, ал
көңілім ел жақта,
Сәулем менің, бар
көңілім сен жақта.
Кеттің алыс
Әнін жазған
Мүбәрак Садықов
Кеттің алыс қызыл
құмның ішіне,
Бүгін тағы кіріп
жүрсің түсіме.
Қызығамын күнде өзіңе
жолығып,
Күнде өзіңді көріп
жүрген кісіге. 2 рет
Қызығамын жүрген жанға
тілдесіп,
Өзіңменен бірге қонып,
бір көшіп...
Қызығамын білген жанға
бір сені,
Алыс-жақын сапар шегіп,
күн кешіп... 2 рет
Күндіз-түні еркелетсін, күлдірсін,
Бәрібір ме бірге
тұрып, бір жүрсін.
Мен оларға қызығамын
бұ жақта,
Олар маған қызыға
ма, кім білсін?! 2 рет
Дәурен-ай
Армысың, аманбысың, күлімкөз
еркем,
Көктемде шешек атқан
гүлдей көркем,
дәурен-ай.
Бойында бір міні
жоқ ақ періштедей,
Бағына тап боларсың
кімнің ертең,
сәулем-ай.
Қайырмасы:
Мөлдіреген қара көзің,
Балдай тәтті айтқан
сөзің,
Шіркін-ай, дәурен-ай,
Дәурен-ай, сәулем-ай,
Ақ жүзіңнен таң
атқандай
Алтын нұрдан жаратқандай,
Бір өзіңе жақын
келіп, жақын келіп,
Жүрген жанда арман
бар ма,
сәулем-ай.
Еркінен айрылғандай қараған
адам,
Ақ бетің, алаулаған, албыраған,
дәурен-ай.
Сәбидей сенген мынау
кең дүниеге
Көзіңнен айналайын
жаудыраған,
сәулем-ай.
Сендей бір жан
болар ма мынау
ғаламда,
Тұратын жарық беріп
бар адамға,
дәурен-ай,
Жүретін жадыратып жан-жүрегіңді
Жалт етіп жанарыңмен
қарағанда,
сәулем-ай!
Қайырмасы:
Ақ қайың
Әнін жазған Бақытжан Құрманғалиев
Көз алдымда көк
шалғынды орман,
Сол маңайға әнші
құстар толған.
Бір өзіңе елтіп,
түнгі самал желпіп,
Ақ жұлдыздар кеудеңе
қонған.
Мөлдір аспан, маужыраған
дала,
Бар дүние жаралғандай
жаңа.
Жаңа туған ай да,
жұпар шашқан бау да
Аймалайды екеумізді ғана.
Қайдасың сен, ұмыттың
ба, жаным,
Ұмыттың ба ақ
қайыңдар әнін.
Өтсе де бал
дәурен, ұмытпашы, сәулем,
Сені іздейтін бір
адам барын.
Орамал
Әнін жазған Сағит Садықов
Білмедім – сол сәт не
іздедім,
Бөліне бердім шеткерек.
Кенеттен әлгі
қызбенен
Кездесіп қалдым бетпе – бет.
Жанымда бұрын болмаған
Бір сезім көкке
ұшырды.
Қоштасар кезде ол
маған
Құпия бір сый
ұсынды.
Аялап қолмен, бұрыштап,
Жұқа бір қағазға
ораған,
Төгіліп түсті уысқа
Сусылдап жібек орамал.
Сағыныш
Әнін жазған Мәлгаждар Әубәкіров
Көктемнің балғын күнінде
Жағаға келіп жаттым да,
Саусағым басы дірілдеп,
Атыңды жаздым ақ
құмға.
Білмедің, бірақ сен
оны,
Ол жайды ешкім
білмеген.
Сол күні тентек
жел қолы
Жасыра салған құмменен.
Қоштасып қырлар көп
гүлмен,
Жер бетін қырау
жапқанда,
Атыңды жазып кеттім
мен
Алғашқы жауған ақ
қарға.
Түспеді көзің оған да,
Саған да, бірақ
жоқ өкпем.
Сол күні соққан
боранда
Қар басып қалған кенеттен.
Гүл жапты талай
белеңді,
Бұрқады талай ақ
боран.
Атыңды сенің мен
енді
Кеудеме жазып сақтағам.
Сақтаулы сонда бейнең
мен
Сонау бір нәзік
күлкің де.
Енді оны менің
кеудемнен
Өшіру, сірә, мүмкін бе.
Көз алдымнан
кетпейсің
Әнін
жазған Мыңжасар Маңғытаев
Салқын самал еседі
жасыл бағым,
сәулем-ай,
Көз алдымнан кетпейсің, ғашық жарым,
ақ
сәулем-ай.
Сенсің жалғыз – мәңгілік асыл әнім.
Сенсің жалғыз – алаулап балғын
жүзің,
сәулем-ай.
Тау басынан көрінген
ақ жұлдызым,
ақ
сәулем-ай.
Өзің ғана бар
жырым, бар қызығым!
Жас құрбы
Әнін жазған Әшір Молдағайынов
Көк сағымның ішінде
өскен елік пе ең,
Ел көзінен қымсынасың
неліктен?
