Сағидың шығармалары

                   Сағи Жиенбаевтың шығармалары


    С. Жиенбаев. Дала гүлі: Өлеңдер, - Алматы: Қазақтың Мемлекеттік көркем әдебиет  баспасы, 1961.- 84б.

           Бұл кітапшасында оның соңғы жылдары жазған      лирикалық өлеңдерінің ең таңдаулылары кірді. Оның «Ақтөбе әуендері», «Теңіз жырлайды» деген циклдары өлең өрнегінің
әдемілігімен өз оқушысын сүйіндіретін дүниелер.



С. Жиенбаев. Әлия: Лирика, -  Алматы: Жазушы, 1973,- 96бет.
        Белгілі лирик ақынымыз Сағи Жиенбаевтың «Қуатты ойдан бас құрап, еркеленіп шыққан» жыр жолдары қашанда оқырман көңіл күйімен әсем келісім тауып жатады. Оның қаламынан туған бұл кітабы да ақын талантының кемелдене түскенін көрсетеді.

        Жинақтағы халқымыздың қаһарман қызы Әлия туралы дастан да, мәңгі жас туған өлке туралы тың толғаныстар да, замана хақындағы өлеңдер де жыр сүйгіш қауымның жүрегіне жол табар сәтті туындылар.
                               



Сағи Жиенбаев. Жарық жұлдыздар: Дастандар мен баладалар,- Алматы:Жалын, 1983,-344б.           







                Жиенбаев Сағи. Құралай салқыны: Өлеңдер мен         дастандар,- Алматы: Жазушы, 1979,- 136бет.
           Сағи Жиенбаевтың «Құралай салқын» аталатын бұл жинағына соңғы кездері жазған лирикалық өлеңдері енді. Бұл жырларда замандастарымыздың жан дүниесі, туған жердің әсем табиғатты суреттеледі. Ақын «Ыстық нан», «Жалын» дастандарында совет адамдарының адамгершілігін, ел мен жерге деген сүйіспеншілігін жырлайды.


              Жиенбаев Сағи.  Алтын қалам: Өлеңдер мен поэмалар,- Алматы: Атамұра,  2003.- 272бет.
            «Жүректің сырын шертетін сен біздің алтын қаламсың» деген сөзін қазақ лирикасының хас шебері марқұм Сағи Жиенбаевтың өзіне бағыштап айтуға болады. Оның адалдық пен пәктіктен, ізгілік пен сұлулықтан жаралған рухани мұрасы көркемдік құндылықтарға деген бүгінгі де, ертеңгі де сұраныстарымызға риясыз қызмет ете берері кәміл.
            Ақынның бұл жинағы таңдамалы өлеңдері мен поэмаларынан тұрады.


Жиенбаев С.   Бақ құсы: Таңдамалы лирика,- Алматы: Раритет, 2002.- 232бет.
               Сазды лирика саңлағы Сағи ақынның бұл кітабына оның көзі тірісінде сан алуан жинақтарында жарияланған таңдамалы өлеңдері енді. Олар, расында да, қазақ поэзиясы бағында құйқылжып сайрап тұрған құмыр құстың ән – әуезіндей әдемі үйлесім тапқан: әр ырғақ – нақышында жарық дүниеге, жақсылық атаулыға, елге- жерге деген ерекше ынтызарлық, іңкәрлік бар.



           С. Жиенбаев. Жер құдіреті: Өлеңдер, баладалар мен дастандар,- Алматы: Жалын, 1989- 144б.

       Ақынның жаңа жинағына соңғы жылдары жазған лирикалық өлеңдері мен шағын поэмалары енгізілді. Үн мен ұғымның сұлу үйлесімі, «сылдырап өңкей келісім», азаматтық әуенге адалдық – Сағи поэзиясының ерекшелігі.


                          Сағи Жиенбаев. Жадымдасың, жас күнім: Таңдамалы. - Алматы:  Жазушы, 1972. – 240бет.
              Сағи Жиенбаев – сөз сиқырын бойына сіңіре білген санаулы ақындарымыздың бірі. Көзі қырағы, қолы зергер автордың жырлары күнге қызынған құндыз сауыры, аспанға лақтырған айна сынағы сияқты: сәулелі де шұғылалы, нұрлы да сырлы. Шағын да болса, жалынды; аз да болса, назды. Ой мен сезімге егіз суарылған қылықты шумақтар ыстық алақанға қона қалған ақша қар тәрізді тіліңізге тиген бойда- ақ еріп жүре береді...
Оқырманға алғаш рет ұсынылып отырған бұл таңдамалы топтамаға айтулы ақынымыздың, негізінен, міне осындай туындыларын енгіздік. 




Сағи Жиенбаев. Бозторғай:  Жыр кітабы,- Алматы: Жалын, 1981-112бет.

