«ОҚИТЫН ӨЛКЕ» ОБЛЫСТЫҚ
АКЦИЯСЫНЫҢ
Өмірден ерте өткен жазушының өз уақыты мен
тұтас бір ұрпақтың ғұмырнамасын өзек еткен «Жан», «Қара жаңбыр», «Қызыл ай», «Қарала
сиыр» т.б. әңгіме-хикаяттарында шынайы шыңдықпен нәрленген нәзік мұң, сәулелі
романтика өлеңдей егіз – қатар өріліп отырады. Ішкі лирикалық иірімінің
әсер-қуаты жөнінен бұл жинаққа енген
туындылардың қай-қайсысы да прозадағы
поэзия іспетті.
Е Р Е Ж Е С І
1. Жалпы
ережелер
1.1.Ереже
«Оқитын өлке» акциясын өткізу тәртібін,
мәртебесі мен мақсат-міндеттерін айқындайды.
1.2.Акцияны
ұйымдастырушылар:
·
Облыстық мәдениет басқармасы
·
С.Бәйішев атындағы облыстық
әмбебап – ғылыми кітапханасы
1.3.Акцияның мақсаты:
Оқу мәдениетін дамыту және қолдау,
тарихи-мәдени және рухани
құндылықтарды сақтау, жастар мен қалың
жұртшылық арасында ең үздік өлкелік әдеби туындыларды
кеңінен насихаттау мақсатында жыл сайын
«Оқитын
өлке» акциясын өткізу.
1.4.Міндеттері:
·
Жыл сайын өлкедегі ең
үздік туындыны, жергілікті ақын-жазушы, қоғам
қайраткерінің бір шығармасын насихаттау, жастардың
отандың әдебиетке, классикаға, қазіргі әдебиет
пен поэзияға деген сүйіспеншілігін ояту,
олардың оқу мәдениетін қалыптастырып, жетілдіру.
·
Облыс көлеміндегі мемлекет
және қоғам қайраткерлерін, ғалымдарды, оқу ісіне
қатысы бар басқа да мамандарды оқу
мәселесін ілгерілетуге тарту.
1.5.Акция
мазмұны:
Акцияны
өткізу үшін ауызша, телефон арқылы сұрау
немесе сауалнама жүргізу арқылы кітапханаларда,
оқу орындарында, ұйымдарда, мекемелерде
азаматтардың ұсыныстарын білу жолымен кітап
таңдалады.
Облыс жұртшылығы бір кітапты бір мерзімде
оқып шығады және талқылайды. Осы кітапты
насихаттау үшін түрлі іс-шаралар өткізіледі.
1.6.Акцияға
қатысу үшін іріктелетін кітап:
а)
ұлттық гуманизм идеялары мен жалпы азаматтықты,
тарихи-мәдени дәстүрлерді, тарихи тамырластық пен осы
заманғы еліміздің дамуын бейнелейтін;
б)
жанрлық жағынан сан алуан;
в)
көркемдік құны жоғары; « »__________2011ж.
г)
барлық жастағылар үшін қызықты;
д)
кітапханалар мен кітап дүкендерінде саны
жеткілікті;
е)
пікір сайыс туғызуға ынталылық тудыратындай
болуы қажет.
Акцияға
қатысу үшін БАҚ өкілдері, басқа да
шығармашылық бірлестіктер мен жеке тұлғалар
шақырылады.
2.Акцияға әзірлік пен оны өткізу
жетекшілігі
2.1.Акцияны
ұйымдастырып өткізу үшін құрамына облысқа танымал
ақын-жазушылар, ғалымдар, қоғам және мәдениет қайраткерлері
кіретін ұйымдастыру комитеті құрылады.
2.2.Ұйымдастыру
комитеті:
·
Акцияны өткізу үлгісін,
мерзімі мен тәртібін анықтайды;
·
Акция үшін таңдалған
кітапты бекітеді;
·
Акция нәтижелерін бекітеді;
·
БАҚ-қа арнап хабарлама
дайындайды.
2.3.Акция
ұйымдастыру комитеті белгілеген күні өткізіледі.
2.4.Акцияның
өткізілуін жүзеге асыру үшін акцияны
ұйымдастыратын және өткізуіне тікілей жауапты
жұмыс тобы құрылады.
3.Акцияға қатысу тәртібі
3.1.Акцияға
облыстың барлық тұрғындары, барлық оқу
орындары, кез келген ұйымдар мен мекемелер
қатысады.