Өтші мынау кең
дүниені шайқалтып,
Тал бойыңа тағдыр
берген көрікпен.
Үлбіреген аппақ қана
гүлмісің,
Көз алдымда тұрып
қалған нұрмысың?
Еркетайым, сағындырып алыстан,
Жалыныңмен өртеп қана
жүрмісің?
Қанша ұмтылдым, қолым
саған жетпеді,
Қол жетпейтін құс
па едің сен
көктегі?
Әлде әншейін арбаған
бір түс пе едің,
Өмір бойы аңсап
жүрсін деп мені?!
Ақ қоян
Әнін жазған Ғали Дүйсеков
Ақ қоян секілді
өзің аппақ едің,
Жаныңды жаралауға батпап
едім.
Аялап жүрейін деп
ақ жүзіңді
Кеудемнің қуысына сақтап
едім.
Қайырмасы:
А-а-ай, ақ қоян,
Қара көзің жаудырап,
Қараушы едің балбырап.
Не болды екен
тағдырың,
Қайда жүрсің, балғыным!
Жаутаңдап кең далаға
қарай берем,
Сол күйі іңкәр
көңіл саған деген.
Ойымда болып па еді, қалқатайым,
Айрылып бір өзіңнен
қалам деген.
Қайырмасы:
Жадымдасың, жас
күнім
Әнін жазған
Ескендір Хасанғалиев
Баурайда гүл ырғалып,
Жұлдыздар күлім қағып,
Тұратын бізге қарап,
Дүние сұлуланып.
Қайырмасы:
Алаулап балғын демің,
Құшақтап тау гүлдерін,
Алыстап барамысың,
Балауса бал – күндерім.
Қайдасың, жастық шақ – жалын,
Алаңсыз алаулы таңым,
Аңсарым өзіңсің, жаным.
Көл толқып, гүл
жаңарып,
Барады жылдар ағып.
Іздеймін сені, қалқам,
Қызғалдақ қырға барып.
Қайырмасы:
Іздеймін сені күнде,
Өзіңсің серігім де.
Жүрсің сен көңілімде,
Ән болып өмірімде.
Қайырмасы:
Көктеммен бірге
келмедің неге?
Әнін жазған Мыңжасар Маңғытаев
Көктемнің желі,
Көктемнің лебі
Желпіді таудың аңғарын.
Бөледі жырға,
Бөледі нұрға
Тағы да жасыл
бауларын.
Қайырмасы:
Аңсаған менің
Арманым едің,
Асыға күткен таңдарым.
Оранып гүлге,
Көктеммен бірге
Келмедің неге, жан
жарым?
Қараймын көлге,
Қараймын белге,
Ақша бұлт жүзген
асқарға,
Ән айтып өзге,
Бұлдырап көзге
Барады құстар аспанда.
Қайырмасы:
Қырмызы гүлмен,
Көңілді күймен,
Құлпырды қайта кең
дала.
Қия алмай кеткен,
Келді ғой көктем,
Келмедің неге сен
ғана?
Қайырмасы:
Қырғыз қызына
Әнін жазған Мыңжасар Маңғытаев
Алатаудың ақ маралы,
Ақ тамағы сен
бе едің?
Неге сонша көп
қарадың,
Неге жанды сен
тербедің?
Қадалды ғой от
жанарың,
Неге жақын бір
келмедің?
Қызыл-жасыл таудың гүлін
Сыйлайын ба, бал-құрбым?
Алатаудың бар бұлбұлын
Жинайын ба, асыл
құрбым?
Ән мен гүлге
балбыратып,
Жырлайын ба, асыл құрбым?
Ерші маған, балғын
жүзім,
Құшағымды ашайын,
Аспанымның ақ жұлдызын
Шашуыңа мен шашайын,
Алып ұшып аққуымды
Алатаудан бір асайын!
Ұмыттың ба,
жан еркем
Әнін жазған
Әсет Бейсеуов
Көктем келді тауларға,
Таулар гүлге оранды.
Балғын жүзді бауларға
Құстар қайта оралды.
Жасыл желек жамылды
Баяғыдай бар өлкең.
Бауыр басқан тауыңды
Ұмыттың ба, жан еркем?!
Біреу дұзақ салды
да,
Қалдың ба әлде
жат жерде?
Ақ қанатың талды
ма,
Қондың ба әлде
ақ көлге?
Құс та бүгін көңілді,
Баяғыдай бар өлкең.
Бауыр басқан жеріңді
Ұмыттың ба, жан
еркем?!
Көк сағымды жамылып,
Қырға шығып жүрсің
бе?
Кездесетін тағы бір
Күнге асығып жүрсің
бе?
Күтіп жатыр бауларың,
Күтіп жатыр бар
өлкең...
Сені іздейтін жан
барын
Ұмыттың ба, ақ
еркем?!
Көктемім едің
Әнін жазған Дүнгенбай Ботбаев
Көріп ем балауса
көктемде,
Бөктерге балғын нұр төккенде.
Аспанға қараушы ек қиылып,
Аққулар әндетіп өткенде.
Жанарың мөлдіреп, көрінсең,
Жаныма таң нұрын
төгуші ең.