      Сыршыл ақын Сағи Жиенбаетың бұл кітабына биік адамгершілікті, туған ел табиғатын жырлайтын лирикалық өлеңдері мен туысқандық, достық, ерлік жайлы балладалары енгізілді.






Сағи Жиенбаев. Менің көршім: Поэма мен өленңдер, - Алматы: Жазушы1965.- 128бет.

          Сағи Жиенбаевтың бұл жинағына ақынның соңғы кезде жазылған өлеңдері, «Менің көршім» атты шағын поэмасы енді. Оқуға жеңіл, ұйқас, ырғағы әдемі, жатық. Табиғат әсемдігін, Отан байлығын құрметтеуге баулиды.







С. Жиенбаев.    Сыйлық:  Өлеңдер,- Алматы: Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы, 1960.- 40б.






      Сағи Жиенбаев.   Ақ толқын: Өлеңдер мен толғаулар,-  Алматы: Жазушы, 1977.-99б.

               Ақынның бұл кітабында оның соңғы жылдары жазған өлеңдері мен шағын дастандары кірді. Өз замандастарының ұлылығы, асыл арманы, таза махаббаты – Сағи жырларының темірқазығындай ерекше көзге түседі. Бұл жинағында да ақын адам жанын дәріптеп, оның ұлы жүрегін тебірене жырлайды.




       Сағи Жиенбаев. Ақ самал: Өлеңдер,- Алматы:  Жалын, 1976.- 120бет.
          Ақын Сағи Жиенбаевтың бұл өлең кітабы балаларға арналған. Туған еліміздің табиғатын, бал бөбектердің қызықты қылықтарын ақын әдемі жырлайды. Қиялға қанат бітіретін қызғылықты ертегі- хикаяларды да осы «Ақсамал» атты кітаптан оқисыңдар.






   Жиенбаев Сағи. Оймауыт: Жыр – дастандар: - Алматы:  Жазушы, 1975.-120б.
            Ақын Сағи Жиенбаевтың « Оймауыт» атты жаңа жинағында туған жердің бүгінгі бейнесі, ондағы ұлы өзгерістер, дала табиғатының сан алуан құбылыстары, Көкше көріністері әсем суреттеледі.
           Ұлы Отан соғысы кезінде үлкендермен қатар қабырғасы қайсыа еңбек еткен жас ұрпақтың көңіл – күйі, жан дүниесі шынайы жырланады. 




Сағи Жиенбаев.    Бәрі жақсы ананың: Өлеңдер мен ертегі: - Алматы:  Жалын, 1990.- 48б.







Саги Жиенбаев. Я помню ту весну: Переводы с казахского, Алма-Ата: Жазушы, 1969.-80с.
           « Я помню ту весну» - первый сборник стихов Саги Жиенбаева на русском языке. Это стихи о родной казахской степи, о ее неяркой на первый взгляд красоте, о детстве, с которым связано много хорошего и грустного, о нежно любимой матери, о друзьях, которым поэт всегда остается верен, - словом, о том, что дорого и близко каждому.
            У поэта спокойные интонации, тихий голос и, пожалуй, главное, что делает его не похожим на других,- удивительная мягкость и добрата.








    Саги Жиенбаев. Синие кедры: Стихи.Перевод с казахского - Москва: Советский писатель,1987.- 112с 








   Саги Жиенбаев.  Золотое перо: Стихи, Баллады, Поэма,Авторизованный перевод с казахского Геннадия Серебрякова. - Алма-Ата:  Жазушы., 1977.- 152б.
             Имя Саги Жиенбаева хорошо известно казахским читателям. В его стихах – и образ родной земли, и жажда жизни, и творческий поиск, и пытливый интерес к людям. Автор не забыл своего сурового военного детства, об этом – цикл стихов, посвященных аульным мальчишкам.
            Сборник завершается поэмой о мужественной дочери казахского народа Алие Молдагуловой.






           Сағи Жиенбаев. Үш томдық шығармалар жинағы:  Т.2. Өлеңдер.- Алматы: Жазушы,1991. – 352б.

             Қазақтың белгілі ақыны Сағи Жиенбаевтың үш томдық шығармалар жинағының екінші томына әр жылдарда жазылған сапар жырлары, ән-өлеңдері енгізілді.



                       Сағи Жиенбаев. Үш томдық шығармалар жинағы: Т.3. Толғау, Дастандар.- Алматы: 
Жазушы,1991. – 344б.
            Қазақтың белгілі ақыны Сағи Жиенбаевтың үш томдық шығармалар жинағының үшінші томына әр жылдарда жазылған толғау, дастандары енгізілді. 
         





   Сағи Жиенбаев. Сырлы теңіз: Поэмалар мен балладалар.- Алматы:  Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы, 1963.- 100бет.