3.2.Акция
барысында өткізілетін шара түрлері сан
алуан болуы мүмкін: сынып сағаттары, оқырмандар
конференциясы, әдеби кештер, кітап жайлы
көрсетілімдер мен талқылаулар, жазушылармен, актерлармен
кездесулер, флэшмобтар, буккроссинг, телемарафондар, клуб отырыстары,
инсценировкалар, спектакльдер және т.б.
4.Өткізілу уақыты
4.1.Акцияны
өткізу мен әзірлік науқаны акция жарияланған
күннен басталады. Дайындық кезеңінде акцияны
өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдар-плакаттар, кітап
туралы буклеттер, үнпарақтар шығарылады.
4.2.Акцияны
өткізу уақыты ___________________
5.Қорытындылау
5.1.Акция
қорытындысын жіберілген материалдар бойынша ұйымдастыру
комитеті шығарады.
5.2.Қорытындылау
үшін қабылданатын материалдар:
-
іс-шараларды сипаттау;
-
видео және фотоматериалдар;
-
мультимедиалық материалдар;
-
кітапхана сайттарына берілген ақпараттық материалдар.
5.3.Акцияға
қатысу әдістеріне ұсынылған шығарманы қалың
оқырманға талдап жеткізудің нақты жолдарының
көрсетілуіне өткізілген шаралардың мазмұнына
тұрғындардың түрлі топтарының акцияға неғұрлым
көбірек тартылуына басты назар аударылады.
5.4.Аяқтау
кезінде Акцияның ең белсенді қатысушылары
анықталады және қорытындысы шығарылады. Акцияның
өткізілуіне белсене ат салысқан ұжымдар,
мекемелер, кітапханалар және тұлғалар облыстық
мәдениет басқармасының арнайы дипломдарымен
марапатталады.
5.5.Қорытынды
хабарлама кітапхана сайттарында, облыстық БАҚ-да
жарияланады.
Облысымызда 2011
жылдан бастап ең үздік өлкелік әдеби туындыларды насихаттау мақсатында
«Оқитын өлке» акциясы қолға алынды. Акцияға 2011 жылы Ғалым Ахмедовтің «Жем
бойында» атты тарихи романы, 2012 жылы ақын Мұхтар
Құрманалиннің «Жұлдызды жорық» кітабы, былтыр қазақ әдебиетінің классигі,
драматург Тахауи Ахтановтың туғанына 90 жыл толуына орай «Шырағың
сөнбесін» шығармасы, биыл таңдау Тобық Жармағанбетовтың "Отамалы" жәнеде басқа да шығармалары алынып отыр.
Биыл «Оқитын өлке» акциясына
белгілі жазушы Тобық Жармағамбетовтың 80 жыл толуына орай «Отамалы»
атты еңбегі
ұсынылып отыр.
Жармағамбетов Т.
Отамалы. Әңгімелер мен хикаяттар /Құраст.
Е.Дүйсенбайұлы. Алғысөзін жазған З.Серікқалиұлы. – Алматы: «Раритет», 2002.-212
бет.
Өмірден ерте өткен жазушының өз уақыты мен
тұтас бір ұрпақтың ғұмырнамасын өзек еткен «Жан», «Қара жаңбыр», «Қызыл ай», «Қарала
сиыр» т.б. әңгіме-хикаяттарында шынайы шыңдықпен нәрленген нәзік мұң, сәулелі
романтика өлеңдей егіз – қатар өріліп отырады. Ішкі лирикалық иірімінің
әсер-қуаты жөнінен бұл жинаққа енген
туындылардың қай-қайсысы да прозадағы
поэзия іспетті.
Жармағамбетов
Тобық
Тобық Жармағамбетов 1934 жылы Ақтөбе облысының Байғанин
ауданындағы Жарқамыс поселкісінде туған.
1957 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология
факультетін бітірген. Сосын өзінің туған жерінде орта мектепте мұғалім болған.
Кейін Ақтөбе телевизия студиясының аға редакторы және бас редакторы болып
істеген. Ақтөбе облысының «Коммунизм жолы» газеті редакциясында және өмірінің
соңғы кездерінде мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамында қызмет істеген. КПСС
мүшесі.
Т.Жармағамбетов аз өмірі ішінде повесть, әңгіме жанрында, теледраматургия
саласында еңбек етті.
Шығармалары: Нәзік бұлттар, Алматы, «Жазушы» баспасы, 1966;
Екі жүрек, Повесть пен әңгімелер, «Жазушы», 1968; Сентябрь түні, Повесть.
«Жазушы», 1970; Соңғы хат. Повесть пен әңгімелер. «Жазушы», 1977; Ақ жауын.
1-томдық. «Жазушы», 1984.
Комментариев нет:
Отправить комментарий