Мәңгілік жалыным едің
сен,
Мәңгілік жарығым едің
сен.
Ақ нұрым, бал
күнім жоқ менің,
Өзіңмен қоштасам деп
пе едім.
Қайырылмай кеттің бе
біржола,
Қайдасың, балауса көктемім?
Бойжеткен
Әнін жазған
Нұрғиса Тілендиев
Көз алдымда бала
кезің
Балаусадай бал –құрақ.
Таңғы шықтай қара
көзің
Тұрушы еді жаудырап.
Көктем желі әлдилеген
Құстар әнге салушы
еді,
Мен де сол кез ән-күйменен
Аялаушы ем, жаным,
сені.
Көп қараушы ең
бұлақтарға
Күмбірлеген бұралып.
Жас ағаштар гүл
атқанда,
Жайнаушы едің қуанып.
Кекіл шашың желбірейтін
Көктемдегі құрақтардай.
Қос жанарың мөлдірейтін
Кең далаға құмартқандай.
Содан бері өтті
күндер,
Өтті жылдар ағыла.
Нұр сәулесін төкті
күндер
Сенің де албырт
жаныңа.
Бір толқынның сені
әрдайым,
Тербеткенін сезе алдың ба,
Бәрін айтып неғылайын,
Өстің ғой сен
көз алдымда.
Секілдісің аппақ арай
Тұрған сәуле шашылып.
Байқап тұрмын, баққа
қарай
Барасың ғой асығып.
Жас жүректі ерткен
лебі,
Жанып тұр ғой
жүзің нұр боп.
Өзің де бір көктемдегі
Қалыпсың ғой қызыл
гүл боп...
Ақмаңдай
Әнін жазған Сыдық Мұхамеджанов
Жадыңда ма, жан
еркем, жадыңда ма,
Жанарыңда толқыған сағым
дала?
Кетіп едің өзің
де көктем болып,
Көк жүзінде қалықтап
әнің ғана.
Қайырмасы:
Ай, ақмаңдай, ақ арман,
Жан едің сен
ән үшін,
Беу, жаралған.
Ән шырқалса, көңілге сен келесің,
Көктем болып тағы
да тербелесің.
Сенің айтқан әніңді
қайталаймын,
Көп ішінен өзіңді
көрмегесін.
Қайырмасы:
Арман тауға
барасың ба?
Әнін жазған
Ескендір Хасанғалиев
Сені іздедім, көп
іздедім
Нұр жамылған қырларымнан.
Алматының гүл бағынан,
Алатаудың шыңдарынан.
Қайырмасы:
Өтті ғой талай жылдар,
Гүлге оранып белдерім.
Жаралған аппақ нұрдан
Аққу құсым сен
бе едің?
Шарладың ба арман
үшін,
Аққу болып самғау
үшін.
Бір көрінбей, қалқатайым,
Қайда жүрсің, қайда
жүрсің?
Қайырмасы:
Ақша бұлттың арасында
Ақ қанатын қағасың ба?
Алатауға, арман тауға
Бірге самғап барасың ба?
Қайырмасы:
Айнам-ау
Әнін жазған Әсет Бейсеуов
Ойда
жоқта жолыққан, қарындасым,
айнам-ау,
Қайда
жүрсең, сен менің
жадымдасың, айнам-ау.
Қапияда
көз жазып қалып
едім, айнам-ау,
Сәлемімді
ұшырдым сағынғасын, айнам-ау,
Қайырмасы:
Әлдеқандай мінезің бар,
Біле алмадым, қайдам-ау.
Біраз
болды аулыңа сен
кеткелі, айнам-ау,
Дәл
өзіңдей басқа адам
тербетпеді, айнам-ау.
Ақ
жаңбырмен ілесіп мен
барармын, айнам-ау,
Сағынышын жүректің селдеткелі, айнам-ау.
Қайырмасы:
Күнің
болып шығармын аспаныңнан, айнам-ау,
Сергітермін
бойыңды басқан мұңнан, айнам-ау.
Көлеңкең
боп өзіңмен бірге
өтермін, айнам-ау,
Жан-жағыңа жалтақтап,
асқан қырдан, айнам-ау,
Қайырмасы:
Қоршауың
көп бұл күнде,
қамалың көп, айнам-ау,
Қарсы
алдыңнан есермін самалың
боп, айнам-ау.
Кездескенше
аман бол, айналайын айнам-ау,
Әннен
басқа әзірге амалым
жоқ, айнам-ау.
Қайырмасы:
Ақжайық арулары
Әнін жазған Дүнгенбай
Ботбаев
Көктемде – Ақжайықтың
жағасынан,
Жайқалған
тал-қайыңдар арасынан.
Көрдің бе ақ періште аруларды
Жас гүлдей жұпар
шашып, жаңа ашылған.
Қайырмасы:
Айналдым
дарқан жерім,
Шалқыған шалқар
көлім.
Тартты ма бір өзіңе
Қарғашым, қалқам менің, қалқам менің.
Көктемде – Ақжайықтың
алабынан,
Жаралған
жібек мінез самалынан.
Көрдің бе ақ періште
аруларды
Жан толқыр
жаудыраған жанарынан.
