Тобықтың шығармалары

Тобық Жармағанбетовтың шығармалары:


Биыл  «Оқитын өлке» акциясына белгілі жазушы Тобық Жармағамбетовтың 80 жыл толуына орай «Отамалы» атты еңбегі ұсынылып отыр.




                                    Жармағамбетов Тобық
Тобық Жармағамбетов 1934 жылы Ақтөбе облысының Байғанин ауданындағы Жарқамыс поселкісінде туған.
         1957 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Сосын өзінің туған жерінде орта мектепте мұғалім болған. Кейін Ақтөбе телевизия студиясының аға редакторы және бас редакторы болып істеген. Ақтөбе облысының «Коммунизм жолы» газеті редакциясында және өмірінің соңғы кездерінде мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамында қызмет істеген. КПСС мүшесі.
         Т.Жармағамбетов аз өмірі ішінде повесть, әңгіме жанрында, теледраматургия саласында еңбек етті.
         Шығармалары: Нәзік бұлттар, Алматы, «Жазушы» баспасы, 1966; Екі жүрек, Повесть пен әңгімелер, «Жазушы», 1968; Сентябрь түні, Повесть. «Жазушы», 1970; Соңғы хат. Повесть пен әңгімелер. «Жазушы», 1977; Ақ жауын. 1-томдық. «Жазушы», 1984.






Жармағамбетов Т.
Отамалы. Әңгімелер мен хикаяттар /Құраст. Е.Дүйсенбайұлы. Алғысөзін жазған З.Серікқалиұлы. – Алматы: «Раритет», 2002.-212 бет.

Өмірден ерте өткен жазушының өз уақыты мен тұтас бір ұрпақтың ғұмырнамасын өзек еткен «Жан», «Қара жаңбыр», «Қызыл ай», «Қарала сиыр» т.б. әңгіме-хикаяттарында шынайы шыңдықпен нәрленген нәзік мұң, сәулелі романтика өлеңдей егіз – қатар өріліп отырады. Ішкі лирикалық иірімінің әсер-қуаты жөнінен бұл жинаққа енген туындылардың қай-қайсысы да прозадағы поэзия іспетті.
       Тобық Жармағамбетовтың шығармалары





Жармағамбетов Т.
Ақ жауын. Повестер. – Алматы: «Жазушы», 1984.-398 бет.
      Жазушы Тобық Жармағамбетовтің бұл жинағына «Ақ жауын», «Сентябрь түні», «Бәйтеректің жас шағы», «Нәзік бұлттар» повестері енген.






Жармағамбетов Тобық
Сентябрь түні. [Повестер]. «Жазушы» баспасы, Алматы – 1970.-176 бет.
      Жазушы Тобық Жармағамбетовтің бұл еңбегіне екі повесі еніп отыр. Мұның алғашқысы ақын – жырау Нұрпейіс Байғанинның өнердегі өміріне арналған.



Тобық Жармағамбетов. Ақтөбе кітапханасы шығармалары. 12Т.-Ақтөбе: «Шамшырақ-Ақтөбе» ЖШС, 2013.-448 бет.
«Ақтөбе кітапханасының» он екінші томына өмірден ерте өткен талантты қалам иесі Тобық Жармағамбетовтің повестері мен әңгімелері енгізіліп отыр.
   

                         Тобық Жармағамбетов туралы жазылған кітаптар



   Тобық-тағдыр. Жазушы Тобық Жармағамбетов туралы естеліктер. Құрастырған: Әсем Мырзағұлқызы.
Ақтөбе, «NOBEL» баспаханасы, 2012 жыл.408 бет.
     Талантты жазушы Тобық Жармағамбетов қазақ әдебиетіне өзінің ерекше қалам қуатын, тың қадамын таныта келген жаңашыл қаламгер еді. Ол алғашқы туындыларымен-ақ оқырман қауымның ыстық ықыласына бөленді. Әдебиет сыншылары Тобық талантын жоғары бағалады.

    Отыз тоғыз жыл ғұмыр кешкен оның шығармалары күні бүгінге дейін жұртшылық назарында. Бұл кітапта жазушының адами, қаламгерлік келбеттері оның замандастары көзімен бейнеленіп, артында қалған мұрасының бағасы беріледі. 
    


Сәлем саған, Ер Тобық! Жазушы Тобық Жармағамбетов туралы естеліктер/ Құраст. Нұрмұханбет Дияров.-Ақтөбе.1994.-91 бет.

Жазушы Тобық Жармағамбетов туралы жазылған естеліктер жинағы.


Өмір іздері. - Алматы: Қайнар, 1991. -576 бет. ( Құрастырушы Қ. Батпенов).

      Қазақ ауылының кешегі бейнесі қазақ ақын-жазушыларының шығармаларына арқау болып, өткендегі тыныс - тіршілігі, болашаққа деген сенімі, әдет-ғұрпы, адамдар татулығы жайында жан-жақты суреттелгені анық. Үш бөлімнен тұратын бұл кітапта өткен ғасырларда сондай - ақ үстіміздегі ғасырдың бас кезінде өмір сүрген жыраулыардың, қазақ- совет әдебиетінің ірге тасын қалаған қаламгерлердің ауыл тіршілігі туралы шығармалары топтастырылған.


Комментариев нет:

Отправить комментарий