          Бұл жинақ ақынның шағын поэмалары мен балладалары енді. Аталған шығармаларында автор өмірдің алуан түрлі құбылыстарын ыстық сезіммен жырлайды. Ақын өзі көріп, өзі білген жайларды шығармаларына арқау еткен.
          




             Сағи Жиенбаев.   Өркиік: Өлеңдер мен Дастан.  
                           - Алматы:  Жазушы, 1969.- 88б.





                        
            
              Сағи Жиенбаев. Алтын қалам: Өлеңдер мен поэмалар.- Алматы:  Жазушы, 1971.-80бет.
            Ақын С. Жиенбаевтың «Алтын қалам» атты кітабына соңғы кездері жазған лирикалық өлеңдері енді. Бұл өлеңдерде адам бойындағы алуан қасиетттер – жан сезімі, жүрек толғанысы жырланады.
            «Алтын қалам» дастаны заманымыздың аса көрнекті ақыны, бейбітшілік жолындағы жалынды күрескер – Назым Хикмет арналған. «Қырандар хикаясы» аталатын лирикалық толғауда қазақтың тұңғыш атты әскер полкінің қаһармандық ерлігі суреттеледі.
    

  


                      Сағи Жиенбаевтың аудармалары.


          Тырналар: Расул Ғамзатовтың лирикалық өлеңдері, Алматы:  Жазушы, 1981.- 232бет.

           Бұл жинақ әйгілі авар ақыны, Социалистік Еңбек Ері, Лениндік сыйлықтың лауреаты, Дағыстанның халық ақыны Расул Ғамзатовтың лирикалық өлеңдері еніп отыр.




«Давид Сасунский»: Армян халық ертегілері, Аударған Сағи Жиенбаев, Жазушы,1990.-  304б.
           «Давид Сасунский»- аса қуатты араб халифатымен күрес үстінде өз тәуелсіздігін жеңіп алған армян халқының батырлық дастаны.

          Осынау ерлік жыры арқылы ғасырлар бойына еркіндік аңсаған халықтың күрескерлік рухын, дүниеге көзқарасын, адамгершілік асыл қасиетін, табиғатты, махаббатты қастерленген сезімін айқын түсініп, құптап отырасыз.



                       
Расул Ғамзатов «Жарық Жұлдыздар»:  Поэма мен     Өлеңдер, Алматы: Қазақтың мемлекеттік Көркем Әдебиет Баспасы, 1964. – 268б.
           Лениндік сыйлықтың лауреаты, әйгілі ақын Расул Ғамзатовтың өлеңдері Одақ көлемінде қалың оқушы жұртшылығының сүйіспеншілігіне бөлгені мәлім. Расулдың ойлы, отты, ойнақы өлеңдері шалқар шабыттың, жалын жүректің дарқан сыйы іспетті.
            Сол себепті бұл кітаптың қадір-қасиетін айтып жеткізу мүмкін емес. Сондықтан да оқушының өзі оқып шыққаны абзал.



   Назрул  Ислам: Өлеңдер, Алматы:  Жазушы, 1972.- 48бет
        





  

   Момын Каноат «Сталинград даусы»: Өлеңдер мен дастандар, Алматы: Жалын, 1982.- 96бет.
           Тәжіктің талантты ақыны, СССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Момын Каноат жырларын қазақ жұртшылығыда жақсы біледі. Оның азаматтық, әлеуметтік әуендегі өлең-дастандары республика баспасөзінде жиі-жиі жарияланып жүр. Ол адамзат алдындағы аса күрделі оқиғаларды шығыс поэзиясына тән ойлы да ойнақы, сұлу суреттер арқылы бейнелейді.
             Момын Каноат- жемісті творчествосымен қатар еліміздің қоғамдық өміріне де белсене атсалысып жүрген ақын. Ол СССР Жоғарғы Советінің депутаты, республика Жазушылар Одағы басқармасының председателі.





   Валерий Брюсов: Таңдамалы Өлеңдер, Алматы:  Жазушы, 1973.- 160б.









          
 Давид Кугультинов «Замандасым»: Өлеңдер,  Алматы:  Жазушы, 1968.- 88б.     





   


Пушкин А.С. Алтын әтеш туралы ертегі,- Алматы:  Жазушы, 1975.



                    







 Ярослав Смеляков . «Ақ қайың»: Алматы: Жалын,1979.- 128б.









           Ақтөбе кітапхана сериасымен шыққан С. Жиенбаевтың 80                                              жылдығына шыққан кітап.

            Жиенбаев Сағи.  Ақтөбе: "Шамшырақ- Ақтөбе" ЖШС.
           Ақтөбе кітапханасы сер. 13 Т. -2013. -320 бет.

Комментариев нет:

Отправить комментарий