Қайырмасы:
Жанары
жаутаңдаған қара көзім,
Аяулы Жайық
та өзің, дала да өзің.
Толқытып жан жүйемді
толғандырған –
Жар да өзің, жарық та өзің, дана да өзің.
Қайырмасы:
Есіңде бар
ма?
Әнін жазған
Меліс Өзбеков
Жаз өтті талай,
Жайқалды нулар.
Арада жылжып
Барады жылдар.
Көшті ғой бұлттар,
Өсті ғой гүлдер,
Есіңде бар ма
Балауса күндер?!
Қайырмасы:
Есіңде бар ма
Балауса кездер,
Шоқ болып жанған
Қарақат көздер.
Дуылдап дене,
Балқыған өмір,
Балапан құстай
Толқыған көңіл.
Қызғалдақ қуып
Қырмызы белден,
Желбіреп қырда
Жарысып желмен.
Қайтатын едік
Сағымды бойлап,
Алаңсыз күліп,
Армансыз ойнап.
Қайырмасы:
Қараса біреу,
Жанарын сүзіп,
Көрінер еді
Дүние қызық.
Аңсайды көңіл,
Аңсайды бүгін –
Бейкүнә сәби
Балауса күнін.
Қазақ жері ағалармен көрікті,
Қазақ жері ағалармен сүйікті.
С.Жиенбаев
Аға – іні, апа - қарындас
туралы әндер
Аға
Жүресің жанымда,
Сен менің көзімсің.
Өзіңсің бағым да,
Тауым да өзіңсің.
Әлпештеп, аялап.
Құшаққа алатын,
Өзіңсің, жан – аға.
Арқамнан қағатын.
Көрмесем-жабығып,
Іздеймін өзіңді.
Жүремін сағынып,
Бір ауыз сөзіңді
Шырқатып әнімді,
Гүл атқым келеді,
Тербетіп жаныңды,
Қуантқым келеді.
Өзіңдей өмірде
Аспадым, таспадым.
Көңілді жерім де,
Көгілдір аспаным.
Ырзамын тағдырға,
Жаным да шуақты, -
Ағам бар алдымда
Асқартау сияқты!
Ауыл азаматтары
Таңменен бірге оянып,
Жарқырап күндей жанары.
Сәуле мен желге боянып,
Жаңғыртып жатқан
даланы.
Қайырмасы:
Аялап әр күн сүйікті ел
Алысқа кеткен аттары.
Аяулы біздің жігіттер
Ауылдың азаматтары.
Аңқылдап шығар алдыңнан
Баладай нәзік жандары.
Жаралған кілең ақ нұрдан
Даладай
дастарқандары.
Қайырмасы.
Бақыты сендер белдердің,
Тірегі сендер, бауырлар.
Азамат, асыл ерлердің
Жүрегі сендер,
арулар!
Бажа
Әні бірге,
бажаның назы бірге,
Жарасады онымен әзілің де.
Көңіліңді көтеріп көкке сонау,
Орнатады бір өзі-ақ жаз үйінде.
Қайырмасы:
Бар қазақтың базары,
Ағайыңның ажары.
Табармысың
жер-көктен,
Тап осындай бажаны.
Көрінеді өзгеше жұрт ішінен,
Шыққан күндей жарқырап бұлт ішінен.
Аңыратып айтады әніңді де,
Жадыратып жанынды күлкісімен.
Қайырмасы.
Жанымызды жалғыздық жүдетпейді,
Аңқылдаған ән-күйсіз күн өтпейді.
Апасы мен сіңлісі тату болса,
Арамыздан біздердің қыл өтпейді.
Қайырмасы.
Домбырамды сыйламаймын
ешкімге
Ахмет Жұбановқа
Әнін жазған Дүнгенбай
Ботбаев
Айдын көл де аққу-қазды жинаған,
Көк теңіз де
күндіз-түні тулаған,
Менің әнім, менің
күйім қашанда,
Асыл ағам, жан
ұстазым сыйлаған,
Домбырамды
сыйламаймын ешкімге.
Домбырамда ұстазымның
үні бар,
Күмбірлеген
көкірегінің жыры бар.
Маған айт деп,
маған тарт деп
тапсырған
Айтылмаған,
тартылмаған күйі бар.
Домбырамды
сыйламаймын ешкімге.
Домбырамда ұстазымның
әні бар,
Ақ бұлақтай аңқылдаған
жаны бар.
Ақ домбыра –
менің алтын қазынам.
Керек десең,
дүниемнің бәрін ал,
Домбырамды
сыйламаймын ешкімге
Ағатай
Әнін жазған Дүнгенбай Ботбаев
Туған жердің бұлбұлысың,
жан аға,
Туған жердің дүлдүлісің, жан аға,
Жырға толы,
нұрға толы құшағы
Ұқсайсың сен кең
жазира далаға.
Сен біргесің
осы дала, осы елмен,
Өзің тұрған жасыл
желек көшеңмен.
Сен біргесің толқынымен
теңіздің,
Сен біргесің құйып
тұрған нөсермен.
Шарлайсың сен құс
секілді биікті,
Көкірегің
нұрды ғана жиыпты.
Қазақ жері
ағалармен көрікті,
Қазақ жері ағалармен сүйікті.
Бір жұлдыз көкте туа
сап,
Сорғалап ағып өткендей.
Әлия да үйден шыға сап,
Майданға сүңгіп кеткендей!
С.Жиенбаев
Батырлар, ерлік жайлы
әндер
Әлия
Әнін жазған Зәбира Сыпатаева
Баурайы гүлмен өрілген,
Қоршаған жасыл қыраттар –
Әлияның туған жерінде
Мөлдіреп жатқан бұлақ
бар.
Қайырмасы:
Әйтеуір соны – о бастан
Әлиябұлақ дейтін ел.
Қосылып соның үніне,
Қызыққа жалғыз бататын.
Жоламай үйге, күнімен
Бұлақпен ойнап жататын.
Қайырмасы:
Жағада құрақ желбіреп,
Көгілдір тартып айдындай.
Ағатын бұлақ мөлдіреп,
Бойына тозаң шалдырмай.
Қайырмасы:
Бір жұлдыз көкте
туа сап,
Сорғалап ағып өткендей.
Әлия да үйден шыға
сап,
Майданға сүңгіп кеткендей!..
Қайырмасы:
Қайта
оралған қаһарман
Рақымжан Қошқарбаевқа!
Әнін жазған Әсет Бейсеуов
Қайта оралмай кең
жазира далаңа,
Көк жиекке жаутаңдаған
анаға:
Ту құшақтап, тас
түйін боп мәңгілік
Тұрып қала жаздадың-ау, жан аға!
Ел тілегін берді,
ағатай, сұраған,
Сен де амансың, сен қадаған ту
аман.
Бейбіт күннің рақатын
қызықтап,
Ортамызда жүргеніңе қуанам.
Жаз өмірді достарыңмен
бір көріп,
Жүрсің қазір жанарыңа
нұр қонып.
Әлі күнге елестейсің,
ағатай,
Алаулаған ал қызыл
бір ту болып.
Ту құшақтап, тас түйін боп
мәңгілік,
Тұрып қала жаздадың-ау, жан аға!
Жауынгер
жыры
Әнін жазған Сыдық Мұхамеджанов
Қара бұлт қарысып,
Қанатын жайғанда.
Ант беріп ел
үшін,
Аттандық майданға.
Көрдік біз бейнесін
Қаралы аспанның.
Көрдік біз кеудесін
Жаралы тастардың.
Қайырмасы:
Сом болат денеміз
Шарпылсын жалынға.
Айқасқа енеміз
Алапат дауылда.
Қорғаймыз әрқашан
Ананың күлкісін.
Қорғаймыз әрқашан
Сәбидің ұйқысын.
Қас дұшпан ойрандап,
Жапырағын жайпаған.
Жасыл ну ормандар,
Жайқалды қайтадан.
Біз – Отан сақшысы,
Бейбітшіл халқымыз.
Жау тисе, талқандау –
Ежелден салтымыз.
Қайырмасы:
Ұмытпаймыз мәңгілік
Әнін
жазған Дүнгенбай Ботбаев
Ағалар, мәңгі жас
боп қаласыңдар,
Аспанда құспен бірге
ағасыңдар.
Көктемде қызыл-жасыл гүлге айналып,
Кештерде жұлдыз болып
жанасыңдар.
Қайырмасы:
Біргесіңдер елменен,
Біргесіңдер жерменен.
Жерде гүлдер өлмеген,
Көкте жұлдыз сөнбеген,
Біргесіңдер елменен!
Жүрсіңдер аналардың жанарында,
Жүрсіңдер балалардың қабағында.
Күзетіп тыныштығын дүниенің,
Тұрсыңдар атқан таңның
алауында.
Қайырмасы:
Мәңгілік өшпейсіңдер бұл
өмірде,
Мәңгілік көшпейсіңдер гүл-өңірде.
Ананың қаласыңдар тілегінде,
Даланың жанасыңдар жүрегінде.
Қайырмасы:
Қара көздерім
Әнін жазған Ескендір Хасанғалиев
Ырзамыз барлық ісіңе,
Періште қара көздерім,
От пенен судың
ішінен
Бізді алып шыққан
өздерің.
Қызықтың бәрін құрбан
ғып,
Біз үшін күйіп-жандыңдар,
Бізді ойлап жүріп,
жылдардың
Өткенін білмей қалдыңдар.
Тұншығып іште жалыны
Жана алмай қалған
отсыңдар,
Таранып, моншақ тағынып,
Бойды да күткен
жоқсыңдар.
Қырманда жүріп бой
жеттің,
Қырларда кетті көп
күндер,
Түрлерін іздеп көйлектің,
Таңдап та кимей
кеттіңдер.
Жайнайтын кезің келді
енді,
Жетеді маржан, лағылдар,
Жазғырмайды ешкім сендерді,
Асылдың бәрін тағыңдар.
Оралсын балғын кездерің,
Қалмасын кірбің кеудеңде.
Періште қара көздерім,
Жасаймыз жұмақ сендерге!
Соғыс ардагерлері
Жүр
олар әр қалада, әр
ауылда,
Қақталған
қанды майдан алауында.
Лаулаған
жалын от бар
жанарында,
Жаумаған
қалың бұлт бар
қабағында.
Қайырмасы:
Айтатын
жыр, әні бір
Аяулы
асыл ағалар.
Жүрегінде
бәрінің
Соғыс
салған жара бар.
Біреуі
жерді басып, жүре алмайды,
Біреуі
күнді көріп, күле
алмайды.
Қолы
жоқ біреуінің, өмір бойы
Құшақтап
жас сәбиін сүйе
алмайды.
Қайырмасы:
Қайтса
да туған жерге
жеңіспенен,
Тағдырдың
зәрі бар ма ол
ішпеген...
Ескертіп
жүреді олар – әр күн сайын
Мінекей, осындай
деп соғыс деген.
Қайырмасы:
Балғын
жүзі албырап алау
атқан,
Балапандай
қанатын жаңа қаққан.
Кім
едің сен, қалқашым,
кім едің сен,
Ақ
сәулеге оранып бара
жатқан?
Қайырмасы:
Аққумысың, әнбісің
Күнде
алдымнан шығатын.
Алаулаған
таңбысың
Көз алдымда,
Көз алдымда
тұратын.
Аққуға
ұқсап ойнаған айдын
көлде,
Орамалың
желбіреп таңғы желге.
Айдалада
абайсыз жолыққандай
Жанарымнан
жасқанып қалдың неге?
Қайырмасы:
Күнде
алдымнан шығасың таң
алдында
Ақша
бетің албырап алау
нұрға.
Кім едің сен,
қалқашым, кім едің
сен,
Арман
үшін, әлде сен жаралдың
ба?!
Қайырмасы:
Мәншүк туралы
ән
Әнін жазған Сыдық Мұхамеджанов
Бұлбұлдай еркін сайраушы
ең бауларда,
Айтушы ең жүрек
арманын тауларға.
Дауыл боп кенет,
аяулы асыл ән,
Аттандың сен де, аттандың жауларға.
Кеудеңнен жалын алаулап
атқандай.
Жүрегің отқа өртеніп
жатқандай.
Өзің де оқтай
атылдың жауларға
Аспаннан түнде ақ
жұлдыз аққандай.
Жырлайды сені жел
жұпар шашқанда,
Жырлайды көктем гүлдерін
ашқанда.
Тұрсың сен мәңгі
жас болып жүректе,
Жүрсің сен мәңгі
ә
Солдатқа хат
Әнін жазған Ескендір Хасанғалиев
Қызық па
солдат өмірі,
Жауынгер жолдас,
хал қалай?
Босаңдау едің,
толығып,
Болдың ба жігіт
балғадай?
Именіп былай,
өзіңнен
Бір-екі солдат
ыға ма?
Қарсы кеп
қалған кезінде
Қалшиып қатып
тұра ма?..
...Теп-тегіс аман
ел жақ та,
Тұрмыс қып
жатыр жарасып.
Хат келе қалса
сен жақтан,
Оқиды бәрі
таласып.
Сені айтып жалғыз
күнде анаң,
Сақтап жүр
жылы-жұмсағын.
Қарттардың бәрін
жинап ап,
Бұйрықты беріп
жүр шалың.
Сенің бір жылы сөзіңді,
Сағындық па
екен біз ғана,-
Іздей ме,
қалай, өзіңді
Шығарып салған
қыз бала?
Бір әнге
салып, үздігіп,
Отырады ылғи
ымыртта...
Ұмытсаң, ұмыт
біздерді,
Со қызды
бірақ ұмытпа.
Жас жігіт
жақсы солдатқа
Жақсы жар
керек әманда,
Кетті деп
бізден аулақтап,
Өкпелей қоймас
анаң да.
Сағынып жүрміз
елеңдеп,
Хатыңның ізін
суытпа...
Жауынгер жолдас, дегенмен,
Бізді де
бірақ ұмытпа!
Жиырма сегіз
Әнін жазған Сыдық Мұхамеджанов
Тастар көкке атылды,
Орман шулап, тау
құлап.
Жиырма сегіз батырды
Жеңе алмады жау
бірақ.
Жамылды жер тұманды,
Өрт ішінде қалды
бақ.
Жиырма сегіз қыранды
Жеңе алмады жау бірақ.
Оқ астында зулаған
Туған жермен бір
болып.
Жау алдында тұрды
Олар,
Жиырма сегіз шың
болып.
Жау жеңілді ақыры,
Атты бейбіт таң
күліп.
Жиырма сегіз батырын
Ұмытпайды Ел мәңгілік!
Гренада
Әнін жазған Мыңжасар Маңғытаев
Жатыр лаулап жалын–өртке
Гренада аспаны,
Гренада қайғы–дертте,
Қайғы–дертте жас–кәрі.
Гренада, Гренада!
Қарашығы көзінің!
Гренада – жүрек әні,
Жүрек әні өзінің!
Қан жылатып шат көңілді,
Айырмақсың елінен.
Қара құзғын, тарт
қолыңды,
Гренада жерінен!
Жем бойында
өтті менің жас
күнім...
С.Жиенбаев
Өмір, жастық шақ
әндері
Бір адам
Әнін жазған Ескендір Хасанғалиев
Өміріңде көңілің бір
құлаған –
Көз алдында тұрады ылғи
бір адам.
Алыста ма, жақында
ма, кім білсін,
Бір адамның жүрегіңде
жүр аман.
Көрінеді ол нұр
шашырап өңінен,
Дем аласың соның
ғана демімен...
Сеніменен бір жүзеді
ол теңізде,
Аспанға да бірге
ұшады сенімен...
Сенен басқа білмейді
оны жан адам,
Сезбейді оны көрінбейді
ал даладан.
Оның жайын білем
деген болса егер,
Сұрасын тек жұлдыз
бенен ауадан.
Мен білмеймін тазамысың
күнәдан?!
Тірлік деген бұлтанақ
та бұралаң...
Өміріңде аңсап қана
жүретін –
Көңілінде тұру керек
бір адам!...
Періште
емес, пендемін
Әнін жазған Ескендір Хасанғалиев
Періште
емес, мен де өзгедей пендемін...
Көңілімде
көктем гүлін тербедім.
Айдың
аппақ сәулесіне аралас
Арулардың
жұттым ыстық демдерін. 2 рет
Мен
солардың жанарына жүгіндім,
Мен
солардың алауына жылындым.
Бозбаланың
иілмедім алдында,
Қыз-баланың қабағынан
иілдім.... 2 рет
Біреу,
бәлкім, көрер мені
түсінде,
Сол
баяғы алабұртқан пішінде.
Сол
баяғы балғын күйде,
кім білсін,
Жүргем
шығар бір көздердің
ішінде... 2 рет
Конькишілер маршы
Әнін жазған Әсет Бейсеуов
Нұр ойнаған жанарында
Балғын жігіт, балғын қыздар –
Асқар таудың алабында
Ағып жүрген ақ
жұлдыздар.
Қанат қағып қоңыр
желмен
Ақша бұлттан әрі
ұшқандай.
Жарқыраған айдын көлде
Аққу–қаздар жарысқандай.
Сары аязда елеңдер
ме,
Жалын атқан жүзі
балдай,
Зулап ұшқан өрендерге
Құзар шыңдар қызығардай.
Қар жамылған абат бақтар,
Тау тұрады мұнарланып,
Қыз-жігітпен қанат қаққан
Бірге шалқып, бір
айналып.
Той кезінде,
жас құрбым,
Жалтақтама
тайынба.
Тартқан күйін,
тамылжып,
Тіл бітірсін қайыңға.
С.Жиенбаев
Той - думан
туралы әндер
Тойбастар
Әнін жазған Әбілахат Еспаев
Ал, кәнеки, ағайын,
Асқақ әнге салайын.
Басы болсын бұл
тойдың,
Шырқап-шырқап алайын.
Кеңейтейін әніммен
Көңіліңнің сарайын.
Жырым менің жылытсын
Жүректердің талайын.
Ақ сәуледей аралап,
Аспан астын жайласын.
Біздің әнге қосылып,
Бұлбұл құстар сайрасын.
Қансын әбден құмары,
Қарт көңілі жайнасын.
Қыздырыңдар думанды,
Қыз-жігіттер, қайдасың?!
Той кезінде, жас құрбым,
Жалтақтама, тайынба.
Тартқан күйің тамылжып,
Тіл бітірсін қайыңға.
Жасырынып қалмасын,
Жаныңдағы айың да.
Ән кезегі келеді,
Әндеріңді дайында.
Беташар
Әнін жазған Әбілахат Еспаев
Келін келді – көріңдер,
Көрімдігін беріңдер.
Келін көрем дегендер,
Кәне, маған еріндер.
Бал шырынды құйындар,
Шашуды да төгіндер.
Босағаға иірілмей,
Бермеңірек келіңдер.
Қалықтасын жыр ғана,
Қызықтасын гүл – дала,
Жеті қырдан әрі асып,
Жетсін алыс шыңға да.
Алдарыңа келіп тұр
Ақмаралдай бір бала,
Келінжаннан асатын
Көкте жүрген күн ғана.
Сыр алдырма, көмейім,
Сұңқылдап бір қөрейін,
Көктемдегі өзендей
Күмбірлеп, жыр төгейін.
Домбыраны қағайын,
Даусым әлсіз демейін,
Бүгін түскен келіннің
Бетін ашып берейін.
Балбыраған бал келін,
Маған құлақ сал, келін
Жұртың сенің күтіп тұр,
Жатырқама, жан келін.
Қуанышпен өзіңді
Құшақ жайып алды елің,
Жаңа түскен жеріңе,
Жарқ етіп бір, ал, көрін!
Бәрі де тұр елжіреп,
Бәрінің де жоқ есі.
Келініміз келді деп,
Көкке
жетті төбесі.
Қариясы, жасы көп,
Қаумалаған бар елге,
Туыстықтың басы деп,
Иіліп бір
сәлем де!
Кәрі жүзі
нұрлана,
Көгершінім
келді деп,
Бауырымдағы
бір бала
Бүгін екеу
болды деп,
Жүрегі тек
жарылмай,
Жүрген
шығар әрең де,
Жақсы
көрер жаңындай
Жан атаңа
сәлем де!
Асқар ала
таудайын
Ақ құшағын
жая алар,
«Жас
ботам» деп әрдайым,
Жүрегіне
аялар.
Айтқан
сөзі бағалы,
Аяулы жан
бар елге,
Жасаураған
жанары,
Жан енеңе
сәлем де!
Әнін айтар
аямай,
Әзіл айтар
сырласың,
Мына
отырған жағалай
Қатар
құрбы-құрдасың.
Көкке бірге самғасын,
Қосыла бір
сал әнге,
Олар да
енді қалмасын,
Оларға бір
сәлем де!
Самал
желдей желігіп,
Салған
әнім қыр ассын.
Толықсыған
келінім,
Тойың
тойға ұлассын.
Тауып айтқан
барлығын,
Таныстырған
әлемге.
Махаббаттың
жыршысы –
Маған да
бір сәлем де!
Шілдехана жыры
Әнін жазған
Әбілахат Еспаев
Келді өмірге бір
бөбек,
Кеудесіне гүл бөлеп.
Бүгін айтар жыр бөлек.
Бүгін шығар үн
де ерек.
Ақ жүзінен сәбидің
Аймаласын күн де
кеп.
Айналайын апасы,
Айналшақтап жүрме көп.
Жарқын болсын өмірі
Жаздың әсем таңындай,
Таза болсын көңілі
Таудың аппақ қарындай.
Өзен болсын пейілі
Өз халқының жанындай,
Жатсын күнде үйінен
Жақсы қонақ арылмай.
Төбесіне көтерер
Ұлы болсын елінің.
Көрген адам қызығар
Гүлі болсын жерінің.
Көктем болып жүрсін де,
Көтерсін жұрт көңілін.
Арлы болсын қашанда,
Алды болсын теңінің.
Айттым бәрін тілектің,
Ата-енесі білсін деп.
Құйттайынан бөбектің
Құлағына құйсын деп
Асқар таудай әрдайым
Алдымызда тұрсын деп.
Ат қояйық, бүкіл ел
Атын атап жүрсін деп!
Жар-Жар
Әнін жазған Әбілахат Еспаев
Қыздар:
Әлпештеген
ортаңда
Бір
бала едім, жар-жар,
Балалықпен
бал дәурен
Құрған
едім, жар-жар,
Құшағыңнан
шынымен
Мені
ұшырып, жар-жар,
Қаламысың қол
бұлғап,
Туған
елім, жар-жар.
Жігіттер:
Ұмыта ма
ұясын,
Туған адам, жар-жар,
Кеудесіне
қырмызы
Гүл
қадаған, жар-жар.
Кетесің ғой
онда да
Бауыр
басып, жар-жар,
Бұл даладан,
жар –жар
Қыздар:
Айналайын жан
әкем
Анам
менен, жар-жар,
Мен кеткен
соң қызықты
Табар
неден, жар-жар.
Болып па еді
ой менде
Бір
кездері, жар-жар,
Тастап кетіп,
өзгеге
Барам
деген, жар-жар.
Жігіттер:
Қызығы көп
алдағы
Жолдың
да асар, жар-жар,
Қызғалдақтай
құлпырып,
Көңіліңді
ашар, жар-жар,
Қос ардағым қалды деп
Нали берме, жар-жар,
Ата-енең бар олардың
Орның
басар, жар-жар.
Қыздар:
Құшағы ыстық қайран дос
Сүйікті
екен, жар-жар,
Бірге жүріп ортаңда
Біліп
пе екем, жар-жар,
Құлын-тайдай бірге өскен,
Құрбы-құрдас,
жар-жар,
Өздеріңді қалай мен
Қиып
кетем, жар-жар.
Жігіттер:
Бұлбұл құстар көктемде
Талға
қонар, жар-жар,
Тал болса да қоңады
Таңдап
олар, жар-жар.
Сен секілді аққуды
Таңдап
жүрген, жар-жар,
Сал жігіттің достары
Бар да болар, жар-жар.
Қыздар:
Талай ұл-қыз баурында
Өсіп-
өнер, жар-жар
Бір балам деп аларсың
Есіңе,
ел, жар-жар,
Бақыты боп біреудің
Жаралған
соң, жар-жар,
Амалым жоқ, қайтейін,
Кешіре гөр, жар-жар.
Жігіттер:
Осыменен тамаша
Жетті
дейік, жар-жар,
Ақ сұңқар құс ұшты да
Кетті
дейік, жар-жар.
Ақ күн туып алдыңнан
Екеуіңнің, жар-жар,
«Қосағыңмен қоса ағар!» -
деп
тілейік, жар-жар.
Мен Сағи ағамыздың өлеңдерін сүйіп оқимын. Бұл блог маған өте қатты ұнады. Пайдаланға өте ыңғайлы екен. Әсіресе "Әнге айналған Сағи өлеңдері" кітабының нұсқасын алғаныма қатты қуанып отырмын. Рахмет Сізге осындай блог барына.
ОтветитьУдалить